Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде
Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді
6
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары ауысқан (берілген) жағдайда
Мүлікке меншік құқықтарын жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады.
Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 16% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,6% (2,5x16%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық 1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x 0,6%) x 15 күн) құрайды.
Есептер №1
Жеке кәсіпкердің иелігінде бағалау құны – 1 200 мың теңге тұратын дүкені бар. Мүлік салығының сомасын анықтаңыз?
№2
Жекешелендірілген пәтер 1.600.000 теңгеге бағаланған және II топтағы мүгедектің атына рәсәмделген. Мүлік салығының сомасын есептеңіз?
№3
«Әділет» ЖШС 25 мамырда 60 мың теңге мөлшерінде мүлік салығын төледі. Мерзімі өткен салық төлеміне өсімақы есептеңіз?
№3
Көп балалы ананың иелігінде келесі жылжымайтын мүліктер бар:
1. Бағалау құны – 8 680 000 тг тұратын коттедж;
2. Бағалау құны – 4 560 000 тг тұратын үй жалға берілген;
Салық есепті жылдың 2 қарашасында төлеген болса, қанша мөлшерде салық есептелінді?