Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет66/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

бесінші міндет
білім беру 
қыз меткерлерінің әртүрлі санаттары үшін зерттелетін нысанның дамуын 
бол жау немесе практикалық кепілдемелерді жетілдіру [66].
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің тео-
риялық және практикалық жағын талдау негізіндегі шешімін алдын ала бол-
жау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. 
Зерттеу болжамы егер ..., онда ..., өйткені ... деген ұғымдармен байланы-
сып құрылады. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен 
тығыз байланыста болуы қажет. Мысалы:
егер
кіші мектеп жасындағы 
ба лалардың зерттеу іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың тео-
рия лық-әдіснамалық негіздері айқындалып және бастауыш мектептегі 
педагогикалық үдерісте жүзеге асыруға байланысты анықталған тұ жы-
рым дама мен үлгінің негізінде жасалған әдістемемен қамтамасыз етілсе, 
онда 
балалардың зерттеу іс-әрекетіндегі тәжірибесі анағұрлым арта түседі, 
өйткені
баланың зерттеу іс-әрекетіндегі жинақталған тәжірибесі оның 
пәндік білімдік құзыреті, құзыреттілік жиынтығының қалыптасуына сеп-
тігін тигізеді. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жалпы іс-әрекет пен оқу іс-әрекетінің 
бір түріне жатқызған психологтар қатарына В.В. Давыдов, Б.Д. Габай,
А.К. Маркова, А.Н. Леонтьев, Б. Эльконин, Г.И. Щукина жатады. Оқу шы-


141
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
лардың танымдық белсенділіктерін арттырудың бір жолы деп көрсеткен 
психолог-зерттеушілер ретінде Д.Б. Годовкина, А.Н. Поддьяков, С.П. Ива-
новаларды атап айтуға болады. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан қарастырып 
отырғандықтан, зерттеуші алдымен педагог-ғалымдардың аталмыш мәсе-
леге қатысты көзқарастарына тоқталады. Олай болса, жалпы оқытудың, 
яғни өскелең ұрпақ бойына адамзат жинақтаған тәжірибелер мен білімдерді 
берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің қатарына жатқызып, оқушылардың өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыруда зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың жол-
дарын іздестіріп, аталмыш іс-әрекеттің нәтижесі оқушылардың білімінің, 
икемдік-дағдыларының қалыптасуымен байланысты екенін көрсеткен пе-
дагогтардың бірі – П.И. Пидкасистый. Ол өз еңбегінде оқушылардың өзіндік 
жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін арттыруға бағытталып, 
ғылыми таным әдістері арқылы ұйымдастырылуы керек дейді және ол 
жұмыстардың түрлерін төмендегідей ажыратады:
– мұғалімнің жетекшілігімен оқулықтағы берілген мәтінді оқып, 
түсіне отырып, оқулықта көрсетілген әдістер арқылы бақылау және 
тәжірибе жасау, осының нәтижесінде жаңа білімдер жинақтау;
– мұғалімнің алдын ала беретін бағытынсыз оқушылардың өз бетімен 
жинақтайтын білімдері: 
1) оқу арқылы – шағын мақалалар мен басылымда жарияланған мә лі-
меттерді жинақтау арқылы білімін толықтыру;
2) бақылау арқылы – тиісті тақырыпқа байланысты заттар мен 
құбылыстарға бақылау жасап, қорытынды жазу; 
3) тәжірибе арқылы – өте қарапайым және күрделі құрылғыларды 
қажет ететін тәжірибелерді жүргізу.
Бұл көрсетілген білімді жинақтау тәсілдері автордың ойынша, оқу шы-
ларға ғылыми білімді, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне үлкен қадам жа-
сауға алғышарт бола алады, алғашында бұл таным нысаны ретінде көрінсе, 
оқушы бұл білімді толық меңгергенде оқушының танымдық іс-әрекетінің 
құралы ретінде қалыптасады деген ой айтады.
Оқушылардың осындай өздік жұмыстарының түрлерін ажыра-
тып, өзін дік ғылыми-шығармашылық жұмыстарына ерекше мән берген
М.И. Мах мутов бұл жұмыстардың жасалу жолдарына тоқталып, оның 
мазмұны мен жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Аталмыш жұмыстардың 
мазмұнына кіретін мәселелер: жергілікті жердің табиғаты, тұрғындары, ша-
руа шылығы, сол жерде мекендейтін аңдардың түрлері, олардың тіршілік 
тынысы. Ал жүзеге асырылу жолдары: оқушының эксперименті, экскур-
сия және фактілер жинақтау, мұрағаттарды зерттеу, жергілікті жердің тұр-
ғын дарымен әңгімелесу, баяндамалар дайындау, әдебиеттерден ақпарат 
алу, құрастыру және модельдеу. Сондай-ақ ол оқушылардың зерттеу іс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет