Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет58/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-сурет.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбегі
Көкейкесті зерттеулер білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің 
экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойы ла-
тын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалымдар та қы рып-


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
124
тың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады, тақырыптың ғы лы-
ми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. 
Тақырыпты зерделеу практиканың салмақты маңызды талабына жауап 
береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы кемшіліктердің орнын толтырады. 
Дегенмен көкейкесті тақырыпқа зерттеу жұмысын орындау ең анық, сенімді 
жаңа ғылыми нәтиже алынғанының кепілі емес. Көкейкесті тақырыптар са-
натына енетін тақырыпқа барынша жетілдірілген әдістеме ұсыну, арнайы 
эксперимент жасау арқылы жаңа, көптеген ақпараттар тобы қолданылған 
зерттеу жүргізу барысында нәтиже алуға болады. В.В. Краевский зерт-
теу тақырыбын негіздеудің мынадай өзіндік логикалық тізбегін ұсынады: 
бағыттың көкейкестілігін негіздеу – зерттеу тақырыбының практикалық 
көкейкестілігін негіздеу – тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу. 
Сөйтіп, зерттеудің көкейкестілігі бұл:
– зерттеудің нысанын анықтау объективтік дүниенің жүйесі ретінде;
– зерттеудің пәнін анықтау;
– мәселені, сәйкессіздігін, қарама-қайшылығын айқындау;
– зерттеу тақырыбын нақтылау;
– зерттеудің көкейкестілігін негіздеу.
Тақырып таңдаудың басты кезеңі тақырыпты құжат ретінде негіздеу 
түрінде көрініс табады. Зерттеу тақырыбын негіздеуді болжалынған зерт-
теу дің көкейкестілігін ғылыми дәлелдеу құрайды және төмендегідей ай-
рық ша жалпы логикалық-мазмұнды алгоритмнен тұрады: мәселенің мәні – 
әлеуметтік мүдде – практикалық қажеттілік – ғылыми сұраныс – мәселенің 
ке ңінен ашылуы – зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы. 
Ғылыми немесе диссертация тақырыбын дұрыс таңдау үшін: 
– зерттелгелі отырған мәселе бағытында ғылыми әдебиеттермен және 
осы мәселе туралы практикалық мәліметтермен танысу;
– осы мәселе туралы қорғалған диссертацияларды қарау, олардың 
республикалық, мекемелік, шетел кітапханаларында сақталған авторефе-
раттарымен танысу, оларды зерделеу;
– ұқсас, іргелес ғылымдардағы жаңа зерттеулер нәтижелерімен
танысу;
– зерттеудің қазіргі бар әдіс-тәсілдері мен амалдарын зерделеу және 
қолдану мүмкіндігін бағалау;
– жинақталған материалдарды жинақтау және талдау;
– тақырыптың аталуы, жұмыстың мақсаттары, көкейкестілігі және 
болжамды нәтижелер туралы ғылыми жетекшіден немесе осы саладағы ма-
мандардан кеңестер алу;
– келесі ережелерді басшылыққа алу: ҒЗИ (жоғары оқу орнының) ғы-
лыми тақырыбына сәйкестілігі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жа-
ңаш ылдығы; оны орындаудың тиімділігі мен маңыздылығы; берілген мер-


125
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
зімде тақырыптың жүзеге асырылу мүмкіндігі; зерттеу нәтижелерін қоры-
ты ндылау және жүзеге асыру; зерттеудің міндетін шешуге қажетті қолда 
бар жағдайлар мен құралдар; жаңа нәрсе жасауға қажетті сәйкес әдістеме 
немесе мүмкіндік; зерттеу тақырыбының болашағы;
– мәселенің деңгейін анықтау (жоғары және төменгі рангтерге сәйкес 
ғылыми проблемалар арасындағы орны) және бұл проблеманың бұрын 
зерттелмегеніне және жаңа болатынына көз жеткізу; 
– ғылыми тақырыптың көкейкестілігін анықтау негізінде педагогика 
ғылымының дамуына сұраныс пен практикаға мұқият жүйелі талдау жүргізу.
Бұл жағдайда біз В.М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын 
ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынадай анықтама бе-
реді: «Зерттеудің көкейкестілігі» – ғылыми идеялар мен практикалық ұсы-
ныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қа- 
з іргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары ара-
сындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын ба-
ғалау өлшемі [113].
Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкей кес-
тілігін бағалау өлшемі» түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін ба-
ғалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе 
алынған белгілер тізімі.
Сондай-ақ М.Т. Громкованың дәлелденуінше, зерттеудің көкей кес ті лі-
гінің мазмұнына төмендегілер енеді:
1) зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау;
2) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету: қайшылық, мәселе, қақтығыс, 
дау-дамай, апат;
3) мәселелердің ішкі көздерін анықтау (қандай ұғымдар арасында 
мәнді сәйкессіздіктер бар?):
– зерттелетін жүйенің табиғи ахуалы жағдайындағы қажеттіліктер, 
нормалар арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің рефлексивтік (білімдік) ахуалы жағдайында мақсат, мазмұн, 
әдістер арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің әрекеттік жағдайында әрекеттің өлшемдері, тәсілдері, өзін-
өзі анықтауы арасында (әрекеттегі қиындықтар);
4) сыртқы сәйкессіздіктерді табу және олардың зерттелетін жүйеге 
әсері;
5) зерттелетін жүйе мәселелерінің жоғары деңгейлеріндегі жүйелерге 
әсерін зерделеу («тіке байланыстар»);
6) зерттелетін жүйе мәселелерінің түрлі деңгейлеріндегі жүйелерге 
әсерін зерделеу («көлденең» байланыстар);
7) зерттелетін мәселені шешуде интеграциялық тұғырларды пайдала-
ну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет