Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет68/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
144
тынын баса айтады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі «зерттеуге оқыту» деп 
оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің қазіргі уақыттағы 
өзектілігін көрсетеді. Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру мен 
оның маңыздылығын атай отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі 
кезеңдерін бөліп көрсетіп, оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы 
үшін келесі дағдылар қажет дейді. Олар:
– ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу;
– кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы;
– өзінің ойын нақты және түсінікті жеткізе білу дағдысы;
– мәселені көре білу;
– сұрақ қоя білу;
– қорытынды жасай білу;
– зерттеу тақырыбын таңдай алу.
Сондай-ақ оқушылардың жасаған жұмыстарын дұрыс рәсімдеу жолда-
ры мен ол жұмыстарды объективті бағалау критерийлерін ұсынған. Жалпы 
оқушылардың зерттеу іс-әрекетін дарынды оқушыларды ғылыми ізденіске 
баулудың әдістерінің бірі ретінде қарастырды.
Ресейлік зерттеуші А.И. Савенков балалардың психологиялық ерек-
ше ліктерін зерделей келе, «Оқушылардың зерттеу қабілетін дамыту» атты 
еңбегінде зерттеу жүргізудегі оқушының мінез-құлқы және зерттеушілік 
қабілеттің анықтамаларын, зерттеушілік қабілеттің моделін ұсына отырып, 
ізденушілік белсенділік, дивергентті ойлау, конвергентті ойлаудың өза ра 
тығыз байланыстылығына тоқталған әрқайсысының мазмұнын ашып көр-
сеткен. Сонымен бірге зерттеушілік қабілетті дамытудың теориялық не-
гіздері мен бағдарламаларын жасаған, бағдарламаның ұстанымдарын
әдіс темелік материалдар құрылымын, педагог-психологтардың оны пай-
да лана білу бағыт-бағдарын ұсынған. Аталған еңбектің құндылығы бас- 
тау ыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-әрекетінің әдістемесін жа са-
ған (мәселені таңдай білу, мақсат, міндеттерін нақтылау оны шешудің өзін-
дік ерекшеліктерін айқындау, болжам жасай білу, болжам қалай туын дай-
тындығын және оны құруға арналған нақты тапсырмалар). Аталған еңбекке 
қосымша ретінде зерттеушілік қабілетті дамытуға арналған оқушы дәптері 
ұсынылған. 
Зерттеу іс-әрекеті дегеніміз – оқушылардың мұғалімнің көмегімен 
өздерінің жеке қызығушылықтарына байланысты заттар мен құбылыстарды 
зерттеп білу барысында, нәтиже ретінде жаңа білімдер мен икемділіктер 
жи науы»деп салыстырмалы түрде түйін жасайды. Атап өткендей, В.В. Да- 
выдов өз еңбектерінде адам өмірінің әр кезеңінде атқаратын іс-әрекет 
түр леріне тоқтала келіп, бастауыш мектеп оқушыларының басты, негізгі, 
же текші іс-әрекетіне оқу іс-әрекеті екендігін дәлелдейді. Жеткіншектің
1–10 жас аралығындағы атқаратын іс-әрекеттерінің арасындағы жетекші іс-


145
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
әрекет түрлеріне тоқталады: 1–3 жас аралығындағы балалардың жетекші 
іс-әрекеті ретінде заттық-манипулятивтік іс-әрекет танылса, 3–7 жас ара лы-
ғындағы жеткіншектердің жетекші іс-әрекеті ойын іс-әрекеті болып табы-
лады, ал 7–10 жас аралығы, яғни бастауыш мектеп жасындағы балалардың 
жетекші іс-әрекетін оқу іс-әрекеті деп көрсетеді [65].
Сонымен қатар ол бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әреке ті нің 
ерекшеліктеріне жеке тоқталады да, мектепте оқу іс-әрекетін ұйым дас-
тыруда: 
– іс-әрекеттің қажеттіліктерін, түрткісін, мақсатын, құралын, опера-
цияларын анықтау;
– оқушылардың даму кезеңдерін ескеру (басында оқу іс-әрекет жетек-
ші іс-әрекет болып табылса, оқушы есейе келе іс-әрекеттің басқа түрлері 
басым келеді);
– оқу іс-әрекетінің құрамының бірінің орнын бірінің басуына назар 
аудару. Мысалы, оқу мақсаты түрткіге айналады;
– оқу іс-әрекетінің басқа іс-әрекеттермен байланысын анықтау қа жет-
тілігін ескеру керек дей келе, оқу іс-әрекетін оқу тапсырмаларын орындауға 
ба ғытталған жекелеген әрекеттерге бөліп қарастырады және оқу тапсыр-
малары арқылы оқушылар тиісті пәнге қатысты теориялық білім, білік, 
дағдылар жинақтайды деп есептейді.
Аталған ғалымдар өз зерттеулерінде іс-әрекетті және оның бір түрі 
ре тінде оқу іс-әрекетін қарастырып, жан-жақты талдау жасаған. Оқушы-
лар дың оқу іс-әрекетін зерттеген А.К. Маркованың ойынша, оқу іс-әрекеті 
мә селесімен қатар тағы да оны қалыптастыру мәселесі болады дейді. Мы-
салы, А.К. Маркова, Д.В. Элькониннің: «Оқушылардың оқуіс-әрекетін қа-
лып тастыру – осы әрекетке тән жеке элементтерді біртіндеп үйрете оты-
рып, оқушыларды өз бетімен оқу іс-әрекетін атқаруға үйрету», – деген 
пікірімен келісе отырып, сол элементтерді оқушыларға қалай беру керек де-
ген сұрақты жауапсыз қалдырғанын айтып, оқу іс-әрекетінің қалыптасуына 
және оқу іс-әрекетінің жеке тұлғаның дамуындағы рөліне тоқталады. 
Оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру – мұғалімнің оқушы-
лар дың іс-әрекетінің дұрыс бағытталуын қадағалауы. Оқу іс-әрекетін қа-
лыптастыру оқушылардың оқу іс-әрекетінде ең алдымен оның құры лы мына 
талдау жасаудан басталуы тиіс. Демек, мұғалім оқушылардың мотивін, бе-
ріл ген тапсырмаға қатысты оны орындауға байланысты әрекеттер жиын-
тығын, пайдаланатын құралдарын, бұрынғы дағдыларын ескеруі шарт. 
Бірізділікпен берілген тапсырмалар оқушылардың бойында оқу іс-әре ке-
тіне қатысты дағдылар мен біліктер қалыптастырып, нәтижесінде өзіндік 
іс-әрекеті пайда болады. Ал кез келген пән оқушылардың бойына тек 
қана арнайы түсініктерді сіңірмей, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің осы 
түсініктерді игеру барысында жаңа әрекеттермен толығуымен байланысты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет