123
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа
ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы мүмкін.
Демек, зерттеудің көкейкестілігін одан әрі ойластыру қажет. Дис сер-
тациялық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен
практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселе шешімінің қажеттілігі мен
дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идея-
лар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында
бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы
қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау
өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда
зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайым-
дау ларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өл-
шемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің
прак тикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және эко но-
микалық тиімділік. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен
айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі
әдіснамашы В.В. Краевский ұсынды (2-сурет). Оның тұжырымдауынша,
көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар
мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті,
ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін
маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал;
педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер
тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды [115].
Достарыңызбен бөлісу: