Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет60/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
128
майды. Бұл айырмашылықты мұғалім міндетті түрде есіне сақтауы керек. 
Кейде оған жаңа тәсіл немесе бір жаңа нәрсені білімдік үдеріске енгізсе, 
ол өте мәнді болып көрінуі мүмкін. Бұл олай емес. Кез келген жаңалық ең 
жақсы балама емес. Бұл жаңалықтың ғылым мен практика үшін жағымды 
маңызын арнайы дәлелдеу қажет. Жүргізілген ғылыми жұмыстың практи-
ка үшін маңыздылығы туралы ойластыра отырып, зерттеуші мына сұраққа 
жауап береді: «Практикалық педагогикалық әрекеттің қандай нақты кем ші-
ліктерін зерттеуде алынған нәтижелер арқылы жөндеуге болады?».
Диссертация мәтінімен жұмыс істеу зерттеудің ғылыми аппаратын си-
паттайтын ізденістің негіздемесін дайындаудан басталады. Бұл аппарат 
қысқа, ғылыми негізделген көзқарасты білдіреді. Негіздеме болашақ зерт-
теу жұмысының траекториясын жасақтап, негізгі бағыттарын айқындауға, 
зерттеу жұмысының толық сұлбасын көруді қамтамасыз етуге және ав тор-
лық рефлексия жасауға көмектеседі. Жақсы жасалған негіздеме болашақта 
«Кіріспеге» айналып, ізденушінің жұмысына пікір берушілердің (оппонент-
тер, рецензенттер, сарапшылар) жағымды ой-пікірлерін және дайындық 
деңгейіне оң көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Негіздемеде зерттеушінің көзқарасы негізінен төмендегіше ретпен 
ашылады: 
– зерттеудің көкейкестілігі;
– ғылым мен практиканың талабы мен мәселенің қазіргі жағдайының 
арасындағы қарама-қайшылық;
– зерттеу мәселесі;
– тақырыптың аталуы;
– зерттеудің мақсаты;
– зерттеудің нысаны;
– зерттеу пәні;
– зерттеудің болжамы;
– зерттеу міндеттері;
– зерттеудің жетекші идеясы;
– зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері;
– зерттеу әдістері;
– зерттеу базасы;
– зерттеу кезеңдері;
– зерттеудің жаңалығы;
– зерттеудің теориялық маңыздылығы;
– зерттеудің практикалық маңыздылығы;
– зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі;
– қорғауға ұсынылатын қағидалар;
– зерттеу нәтижесін ресми мақұлдау және енгізу;
– диссертацияның құрылымы.


129
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
Негіздеме жазу зерттеушінің алғашқы үлкен интеллектуалдық жұ мы-
сының нәтижесі болып табылады. Бәрінен бұрын зерттеу аймағын таң-
дау негізделеді, яғни көптеген маңызды шешімдерді қажет ететін мә се-
лелері жинақталып қалған болмыстың аясы (біздің жағдайымызда – ди-
дак тикалық). Зерттеу нысанын таңдау көкейкестілік, шешілмеген мә се ле-
лердің болуы, ғылыми ізденістегі жаңалықтар мен келешек дамуы сияқ ты 
көр сеткіштер негізінде айқындалады. Субъективтік факторлардың қа ты-
сының да мәні аз емес: базалық білімінің болуы, өмірлік тәжірибесі, ғы-
лым ға икемділік, зерттеуге қызығушылық, оның практикалық жұмысына 
байланысты бағыттардың зерттеуге сұранып тұруы, белгілі бір тақырыпқа 
бағдарланған ғылыми ортада жұмыс істеуі және т.б.
Белгілі әдіснамашы В.В. Краевский зерттеу тақырыбының көкей кес ті-
лігін негіздеудің өзіндік логикалық тізбегін ұсынады (жоғарыда 1-суретте). 
Сөйтіп, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрылымы өзектендірудің 
мынадай қадамдарынан көрінеді: объективті дүниенің жүйесі ретінде зерт-
теу нысанының пайда болуы; зерттеу мәселесінің көрінуі; сәйкессіздіктің, 
қарама-қайшылықтың байқалуы; зерттеу тақырыбының нақтылануы; зерт-
теу көкейкестілігінің айқындалуы [114].
Қорытындыда айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар бір-бі-
рімен байланысты, бірін-бірі толықтырады және түзетеді. Мәселе зерттеу 
тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы тү-
рінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде 
алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің кө кей-
кестігін анықтау мен негіздеуге сүйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қа-
жетті саланы, ал пәні зерделеу қырын көрсетеді. Сонымен, тізілген си пат та-
малардың барлық элементтері біріне-бірі сәйкес, бірін-бірі толық ты ра тын 
жүйені құрайды. Жалпы танымдық ой ғылыми жұмыстың типіне ба ғы ныш-
ты емес. Студенттің дипломдық жұмысы және магистрлік диссертация, 
әрине, көлеміне, зерттеудің объектілік саласына, іргелілігіне, талдау терең-
ді гіне және т.б. байланысты ажыратылады да, бірақ барлық өлшемдер мен 
ғылымның сипаты және танымның жалпы қисыны бойынша ұқсас болады. 
Бұл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның сапасының жалпылама 
көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет