Байланысты: Мүлік салығы тақырыбына арналған есеп шығару
Жеке тұлғалардың мүлік салығы Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
1. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмүлік салығынан да белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:
- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.