Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет64/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
138
материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қо ры-
ту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады. Алғашқы жұ-
мыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы 
нәрсе. Бұлар – ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеру-
ге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүм-
кіндігінше қарапайым болуы. Болжам екі немесе үш бөліктен тұрады: 
бірінші – кейбір қағидаларды ұсыну, одан кейін оны логикалық және прак-
ти калық жағынан дәлелдеу.
Г.И. Рузавин «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы» атты кітабында бол-
жамды болжам таңдаудағы эвристикалық қағидаларды, ғылыми болжамға 
қойылатын талапты, оның қисынды құрылымын ғылыми таным ретінде 
ашып қарастырады. Ғылыми зерттеу үдерісінде (Н.К. Гончаров, М.А. Да-
нилов, В.И. Загвязинский, Э.И. Моносзон, Я. Скалкова және басқалар) 
болжамның құрылымына қолданатын әдістерінде, жалпы педагогиканың 
әдіснамасына арналған жұмыстарда ғылыми болжамның мәселелері 
қарастырылады (С.И.Архангельский, А.Д. Ботвинников, В.И. Журавлев,
В.В. Краевский, А.Т. Куракин, Б.Т. Лихачев, Л.И. Новикова). Жас іздену-
ші лерге көмек ретінде ғылыми пікірсайыстық мәнге ие болжам туралы 
мақалаларда (Г.Х. Валеев, А.Ф. Закирова, А.В. Клименюк, Ш.И. Ганелин, 
М.Н. Скаткин, Г.Т. Хайруллин және басқалар), сондай-ақ Г.В. Воробьев пен 
В.И. Загвязинский және басқалардың жұмыстарында болжамның нақ ты 
мәселелері талданған. Ғалымдар болжамның түрлері, ғылыми жұ мыс тар-
да ғы оның рөлі, басқа бөліктермен қатынасы, болжамды құрастыру, оларға 
қойылатын талаптар сияқты қағидаларды жасайды.
Дегенмен бұл мәселе толығымен зерттелмеген. Әйтсе де КСРО ПҒА 
жалпы педагогика ғылыми зерттеу институтында жасалған С.У. Нау ша-
баеваның «Болжам дидактикалық зерттеудегі ғылыми білімді дамыту тәсілі 
ретінде» атты кандидаттық диссертациясында дидактикалық зерттеуде 
болжамды жасауда белгілі бір нақтылықты енгізді. Ғалым өз зерттеуінде 
болжамды болжанған мәселенің экспериментте тексерілуін ғылыми бі лімді 
дамытудың тәсілі ретінде карастырды. С.У. Наушабаева болжамды экс-
пе рименттік және теориялық тексерудің жүзеге асуының ерекшеліктерін 
және осы үдерістің дидактикалық зерттеулердің ақиқаттылығы мен се-
німділігіне әсер етуін зерделеу мақсатында дидактика бойынша 150 дис-
сертацияны талдаған. Нәтижесінде дидактикадағы ғылыми болжамды қа-
нағаттандыру талаптары, болжамды тәжірибелік және теориялық тексеру 
әдістері, болжамның құрылымы анықталды. Педагогикалық зерттеуде бол-
жам бағыттаушы қызметті орындайды, мұның өзі жұмыстың нәтижесін 
және ғылыми ізденістің сипаттамасын анықтайды.
Дидактикалық зерттеулердегі болжамның ұтымды құрылуына осы 
жұ мыстың нәтижелері көбірек септігін тигізеді. В.И. Загвязинский бол-


139
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
жам ның құрылуының осы қисынын қолдай отырып, «түсіндірмелі бай ла-
ныстылық қолдануды ұсынады: осыдан шығатын тұжырымдамалық қа-
ғи далар – идея – ой болжам – тиімді нәтиже. Оның ойынша, болжамның 
жасалуының мұндай қисыны инновациялык ізденістер мен жаңашылдық 
тәжірибеде нақты бақыланады. Педагогикалық зерттеудің болжамы келесі 
әдіснамалык талаптарға сәйкес келу керек: қисынды қарапайымдылық 
және қайшылықсыздық, ықтималдылық, қолдану аясының кеңдігі, тұ жы-
рым дамалық, ғылыми жаңашылдық және верификация [85].
Бірінші талап – қисынды қарапайымдылық болжамның өзінде еш қан-
дай артықшылық болмау керектігін ұсынады. Оның қызметі – көп емес 
негіздеулерден шыға отырып құрылымнын көрсету, көп фактілерді мей-
лін ше аз сілтемемен түсіндіреді. Болжамның құрылуы алдында қандай да 
бір кіріспе жасау көбінесе артық болып есептеледі. Болжам көрсетілген 
мәселені зерделеу мен зерттеудің пәнін талдау нәтижесінде жасалады. 
Диссертациялық зерттеулерде болжамдардың құрылуы төмендегідей 
болады. Тақырыбы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет