Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет55/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
118
4) Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көме-
гі мен тексеріңіз:
– тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; 
– әлеуметтік сұраныстың жасалуына тақырыптың бағыттылығы (ғы-
лым мен практика сұранысы);
– тақырыпты құрастырудағы мәселелер;
– зерттеу тақырыбындағы нысан мен пәннің ашықтығы;
– зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Зерттеушілік жұмыс негізгі үш блокты құрайды, оның әрқайсысының 
белгілі құрылымы бар:
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі
:
– объективтік дүние жүйесі ретінде зерттеудің нысанын анықтау;
– зерттеудің пәнін тұрақтату;
– мәселені, қайшылықты, келіспеушілікті құрылымдау;
– зерттеудің тақырыбын нақтылау;
– зерттеу көкейкестілігін негіздеу.
Зерттеу үдерісі
:
– зерттеу болжамы;
– зерттеу мақсаты;
– зерттеу міндеттері;
– зерттеу әдісі;
– мазмұн құрылымы.
Зерттеу нәтижесі
:
– зерттеудің ғылыми жаңалығы;
– зерттеудің практикалық маңыздылығы;
– зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап 
береміз? Келешекте айналысатынымыз қалай аталады? Тақырыпта бұрынғы 
білімнен жаңа білімге қарай қозғалыс көрініс табады, яғни, бір жағынан, 
тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, 
ал басқа жағынан, қандай жаңа танымдық және практикалық материалды 
меңгеру жоспарланған еді.
Сонымен, зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі қырларының анық, қысқа 
берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жа-
уап бере алатындай болуы керек. Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай 
объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, 
даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – нысанның 
бір қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байла-
нысы, қатынастардың жиынтығы.
Мәселені таңдау оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәр бие-
леу дегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жал-


119
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
пы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді 
ескеруге байланысты. Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де келе-
шекпен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Мәселені анықтау 
зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін мәселе нәтижелі болу үшін 
пе дагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелетін мәселе 
белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. Практика мен өмірдің қажеттілігін, 
бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын 
қою мәселені анықтауға көмектеседі. Мәселенің құндылығын практика 
анықтайды.
Мәселе – ғылым мен практикадағы сәйкессіздік туралы нақты білім, 
шешімін табуды керек ететін сұрақтарға жауап іздеу бағыты. Айқындалған 
ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан табады. 
Тақырыпты таңдау үдерісінің негізгі сатылары тақырыптың өзектілігін дә-
лелдеу барысында көрінеді. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін дә лел-
деу зерттеудің мынадай жалпы қисынды-мазмұндық алгоритммен қа рас-
тырылады: мәселенің маңыздылығы – әлеуметтік сұраныс – тәжіри бенің 
сұ ранысы – ғылымның сұранысы – мәселенің зерттеліп, дайындалуы – 
зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы.
Магистрлік диссертациялық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет 
етеді: зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақ-
саты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанын белгілеу, нысан туралы 
білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, 
зерт теу жоспарын құру, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жос пар ды 
жү зеге асыру, болжамды тексеру, зерттелінер нысанды түсіну үшін мә се-
ле нің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қол да ны-
луының мүмкіндіктерін анықтау.
Магистранттардың магистрлік диссертациялық жұмысы тақырыбын 
таңдаудың нұсқалары:
1. Магистрант оқытушының жетекшілігімен курстық жұмыс, ғылыми 
конференцияларға мақала дайындағанда, педагогикалық практикада кез- 
дескен проблемаларға байланысты бірлесіп таңдауына болады.
2. Магистрант зерттеу бағытын және осы мәселемен айналысып жүр ген 
ғылыми жетекшіні таңдайды және кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.
3. Оқытушы магистранттың зерттеуге қызығуын және мүмкіндігін ес-
кере отырып, магистрлік диссертациялық жұмысының тақырыбына проб-
ле маларды ұсынады және оның келісуімен тақырыбы және ғылыми жетек-
шісі кафедра мәжілісінде бекітіледі.
4. Кафедраның айналысып отырған зерттеу тақырыбы мен жобаларына 
байланысты магистранттардың магистрлік диссертациялық жұмыстарының 
тақырыбын шығаруға болады. Бірақ олардың ғылыми қызығушылығы мен 
мүмкіндіктері ескерілуі шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет