Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет48/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
104
оқыту жүйесін қамтиды. Қамтудың көлеміне қарай жалпы және жеке бо-
лып бөлінеді. Жеке дидактика сабақ беру әдістемесі болып табылады. 
Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытатын болғандықтан, 
ол әр сабақтың әдістемесін, яғни дидактикасын меңгеруі, төменгі сы-
нып оқушыларының білімді меңгеру үдерісін және іс-әрекет амалдарын 
тиімді басқару мақсатында студенттердің дидактикалық құзыреттілігін 
қалыптастыру қажет [113].
Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім 
оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, 
оған дайын болу керек. Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық 
даяр лықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық 
даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша 
игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері 
жатады. 
Дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілерге студенттердің оқы-
тудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді 
әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін тү сіндіре 
келіп, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында оқыту 
үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі 
түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық 
қабілеттерді жатқызуға болады.
Қазіргі кезде дидактика – білім беру мен оқыту мәселесін зерттейтін 
ғылыми білімнің маңызды саласы. Дидактика – теориялық және нор ма-
тивті қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми-теориялық қыз ме ті не 
оқытудың шынайы үрдістерін зерттеу, оқытудың түрлі жақтары ара сын-
да ғы фактілер мен заңдылықтарды айыру, оның мәнін ашу, даму тенден-
циялары мен болашағын анықтау жатады. Алынған теориялық білім оқыту 
тәжірибесін қоғам білім беру жүйесінің алдына қоятын мақсаттың өзгеруіне 
сай нығайтуға бағыттайды. Білім мазмұнын сұрыптай отыра, оқыту прин-
циптерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолдану нормативтерін көрсетіп, 
дидактика нормативтік-қолданбалы, құрылымдық техникалық кызметті 
атқарады.
Педагогиканың даму барысында дидактика өзінің жеке зерттеу нысаны 
бар дербес педагогикалық ғылыми пән мәртебесіне ие болды. Теория мен 
тәжірибенің бірлігі туралы таным теориясы – дидактика пәнін түсінудің 
маңызды екенін айқындайды. Дидактика практикаға, практикалық қыз мет-
ке бағытталған. Сондықтан дидактиканың басты қызметі оқыту практика-
сын ғылыми түрде негіздеу болып табылады. Пәнді анықтауда жетекшілік 
ететін екінші жалпы әдіснамалық
ережеге адам танымының белсенділігі 
туралы тезис жатады. Сөйтіп, өзінің даму барысында дайындалған ғылыми 
дидактиканың методологиялық негізі объективті әлемді тану және қайта 


105
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
өзгерту теориясы мен әдісі сияқты материалистік дидактика болып табыла-
ды. Дидактика әдіснамасы мәселесі туралы көптеген педагогтардың еңбекте-
рі бар. Ол еңбектерде оқыту теориясының методологиялық теориясы таным 
теориясы екені нақтыланған. Дидактика мектептегі тәжірибе жұмысымен 
тығыз байланыста дами отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Педагогикалық 
үдерістің практикалық тәжірибесін және зерттеу қорытындыларын жи-
нақтай отыра, кеңестік педагогика жаңа дидактикалық теорияны жасады. 
Дидактикалық ой білім философиясының жалпы бағытына да, алдыңғы 
қатарлы елдердің мектеп жүйесіндегі реформаларының сипатына да шы-
найы әсер етеді. Қазіргі кездегі мектептің дамуы ғылыми түрде көңіл 
бөліп, объективті баға беруді талап ететін батыстық дидактикалық ойдан 
ажырай қоймаған. Онда бұрынғыдай теориялық-әдіснамалық плюрализм 
байқалады, қандай да бір идеяларды қолдайтын не жоққа шығаратын, бір-
бірін өзара толықтырып тұратын түрлі бағыттармен қарама-қарсы келеді. 
Оқытудың стратегиялық мәселелері әрқашан болған және ашық түрде 
қалады, өйткені жаңалыққа тән нәрсе ашық болу, әлеуметтік жағынан пай-
далы нәрсеге мектептің өзі екені белгілі.
Зерттеушілердің пайымдауынша, оқыту теориясында таным бағытын 
«...тірі бақылаудан абстрактілі ойлауға және одан практикаға» деген бел-
гілі формуламен анықтайды. Алайда оқу үдерісінің өзінің арнайы мін-
дет тері мен арнайы ұйымдасқан сипаты жағынан философиялық тұрғыда 
қа растырылатын таным үдерісінен, жалпыдан айырмашылығы болады. 
Соңғы кезде шығып жатқан еңбектерде абстрактілі ойлау мен практика 
арасында «жобалау» құрауышын енгізуді ұсынады. Сонымен қатар мек-
тептердегі оқу үдерісі жүйесін, оны басқару, реттеу және бақылау ком по-
ненттерінің ұғымын жасау үшін оқыту теориясының ұстанымдары, заң-
дары, ережелері мен тұжырымдамаларын қарастырады. Біздің ойымыз-
ша, зерттеушілер дидактика заңдылықтарын ғылыми түрде толықтырып, 
да мытқан және оқыту теориясына бірқатар ғылыми ұстанымдары мен 
әдістері, ақпарат теориясының заңдылықтары, жүйе теориясы, зерттеу опе-
рациялары мен шешім қабылдау теориясы, қосымша принциптер, сәйкестік 
және қарапайымдылық ұстанымдары жатады.
В.И. Загвязинский оқыту мен тәрбиелеудің қозғаушы күштерінің әдіс-
намалық тұжырымдамасын, оқыту ұстанымдарының бірлігін, үйлесім ді-
лігін немесе оқыту үдерісінің даму тенденцияларын сипаттауды ұсынады. 
Қарама-қайшылық қызметін зерттеу оқу үдерісінің нақты және тұрақты 
қозғалыс күштерін көрсететін оқытудың мақсаты мен мәнінен шығатын 
қарама-қайшылықты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Педагогикадағы өзекті және күрделі мәселенің бірі дидактиканың бас-
қа пәндермен байланысы болып табылады. Басқа ғылымдардың оқытудың 
мазмұны мен әдістеріне қатысты нәтижелері дидактикалық зерттеулер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет