◘Сабақтың тақырыбы: Мүлікке салығы Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше.
Кесте 1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері
№
Көрсеткіштер
Қысқаша сипаттама
1
2
3
1
Төлеушілері
Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша;
2
Мүлік салығы төлеушілері қатарына жатпайтындар
- ҚР Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- салық салу Салық кодексінің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
- мемлекеттік мекемелер;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- діни бірлестіктер.
Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер
4
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.
5
Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ;
2. Жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісінің орташа жылдық құнына 0,5%; 3. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%; Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5%;
6
Салық төлеу мерзімі
Салық кезеңіндегі 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.