2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
140
Зерттеу міндеттері
: зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау,
нақ тылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
В.И. Заг вязинскийдің пікірінше, психологиялық-педагогикалық зерттеудегі
міндеттердің үш тобын атап өткен жөн. Ең жиі кездесетін бірінші то бы
–
тарихи-диагностикалық
деп аталады. Бұл тарих пен қазіргі заман мә-
се лелерін зерттеумен, сондай-ақ зерттеудің жалпы ғылыми және пси хо-
ло гиялық-педагогикалық дәлелдемелерін, түсініктерін анықтаумен және
нақ тылаумен байланысты; екіншісі –
теориялық-модельдік
міндеттер тобы,
бұл құрылымдық, оның қызметтері мен түрлендіру әдістерін анықтау, ашу-
мен байланысты, үшіншісі –
тәжірибелік-түрлендіруші
міндеттер то бы,
бұл педагогикалық үдерістің, оның болжамдық түрленуін тиімді ұйым-
дастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау мен қолдану, сондай-ақ тәжі-
ри белік ұсыныстарды даярлаумен байланысты [84].
Зерттеу міндеттерін анықтайтын әртүрлі тәсілдер бар. В.П. Давыдовтың
ойынша,
бірінші міндет
зерттелетін нысанның мәнін, табиғатын, құры-
лы мын анықтаумен, нақтылаумен, әдіснамалық деректемемен және т.с.с.
бай ланысты;
екінші міндет
зерттеу пәнінің нақты жағдайын талдаумен,
оның даму динамикасымен және ішкі қайшылықтармен байланысты;
үшін-
ші міндет
тәжірибелі тексерістің қайта жаңару әдістерімен байланыс ты;
төртінші міндет
зерттелетін құбылыстың, үдерістің тиімділігін, мүл тік-
сіздігін қамтамасыз етудің әдістері мен жолдарын анықтаумен, яғни жұ-
мыс тың қолданбалы қырларымен байланысты;
Достарыңызбен бөлісу: