Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
120
5. Кей жағдайда магистрант өзіне зерттеу бағытын таңдайды, бірақ 
кімді ғылыми жетекші ретінде таңдауды білмейді. Ондай жағдайда кафедра 
меңгерушісіне кімді ұсынатынына өтініш білдіреді.
6. Магистрант ешқандай тақырып таңдау туралы ойын білдірмейтін 
жағдайлар кездеседі. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісі факультет де-
канымен бірлесіп, магистрантпен әңгімелесіп, тақырыбын және ғылыми 
жетекшіні таңдауға бағыт береді немесе бекітеді.
Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді 
және онда соңғы нәтижелер мен зерттеу нысаны көрініс табады. Зерттеу 
тақырыбы айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, ықшамдылығы, құ ры-
лымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және маз-
мұндық тұтастығы), мәнерлілігіне сай талаптар негізінде құрастырылады. 
Зерттеу тақырыбының (бөлімдері, параграфтары) мазмұнына және алынған 
тақырыпқа сай келмеуі ғылыми қателік болып есептелінеді. Тақырып өз си-
паттамасында зерттеуші ізденісінің соңғы нәтижесін көрсетіп тұруы керек.
Сонымен, белгілі тақырып бойынша зерттеудің өзектілігі ретінде зерт-
теудің бөлімін жазудың әдістерін аша түсу қажет. Педагогикалық зерт-
теудің ғылыми аппаратына кіріспе бөлім ретінде енетін оның тақы ры-
бының көкейкестілігінің негіздемесі 2-3 бет көлеміндегі мәтіннен тұ ра ды. 
Негіздеме мазмұнының анық құрылымы бар. Негіздеменің құры лы мын-
дағы кілтті түсініктерді ойлана отырып талдағанда, негіздемеде зерт теу та-
қырыбына қатысты әлемнің және Қазақстанның білім беру жүйе сінің жал-
пы сипаттамасын, зерттеу мәселесінің зерделену дәрежесін, практи ка дағы 
осы мәселелерді шешу деңгейлерін, мәселенің негізіндегі қарама-қай шы-
лық тарды, сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзін нақты көруге болады.
Зерттеудің логикасы педагогикалық зерттеу тақырыбының көкей кес-
тілігін негіздеуден басталады. Зерттеу тақырыбының негізін ашатын ұғым-
дар шеңберіне «көкейкестілік», «зерттеудің өзектілігі», «зерттеу өзектілігін 
ба ғалау критерийі», «көкейкестілікті анықтау әдістері» және т.б. кіреді. «Кө-
кей кесті» сөзі: 1) осы уақыт үшін өте маңызды, сұранысқа ие; 2) шындыққа 
сай көрінетін қазіргі бар ақиқат.
Зерттеудің көкейкестілігі ғылыми идеялар мен практикалық ұсы ныс-
тар ға (қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі 
ғылым мен практика дәрежесінің арасындағы айырмашылықты сипаттай-
тын ғылыми зерттеудің сапасын бағалау критерийі ретінде де шығады. 
Көкейкестілік күрделі жүйеде дәлелдеуді қажет етпейді. Зерттеу тақырыбы 
уақыты жетіп, дәл сол кезде пісіп жетілген проблеманы шешуге мүмкіндік 
беретін жаңа ғылыми білімді көрсетуі тиіс. Тақырып, көкейкестілік, мәселе 
өзара тығыз байланысты. 
Зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы педагогикалық зерттеу та-
қы рыбының көкейкестілігін негіздеуден басталады. ХХ ғасырдың 70-жыл-


121
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
дары КСРО Педагогика ғылымдары академиясында ғылым мен прак ти-
каның өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді ұйымдастыру мақ са тын да 
Үйлестіру кеңесі құрылып жұмыс істеді.
Зерттеудің көкейкестілігін ғылыми қауымдастық бұрын зерделенбе-
ген («ақ таңдақтар») тақырып бойынша орындалғанда ғана мойындайды. 
70-90 жылдары зерттеу тақырыбының өзектілігінің басты белгісі оның 
ізденуші қызмет ететін ұйымның ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына 
немесе ғылыми-зерттеу жұмысының мемлекеттік жоспарына енгізілуі еді. 
2003–2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясын-
да педагогика саласындағы зерттеулер тақырыбына елеулі өзгерістер жа-
саумен Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы айналысты. Бірақ әртүрлі 
ғылыми бағыттардың аясындағы, сондай-ақ кейбір ғылыми жетекшілердің 
тақырыптағы өзгеріспен келіспеушілігінен білім беру жүйесін жаңартудың 
көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми мектептер құру идеясын әрі 
қарай іске асыру мүмкін болмай, ақырында Ғылыми-әдістемелік үйлестіру 
орталығы таратылды. Өкінішке орай, тақырыптардың қайталануы, кішігірім 
тақырыптардың орын алуы, бір ғалымның әртүрлі тақырыптарға жетекшілік 
етуі қажетті мәселелерді терең ойластыруға кері әсерін тигізіп келеді. 
Сондықтан да қазіргі уақытта тақырыптың ғылыми-зерттеу жұмысының 
жоспарына тән болу белгісі өзінің өзектілігін жойды деуге болады. Мыса-
лы, 2006 жылы мамыр айында Міржақып Дулатовтың педагогикалық идея-
ларын жүйелеуге арналған екі диссертация қорғалды (Алматы, Шымкент). 
Бұл жұмыстардың деңгейлері жоғары болды. Әрине, біз бір тақырыптың 
өзін әртүрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан зерттеуге болатынын жоққа 
шығармаймыз. Дегенмен екеуінің дерекнама базасы ортақ болғандықтан, 
ізденушілердің ұқсас қорытындыларға келуі ықтимал.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы көптеген жобалар мен есептерді, 
диссертацияларды және авторефераттарды талдау нәтижесінде ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің негіздемелерінің құрылымын және олардың 
өзектілігін бағалауға қойылатын талаптарды бөліп қарастыруға мүмкіндік 
туады.
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі –
ғылыми зерт-
теу лердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылымның және 
практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға 
деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді. Көкейкестілік 
өлшемі оқытудың және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын әрі қарай 
дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытын нұсқайды
қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы 
қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзек ті-
лі гін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғы-
лым тануда бағыт – даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп – ор-


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
122
тақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен 
жұ мыстар тобы. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың құ-
ры лым дық бірліктеріне кешенді мәселелері: тақырыптар және ғылыми 
сұ рақтар жатады. Кешенді мәселе – бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы; 
мә селе – қоғамда шешімін табу қажеттілігі бар сәйкессіздіктен туындаған, 
күр делі теориялық және практикалық міндеттер жиынтығы.
Негізінен, алдымен сәйкессіздік, содан соң мәселе анықталады, ал мә-
селеге жауап ретінде тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мә-
селені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу 
та қырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (10-кестені 
қа раңыз).
10-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет