Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет75/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
162
Өлшемді анықтауда бір ғана әдіс қолданылады. Кең ақпаратты базада 
сапалы тиімді көрсеткіштер таңдап алынады және оларға статистикалық 
тұр ғыдан сандық сәйкестік беріледі. Мұндай әдіс сапалы талдау жүргізу 
үшін тиімді болып табылады. Бұл бағытты құрастырушылар тұғырнамалық 
ап параттың жағдайы мен диссертациялық зерттеудің сапасын баяндай-
ды. Зерттеудегі нақты емес мәселелерді көрсетеді. Зерттеу сапасын кө те ру 
тұғырнамалық нормативтер бойынша жетілдіріледі. Нормативті тұғыр на-
мада бірнеше ережелер құрастырылған (нысаны мен құрал, мақсат пен зерт-
теу логикасы, экспериментті жүргізу техникасы, нәтижелерді рәсімдеу және 
т.б.).
Зерттеудің маңыздылығы – ғылыми зерттеудің сапасын бағалаудың өл-
шемдерінде, ғылыми идеялар мен талаптардың арасындағы айырмашылық 
деңгейін сипаттауда және тәжірибелік ұсыныстар және қазіргі заманғы 
ғылым мен тәжірибе беретін нәтижелердің алынуында. Көкейкестілік өл-
шемі үнемі дамып отырады, ол уақытқа, нақты жағдайға байланысты бо-
лады. Бүгінгі өзекті емес мәселе ертең көкейкесті болуы мүмкін. Зерт теу-
дің маңыздылығын бағалайтын критерийлер түрлерінің тізімінде басты 
жоспарланған жұмыстың өзектілігі немесе ғылыми-педагогикалық зерт теу-
лер дің нәтижесі негізге алынады.
Тақырыптың көкейкестілік өлшеміне келер болсақ, диссертацияда оны 
екі аспекті бойынша қарастырады: зерттеу тақырыбының құрастырылуы 
және оның жұмыс барысында алынған нәтижеге қатынасы. Соңғы жыл-
дар дағы зерттеудің өзектілігі оның жаңашылдығымен тығыз байланысы, ал 
жұмыстың кешенділігі және тәжірибелік маңыздылығы жаңа білімді алуға 
бағытталуды білдіреді. Педагогика ғылымындағы объектілердің заңды да-
муы – ғылыми тұрғыдан негізделген жаңа бағыттағы дидактикалық ма-
териалдардың, әдістер мен технологиялардың таяу және алыс шетелдерде 
жүргізілген зерттеулерден айырмашылығын көрсету.
Ғылымда «алғашқы»деген ұғым оның нәтижесі жарияланғанға дейін 
мұндай деректердің кездеспейтіндігімен түсіндіріледі. Егер диссертация 
авторына дейін бұл тақырып зерттелмесе, ол белгілі нәтижелерге қарағанда 
түбегейлі ерекше болып келеді. Педагогикалық сөздікте бұл зерттеу кате-
гориясына төмендегідей анықтама беріледі. «Жаңашылдық» – бұл ақпарат 
сапасының өлшемі (ғылыми зерттеудің нәтижелері). Жаңашылдықты ор-
нықтыруда «алғашқы» дегенге жауап беретін дәлелденген ерекше мәлі мет-
тің алынуы маңызды рөл атқарды. «Алғашқы» және «жаңашыл» сөз дері 
синоним сөздер, егер жаңашылдығы ашылса, онда «алғашқы» сөзін қай та-
лау дың мәні жоқ.
Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңа түрлері:
– орнықтырылған және сипатталған жаңа педагогикалық деректер;


163
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
– бұған дейін зерттелмеген құбылыстарда кездесетін жаңа түсініктер 
мазмұнын ашу;
– белгілі ғылыми түсініктерде кездесетін жаңа сипаттамалар;
– жаңа заңдылықтар ашу;
– анықталған педагогикалық әрекеттің жаңа түрлерін негіздеу, зерт-
теу және т.б.;
– теориялық негіз құрайтын маңызды тәжірибенің міндеттерге негіз-
делген тұжырымдамасы;
– білім беру жүйесіндегі дамуды болжау мен мәнін түсіндіруге мүм-
кін дік беретін теория. 
Ал жаңашылдықты бағалау көрсеткіштері:
– ғылыми жаңалық ашу;
– тұтас ғылыми тұжырымдама;
– жаңа ғылыми тұжырымдамаларға толы жаңа ғылыми идея;
– белгілі ғылыми тұжырымдамалар көлеміндегі жаңа ғылыми идея;
– қолда бар ғылыми тұжырымдамаларды жаңа дәлелдемелермен, мә-
лі меттермен толықтыру;
– жаңа ғылыми көзқарас, мәселені жаңаша тұрғыдан қарастыратын 
ерекше ғылыми болжам ұсыну;
– педагогика ғылымының құрылымын анықтау;
– теориялық білімді түсіндіру;
– жаңа жүйені қалыптастырудың тарихи-педагогикалық және басқа 
да анықтамалары;
– басты ұғымды ашу және олардың түсіндірілімі (құрылымы, қызметі, 
мазмұны);
– педагогикалық жүйе мазмұнының негізі;
– ғылыми жұмыстың кіріспесіндегі қазіргі заманғы ғылыми (қайта 
табылған) деректемелер (мұрағат материалдары, жазбалар және т.б.);
– үдерістерді анықтау және педагогикалық феноменнің дамуындағы 
перспективаларды табу;
– зерттеліп отырған мәселеге байланысты тұжырымдамалар, тұғырна-
ма лық әдістер мен теорияларды анықтау.
Педагогикалық зерттеудегі сапаны бағалаудың келесі өлшемдері – 
зерттеудің негізділігі мен шынайылығы, сонымен қатар педагогикалық зерт-
теу лердің қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары. Зерттеудің өзектілігі 
мен негіздемесіндегі көрсеткіштер төмендегідей:
– мәліметтер мен фактілердің жеткілікті тексерілген теорияларға не-
гізделуі;
– тұжырымдаманың тұғырнамалық және дерекнамалық тұрғыдан не-
гізделуі;


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
164
– идеяны зерттеудің әртүрлі әдістерінде қолдануға болатындығының 
мақұлдануы және нақты тұғырнамалық негізге ие болуы;
– идея тәжірибелік талдаудан, тәжірибеден шығады (озық педа го ги-
калық тәжірибені тарату);
– зерттеудің кешенді әдісінің қолданылуы, әртүрлі зерттеу әдісі нә ти-
жесін өзара тексеру, мәліметтерді өзара салыстырудың қамтамасыз етілуі;
– зерттеу нәтижесінде өзіндік талдаудың және өзіндік тексерулердің 
қолданылуы.
Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың негізгі бірлігі оның нә-
тижесі болып табылады. Оны бағалау үшін мазмұны ашылып, ішкі бай-
ланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Оның мазмұнын жаңа-
шыл өлшемдері сипаттаса, құндылығын теориялық және практикалық ма-
ңыз дылығы мен өзектілігі анықтайды.
Осы белгілер зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола 
алады.
Іргелі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алды-
мен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің 
тео риясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы 
зерт теулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық 
сұ раныс пен практиканың қанағаттанарлықсыз жайына (Оқу-тәрбие 
үде рісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе? 
Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді. 
Жұ мыс тар сондықтан да «көкейкестілігі жоғары», «көкейкесті зерттеу-
лер», «кө кей кес тілігі төмен», «көкейкесті емес» деп ажыратылады 
(12-кесте).
12-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет