Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет63/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеу нысаны мен пәні ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2. Мына қорғалған диссертациялардың ғылыми аппаратының нысаны мен пәнін 
көшіріп жазыңыздар және оларды келесі зерттеулерде ұсынылған нысан мен 
пәннің тұжырымдалуымен салыстырыңыздар: 
3. «Теоретические основы формирования синергетической культуры учащейся моло-
дежи» (Б.А. Мукушев);
4. «Формирование активной научной позиции будущих педагогов» (О.Б. Боталова).
5. Келесі зерттеулердің нысаны мен пәнінің сипаттамасын оқып-үйреніңіздер:
6. «Аспиранттардың оқу және зерттеу әрекетін интеграциялаудың ғылыми-пе да го ги-
калық кадрлардың дайындығының тиімділігіне ықпалы» (Т.Н. Бидайбекова);
7. «Формирование квалиметрической компетентности руководителя общеобразова-
тельного учреждения в системе повышения квалификации» (Н.Б. Фомина);
8. «Информационное обеспечение прогностических исследований в системе непре-
рывного образования» (С.И. Портнова).
9. Өз зерттеуіңіздің нысаны мен пәнінің анықталуының дұрыстығын келесі матрица 
бойынша тексеріңіз:
– зерттеу нысанының зерттеу тақырыбына сәйкестігі;
– зерттеу тақырыбында мәселенің болуы;
– зерттеу нысаны мен пәнінің нақтылығы және өзара байланыстылығы;
– өз зерттеуіңіздің нысаны мен пәнін құрастырудағы қиындықтарыңызды сипат-
таңыз.
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, 
болжамы мен міндеттері
Педагогикалық зерттеудің мақсаты
. Зерттеудің мақсаты зерттеу үде-
рі сінде оқу-танымдық іс-әрекетінің нақты түрлерін қалыптастыруды және 
олардың сапалы сипаттамасын көрсетуді қарастырады. 
Нақты мақсат және ол анықтайтын нақты нәтиже жүйенің қызмет етуі 
мен қалыптасуына әсер ететін реттеушілер болып табылады. Мақсат пен 
нәтиже, жүйенің факторлары ретінде, оның құрылуы мен қызмет етуінің 


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
136
барлық кезеңдеріне әсер етеді. «Мақсат» ұғымы «міндет» ұғымымен тығыз 
байланысты әрі міндет мақсаттың қандай да бір бөлігі болып табылады. 
ХVI-XVII ғасырларда танымның бір түрі ретінде пайда болған ғылым 
қазіргі уақытта қоғамның әр саласына еніп, өз жетістіктерін пайдалана 
отырып, одан әрі қанат жаюда. Осыған орай ғылым адам өміріне толасcыз 
өзгерістер мен мол жаңалықтар алып келді, оған қоса философияда «Ғылым 
және ғылым әдіснамасы» атты жеке сала пайда болып, ғылым зерттеу ны-
санына айналды. Аталған ғылым саласы ғылымның пайда болуын, дамуын, 
зерттеу әдістерін, ғылыми жетістіктерді, адамзат өміріне қосатын үлесін 
және адамзат үшін атқаратын қызмет түрлерін зерттейді. Адам өміріндегі 
атқаратын қызметтерді анықтай келе, ғылымның ең басты қызметі ретінде 
оның білім берудегі рөлін маңызды қызметтер қатарына жатқызып отыр. 
Бұл қызметтің мәні: ғылымда жинақталған білімді жас ұрпақтың бойына 
беріп қана қоймай, сол білімнің негізінде олардың болашағын қамтамасыз 
етуді қадағалауда. 
Ғылымның осы аталған қызметін жүзеге асыру философия ғылымының 
бір саласы ретінде қалыптасып, зерттеу нысанын жеке тұлғаның оқу, тәрбие, 
даму мәселелері деп анықтау педагогика ғылымының еншісінде еді. Ерте 
заманнан бергі ойшылдар: Платон, Аристотель, Сократ, Демокрит, Квин-
тилиан және шығыс ойшылдары әл-Фараби, Баласағұнның педагогикалық 
көзқарастары да осы мақсатты жүзеге асыруды көздеп, жас ұрпақты оқыту, 
тәрбиелеу, дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қарастырды. Квинти-
лиан оқытуды теориялық тұрғыдан айтып, практикалық тұрғыда жаттығулар 
арқылы оқыту керек деп санады. 
Педагогика ғылымының негізін салушы ретінде танылған Я.А. Комен-
ский оқытудың дидактикалық ұстанымдарын көрсете отырып: «Мектептер-
де оқушыларға қазіргі уақытта және болашақта қажет білімдерді үйрету 
керек, сонымен қатар білімді үйрету барысында айтып қана қоймай, оны іс 
жүзінде көрсетудің маңызы зор», – дейді. 
Зерттеудің тақырыбынан оның мақсатына қойылатын талаптар туын-
дайды.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байла-
ныстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. 
Таңдалған зерттеу нысаны мен пәніндегі қарастырылып отырған мәселенің 
өзектілігін пайдалана отырып, оның мақсатын анықтауға болады. Зерттеу 
мақсаты әртүрлі әрекеттердің белгілі бір тетігі «мақсат – құрал – нәтиже» 
болып табылады. Мақсат – сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, оған міндетті 
түрде қол жеткізеді. Ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасы-
мен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. 
Болжам – бұл шынайылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі 
бар болжамдар жиынтығы. Болжам (грек сөзі – негіз, негіздеу) – фактілер 


137
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
тобына, фактілерге алдын ала түсінік беру немесе әртүрлі эмпирикалық 
білімдерді біртұтас байланыстыру. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. 
Оның шынайылығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның 
шынайылығы немесе шынайы емес екендігін анықтау – таным үдерісінің 
міндеті.
Зерттеудің болжамы – нәтиженің алыну жолын көрсететін ғылыми 
құрылған жоба. Ол танымдық іс-әрекетті қабылдауды, ғылыми негіздемесі 
бар, дәлелденген жобаның, қайсыбір құбылыстардың себептерін дұрыс, 
дәлелсіз түсіндіруді білдіреді. Ғылыми болжам зерделенген аумақтағы 
фактілердің шегінен тыс шыға отырып, оларды түсіндіріп қана қоймай, со-
нымен қатар жобалау қызметін атқарады. Болжам – бұл ішкі қисынға тәуелді 
ететін және зерттеудің тұтас үдерісін ұйымдастыратын басты әдіснамалық 
құрал.
Ізденушілердің зерттеу әрекеттерінің практикасында болжамның үш 
құрылымдық тұрпаты орын алады. Сол себепті де ғалымдар болжамды 
мына жүйе бойынша жасаған жөн деп санайды: «Егер ..., онда ..., өйткені 
...». Бұл тізбек болжамның түсіндірілетін, сипатталатын, жобаланатын 
қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің болжамы: педа-
гогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын 
талдау негізінде пайымдалатын шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші бол-
жамында жаңаны алдын ала көре алатындай қасиет болуы керек. Зерттеу 
болжамы егер ..., онда ..., өйткені ... деген сөздермен байланысып құрылады. 
Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың құраушылары бір-бірімен тығыз байла- 
ныста болуы қажет. Зерттеудің ғылыми аппараты дұрыс құрылмаған жағ-
дайда нақты ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Зерттеудің жетекші идеясы мәселенің дұрыс қойылғандығын көрсетеді. 
Қойылған мәселені шешу үшін бірнеше жыл зерттеу жүргізу қажет пе? де-
ген сұрақ тууы заңдылық. Мәселені шешу оның идеясымен анықталады. 
Жетекші идея – зерттеудің ең басты мәселесі. Кейде жетекші идея тек бір 
қырынан ғана зерттелініп, оған қайшы құбылыстар мен үдерістер ес ке-
рілмей қалады. Сондықтан жетекші идеяны қойылған мақсатқа байланыс- 
ты жан-жақты талдау қажет. Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – 
зерттеудің басты үйлестірілімі, оның «даралығын» сипаттайды. Ғылымның 
дамуына ықпал ететін іргелі зерттеулер мен маңызды идеялар. Идеялар 
ғылымның алтын қоры десек те болады.
Педагогикалық зерттеуде шынайылыққа жету үшін болатын нәрсені 
ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжана-
ды. Болжам – ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. 
Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және мәселенің мәнін түсіну ба-
рысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы уақытша бар фактіні жүйеге 
келтіру үшін қолданылады. Ал ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет