Іргелі және қолданбалы зерттеудің өлшемдік белгілері
р/с
Іргелі зерттеулер
Қолданбалы зерттеулер мен
жасалымдар
1
2
3
1 Көкейкестілігі жоғары зерттеулер
Мәселені зерделеуге қажеттілік жоғары
деңгейде болып тұр. Мәселені шешу
практиканың көптеген жақтарына оң әсерін
тигізуі мүмкін. Тақырып ғылымда мүлдем
зерделенбеген немесе өте аз зерделенген. Бұл
сұрақ бойынша жеке жарияланымдар ғана бар.
Сұрақтың теориясын жасау педагогикадағы
ұстанымдық мәселелер туралы түсінігімізді
түбегейлі өзгертуі, қолданбалы зерттеулердің
жаңа бағыттарына жол ашуы ықтимал.
Көкейкестілігі жоғары
жасалымдар
Жасалымды жасауға қажеттілік
өте жоғары дәрежеде. Қажет
тақырыпта немесе тәрбие
жұмысында оқулықтар,
әдістемелік құралдар жоқ.
Мұғалімдер, оқушылар және
басқалар осы әдістемеге мұқтаж.
165
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
1
2
3
2 Көкейкесті зерттеулер
Мәселені шешудің практикалық қажеттігі анық.
Мәселені шешу практиканы жетілдіруге оң
әсерін тигізеді. Тақырып ғылымда аз зерттел-
ген. Тақырыпты зерделеу бірқатар теориялық
мәселелер туралы түсінігімізді толықтыруы
мүмкін. Қолданбалы зерттеулер үшін жол ашы-
лады.
Көкейкесті жасалымдар
Жасалым аса қажет. Қолда бар
бағдарламалар, оқулықтар,
құралдар мәселені толық
қанағаттанарлық деңгейде
шешуді, оқушылардың білім
сапасы мен тәрбиелік деңгейін
жақсартуды қамтамасыз ете
алмай отыр. Бұл жасалымдарға
мұғалімдер, оқушылар мұқтаж.
3 Көкейкестілігі төмен зерттеулер
Тақырыпты зерделеудің қажеті шамалы.
Мәселе, жалпы алғанда, қанағаттанарлық
деңгейде зерттелген. Дегенмен кейбір сұрақтар
әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Тақырып
жеткілікті зерделенген, көптеген еңбектер
жарияланған, тақырыпты зерттеу кейбір
теориялық сұрақтарды нақтылауы мүмкін.
Көкейкестілігі төмен жасалымдар
Жасалымға қажеттілік көп
емес. Практикада бұл мәселе
қанағаттанарлық деңгейде
шешілген. Кейбір жеке сұрақтар
жетілдіруді қажет етеді.
4 Көкейкесті емес зерттеулер
Қазіргі уақытта мұндай зерттеудің қажеті
жоқ. Практика үшін бұл мәселе мәнді
емес. Бұл мәселенің қанағаттанарлық
деңгейде шешілгенін көрсететін қолданбалы
жұмыстар бар. Тақырыпты зерделеу теория-
да ештеңе өзгертпейді. Алынған мәліметтер
қазіргі түсініктерді қайталайды, ешқандай
толықтырулар мен нақтылаулар жоқ.
Көкейкесті емес жасалымдар
Мәселе оң шешілген. Практикада
қолданылып жүрген оқулықтар,
құралдар оқушылардың білім
сапасы мен тәрбиелілігін қажетті
деңгейде қамтамасыз ете ала-
ды. Қазіргі жағдайда жаңа
әдістемелер жасау тиімсіз.
Ізденуші әуелі өз зерттеуінің тұрпатын анықтап алғаны, содан кейін
зерттеудің көкейкестілігін анықтау әдістерін оқып-үйренгені және өз зерт-
теу жұмысын сараптауда бұл әдістерді пайдаланғаны дұрыс. Зерттеу кө-
кейкестілігін анықтау әдістері – қазіргі немесе жақын болашақта мәсе ле ні
шешудің қажеттігі мен мүмкіндігін анықтайтын тәсілдер.
Сараптамалық әдіс
. Бұл әдіс келесі тәсілдерден тұрады: авторлар өз
сұраныстарын зерттеуді жүргізудің қажеттілігінің негіздемесімен бірге
тапсырады. Сұраныста тақырыптың аты, оның мақсаты, міндеттері, алы-
ну ға тиісті тұжырымдардың жобасы көрсетіледі. Негіздеменің басты
эле ментіне осы тақырып бойынша осыған дейін жүргізілген зерттеу-
лер туралы жарияланған еңбектерге жасалынған қысқаша талдау жата-
ды. Сарапшылар авторлардың сұраныстарын зерделейді және болашақта
зерт телетін тақырыптарды іріктейді. Бұл ретте олар ғалымдардың осы та-
қы рып бойынша бар әдебиеттермен танысқандығын, зерттеудің түпкі нә-
ти жесінің нақтылығын, нәтиженің танымал нәтижеден айырмашылығын
түсініп білетіндігін есепке алады. Демек, екі фасетке бөліп қарастырады,
яғни ғылымда тақырыптың зерделену дәрежесі; тақырыптың теориялық
маңыздылығы деуге болады. Қолданбалы зерттеуге қарағанда іргелі зерт-
теуде болжау аса маңызды емес.
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
166
Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анық-
тау үшін алдымен тақырыпты зерттеуге практикалық қажеттілік, мұға-
лім дердің, оқушылардың нормативтік материалдарға мұқтаждығы, ұқсас
жасалымдардың болуы немесе жоқтығы, зерттеу нәтижесін практикаға
енгізуден алынатын әлеуметтік немесе экономикалық тиімділік, ғылымдағы
осы сұрақтың шешілу дәрежесі есепке алынады. Педагогиканың саласы мен
зерттеу типіне байланысты көкейкесті тақырыптардың белгілері көрініс та-
батын негізгі түпнұсқа жасалып, сараптамалық бағалауларды салыстыру
арқылы зерттеудің өзектілігі анықталады.
Зерттеу жұмыстарының теориялық маңыздылығы оның жаңашыл ды-
ғымен, теорияларының қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдары мен қо-
рытындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс істеу
үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Іргелі зерт-
теулерде автордың тұжырымдамалық теориялық ұстанымы бейнеленеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның өзектілігінде. Зерттеу
нәтижелерін рәсімдеуде диссертация мәтіндерінде өзекті деп көрсетілген
қажеттілік қазіргі практиканың зерттеу нәтижелерін қолданумен қанша-
лық ты қанағаттануы мүмкін екенін дәйектеу және салыстыру қажет.
Бүгінгі күні ғылыми-зерттеушілік жұмыстар ғылыми білімнің құры лы мы
мен даму ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың кеңеюі, бір жағынан, ғылымның
өздігінен даму жолымен (терминологиялардың баюы, ақпа рат тың модельдік
айналымы, ойлардың өзара байланысы), өзге жақтан, басқа ғылымдармен
байланысы арқылы жүзеге асып отыр. Ғылыми жаңа лық тардың көпшілігі
ғылымдардың тоғысында іске асады. Бұл тек ұқсас ғылымдардың (нақты
және жаратылыстану) арасында ғана емес, бір-бірінен алыс ғылымдардың
(биохимия, астрономия және т.б.) арасында да болады. Ғылымның өздігінен
дамуында белгілі бір саладағы білімдер шектеулі болады. Сондықтан міндетті
және нақты технологиялық жүйелер, әдістемелік ұсыныстар – толыққанды
ғылыми зерттеудің бірден-бір озық белгісі. Зерттеу жұмысының нәтижесін
енгізу басқарудың негізгі объектісі болып табылады.
Ғылым дамуының қиындығынан, оның қарама-қайшылықтарынан, көп-
теген көзқарастардың, әртүрлі ғылыми мектептердің және іс-әрекеттердің
болуынан зерттеудің сапалы объективті бағалану қажеттілігі туады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігінің өлшемдері мен өзектілігін анықтау
әдістері арқылы үйреніп, ізденушінің өзектілік өлшемі диссертацияға қа-
тысы жағы екі қырынан, яғни зерттеу тақырыбын ойластыру мен жұмыс
ба рысында алынған нәтижені сипаттау кезінде қарастырылатынын білуі
тиіс. Ізденуші үшін ең маңыздысы – оның өзіне дейін мұндай жұмыстардың
орындалғанын білуі.
Соңғы уақытта зерттеудің көкейкестілігі оның жаңалығымен, кешен ді-
лігімен, практикалық маңыздылығымен тығыз байланыста қарастырылады
және өзектілік зерттеудің педагогика ғылымдары объектілерінің даму заң-
167
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
дылықтары туралы жаңа білімдер алуға, ұстанымдық тұрғыдан жаңа ди-
дактиканы, әдістемені және технологияны жасауға қажет теориялық не-
гіздерді анықтауға бағытталғандықтан, жақын және алыс шетелдерде, рес-
публика көлеміндегі ұқсас зерттеулерден айырмашылығын көрсетеді.
Қазіргі заманғы диссертациялық зерттеудің сапасын бағалау мә се ле-
лерімен айналысатын ғалымдар зерттеу мәселесінің өзектілігін ай қын дау
тә сілдері туралы білімдер жиынтығына сүйене отырып, зерттеу мәселесінің
өзектілігін бағалау матрицасын жасады және зерттеу мәселесінің кө кей кес-
тілігін бағалау өлшемдері мен параметрлерін негіздеді (13-кестені қараңыз).
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |