Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет83/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Әдістерді дұрыс таңдаудың өлшемдерін негіздеңіз.
2. Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге сипаттама беріңіз. 
3. Өз зерттеуіңіздегі модельдеу әдісін қолдану тетігін негіздеңіз. 
4. Педагогикалық зерттеудегі эмпирикалық әдістерге сипаттама беріңіз. 
5. Өз зерттеуіңіздегі эксперимент бағдарламасын ұсыныңыз.
6. «Педагогикалық зерттеулер әдістерінің өзара байланысы» тақырыбында сурет 
сызыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.


181
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау ....
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау. 
Педагогикалық тәжірибені жинақтау
Зерттеліп отырған мәселе төңірегінде әдеби қайнар көздерді зерделеу 
(философиялық, тарихи, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық) зерт те-
лудегі нысанның жағдайын сипаттауға, алғашқы ұғым қалыптастыруға, зерт-
теу пәні туралы бастапқы тұжырым жасауға, негізгі ойды, шешілмеген мә се ле-
лерді, жауабы табылмаған сұрақтарды айқындауға мүмкіндік жасайды. 
Әдебиеттермен жұмыс зерделеуге жататын монографиялардың, жур-
налдардың, ғылыми еңбектер мен конференциялар материалдары жи нақ-
тарындағы мақалалардың, рефераттық шолулардың, авторефе раттардың 
тізімін жасауға мүмкіндік береді. Зерттеуші әрқашанда анықтамалықтармен, 
сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс істейді. 
Библиографияны карточкада рәсімдеп және компьютерге енгізу қажет. 
Әдеби деректер туралы мәліметтерді дұрыс рәсімдеу маңызды болып 
табылады. Міндетті түрде орындалуы керек және оның бұзылуы заң мен 
жауапқа тартылатын мемлекеттік стандарт бекітілген. Кітаптарды, мо но-
графияларды, журналдағы мақалаларды рәсімдеудің ережелері бар. Кі тап-
ханалардың картотекасында немесе компьютердің мәліметтер базасында 
әдебиеттің барлық шығыс деректері бар. Оларды тек дұрыс көшіре білу 
керек.
Түпнұсқамен алғаш танысу қарастырылып отырған мәселе және 
оның мазмұны, яғни аннотация, мазмұны, кіріспесі, қорытындысы туралы 
түсінік береді. Одан әрі зерттеушіні қызықтыратын нендей мәселе туралы 
екенін білу үшін кітапқа жылдам көз жүгіртіп өтеді. Мұқият зерделеу және 
конспектілеу, беттерін көрсетіп, керекті жерлерін, дәйек сөздерді жазып 
алу, іріктеп зерделеу, анықтау әдістері таңдалады. Барлық керек мәліметті 
карточкаға немесе қағаз бетіне жазып алу немесе компьютердің базасы-
на енгізу керек. Мұнда әдебиетті оқыған кезде туындаған өзіндік ойды, 
ескертулерді жазып алу пайдалы болары сөзсіз. Әр сұрақ бойынша мақсатты 
түрде тақырыптық шолу жасап, жекелеген жағдайлардың мәнін, автордың 
көзқарасын айқындау, ұстанған бағытының сәйкестігі мен айырмашылығын, 
пікірталас тудыратын немесе түсініксіз мәселелерді айқындау. Талданып 
отырған әдебиетте байқалған жаңалықты, өзіндік көзқарасты айқындап, 
өзінің көзқарасын айту. Қолжазбалар да (диссертациялар, авторефераттар, 
ғылыми есептер, сөйлеген сөздің стенограммалары, баяндамалар, деректі 
материалдар түпнұсқалары – ағымдағы ақпараттар ОУ және т.б.) талдауға 
және нақтылауға жатады.
Әдебиет қайнар көздерін жинау мен талдау, оған сәйкес мәліметтерді 
(кестелер, графиктер, схемалар, диаграммалар, тақырыптық сұрыптаулар) 
тиянақтау барлық кезде де қандай да бір мақсатқа байланысты болады. 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
182
Әдебиеттердің тізімін нақтылау, зерделеу және талдау зерттеудің бар-
лық кезеңдерінде жалғаса береді. Жаңа деректер бұрынғы жүргізілген шо-
лу ларға, зерттеушінің көзінен таса болған жайттарға жаңаша көзқараспен 
қарауды талап етеді. 
Сенімді әдеби қор зерттеудің тереңдігі мен дұрыстығының маңызды 
шарты болып табылады. Бастапқы кезеңде ол мәселені айқындауға, 
тақырыпты тұжырымдауға, көкейкестілігін анықтауға, ұғынуға көмектеседі. 
Келесі кезең – әдебиеттерге аналитикалық шолу, зерттеудің міндетті 
құраушысы болып табылады. Оның нәтижесі жұмыстың мазмұнына кіреді. 
Құжаттық түпнұсқалар, баспа, қолжазба, магниттік тасушы, фото- және 
кинопленка түріндегі тиянақталған кез келген ақпарат құжаттық болып та-
былады. Кейде ол бірден-бір бастапқы ақпарат көзі болып табылады. Педа-
гогика тарихында – бұл міндетті архивтік материалдар. 
Педагогикалық құжаттамаларға: қызметтік мінездемелер; жеке іс қа-
ғаздары; медициналық карталар; өмірбаяндар; оқушы күнделіктері; сынып 
журналдары; бақылау тексерістерінің журналдары; білім беру басқармалары 
басшылығының бұйрықтары мен жарлықтары; педагогикалық кеңестердің, 
жиналыстардың, отырыстардың хаттамалары және т.б. жатады. Олар білім 
алушының тұлға ретіндегі даму динамикасын анықтауға, басқарманың 
педагогикалық үдерістің практикасын ұйымдастыруын сипаттайтын нақты 
мәліметтер алуға мүмкіндік жасайды.
Құжаттар әртүрлі негізде сараланады: 
1. Тіркеп жазу тәсілімен (қолжазба, баспа түрінде, фото- және кино-
пленка, магниттік жазба).
2. Дербестеу дәрежесі бойынша (жеке: мінездеме, хаттар, күнделіктер, 
есеп карталары және т.б.; жеке емес: статистикалық мәліметтер, жиналыс 
хаттамалары және т.б.).
3. Құжаттық дереккөзер жағдайы бойынша (ресми: үкіметтік хаттар, 
коммюнике, арыздар; ресми емес: жеке материалдар).
4. Ақпарат көздері бойынша (бастапқы: байқау, сұрақ-жауап, оқиғаны 
тіркеу; екінші реттік: қайта өңдеу, бастапқы ақпаратты жалпылау).
Құжаттық ақпараттың ақиқаттық мәселелері. Негізгі құжаттың се-
нім ділігін ондағы берілген хабарламаның – ақпараттың анықтығымен 
шатастыруға болмайды. Сенімді дереккөзден алынған анық емес ақпарат 
түрлі қоғамдық топтардың, партиялардың, ұжымдардың және т.б. мақ сат-
тары мен мүдделерінің уәждерінің маңызды куәлері екенін білдіреді. Мы-
салы, геббельс үгітінің материалдары барынша сенімді бола тұрғанмен, 
бірақ жарияланған идея мен авторлардың нақты ой-пікірінің мазмұны 
тұрғысынан сенімсіз болды.
Ақпараттың сенімділігі дереккөздегі қолжетімді құжаттардың түп-
нұсқалығына тәуелді. Кейбіреулерінің сенімділік дәрежесі белгілі бір «тап-
сырыспен» және хабарланған мәліметтермен анықталады.


183
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау ....
Қандай жағдайда да бастапқы мәліметтер ресми емес, өзіндік ерек ше-
ліксіз, қандай да бір мәліметтерге құрылған екіншілерден сенімдірек бо-
лады. Сондықтан екінші дереккөздерді пайдаланған кезде бастапқы де рек-
көздерге сүйену керек. 
Тағы бір маңызды ереже: құбылыстың сипатын бұл құбылыстарды 
бағалаудан бөліп қарастыру. Соңғысына сенім мен нақтылық аздау бо-
лады. Одан әрі құжатты құрастырушы қандай мақсатты басшылыққа ал-
ғанын анықтау керек (мүмкін ол өзін немесе өзге адамды жақсы жағынан 
көрсеткісі келген болар; мүмкін адамды қаралағысы немесе үдерістің өңін 
айналдырғысы келген болар).
Бәрінен бұрын құжатты құрастырушының алғашқы ақпаратты қандай 
жолмен алғаны маңызды, себебі құбылыстың соңғы сипаты алдыңғы бір-
талай уақыт бұрын алынғаннан өзгеше болары анық. Егер дереккөз қандай 
да бір жіктемеге сүйенсе, онда оның негізін айқындау керек. 
Құжатты құрастыруда сүйенген жалпы жағдайды анықтау пайда-
лы. Ахуал анық болды ма немесе ақпарат басқа жағына ауысып кетті ме? 
Әсіресе күнделіктер, хаттар, өмірбаян секілді жеке құжаттармен жұмыс 
өте сақтықты талап етеді. Жеке құжаттар туралы ақпараттарға сенім шарт-
тары: олар автордың мүдделеріне тиіп кетпей ме; авторға белгілі бір зиян 
келтірмей ме, авторға белгілі деректер тіркеу кезінде жалпыға белгілі бол-
ды ма; құжат авторының көзқарасы бойынша елеусіз болып табылатын 
жағдайдың анық деректері; автор ұнатпайтын деректер.
Барлық жеке құжаттар құрастырылу уәждерін, автордың мақсатын 
тексеруді және қайта тексеруді, талдауды қажет етеді, т.с.с.
Құжаттарды сапалы және сандық талдау амалдары. Құжаттармен жұ-
мыс тың басты қиындығы – оларды зерттеу болжамы арқылы оқи білу. 
Құжаттарды талдамастан бұрын зерттеуші одан зерттеу ұғымының түйінді 
белгілерін іздейді.
Құжаттарды сапалы талдау барлық сандық амалдардың алғышарты бо-
лып табылады.
Сандық талдауды қашан өткізбеуге болады? Бұл егер құжат сапалық 
тұрғыда бірегей және оның мазмұны маңызды болғанда; егер күрделі құ-
былыс нақты сипатталған болса; егер құжат ғылыми қауымдастыққа кеңінен 
танымал болмаса; егер құжаттағы мәліметтер көпшіліктің жөндеуіне жет кі-
ліксіз немесе толық емес болса. 
Сандық талдауды қай кезде жасаған дұрыс? Егер бірреттілік мәлі мет-
терді салыстыру дәлдігінің жоғары дәрежесінің қажеттігі талап етілген 
жағдайда; материалдар жеткілікті болып және олардың сандық өңделуі 
жұмсалған күшті ақтайтын болса; материал зерттеу аймағын айқындайды; 
материал өте көп болған жағдайда, оны қамту және бағалау сандық өңдеусіз 
мүмкін болмаған жағдайда; егер сапалық сипаттамалары жеткілікті түрде 
жиі пайда болса.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
184
Мәтіндерді сандық бағалау неғұрлым көкейге қонымды болып, егер 
олар басқа сандық сипаттамалармен салыстырылатын болса (газеттегі 
хабарламалардың ерекшеліктері жазылушылардың санымен салыстырыла-
ды, олардың пікірлерімен және басқа да санмен өрнектелген мәліметтермен).
Мәтінмен жұмыс істеген кездегі контент-талдау (мазмұн-жіктеу) – 
бұл мәтіндердің арнайы сипатының және басқа да ақпарат тасушылардың 
бағасы мен анықталу әдісі (бейнежазбалар, сұхбат, сауалнаманың ашық 
сұрақтарына жауап беру және т.б.).
Контент-талдау мәтіндік мазмұнды ақпаратты бұқаралық сандық көр-
сет кіштерге аударуға мүмкіндік береді. Оның қызметі ақпараттың екі түрге 
бөлінуінен тұрады: мағыналық – талдаудың сапалық бірліктері және санау 
бірліктері – сандық.
Америкалық әлеуметтанушы Лассуэлл ұғымдар мен терминдерді 
талдау бірлігі ретінде қарастырса, ал Лоуэнталь тақырып ретінде алды.
В.А. Ядовтың еңбектерінде талдау бірлігі – әлеуметтік тақырып. Мағыналы 
бірліктер зерттеудің болжамы негізінде және бағдарламаның әдіснамалық 
пайымы ретінде айқындалады.
В.А. Ядов контент-талдаудың бұқаралық қарым-қатынастағы зерттеудің 
мағыналық бірліктерін төмендегіше ажыратады:
– ұғым, сөйлеу кезінде және жекелеген терминдерде айтылған ой
(саяси, адамгершілік, ғылыми мазмұнда). Терминдердің қолданылу жиілігі 
мәтіннің бағытын анықтауға мүмкіндік береді;
– тақырып, тұтас мағынадағы абзацта, мәтіннің ішінде, мақалаларда, 
радиохабарларда айтылған (патриотизм, бизнес, өнер, білім беру тақырыбы);
– тарихи тұлғалардың, саясаткерлердің, әртістердің, ғалымдардың 
және т.б. есімдері. Олардың қоғамдық пікірге әсерін өлшеу; 
– тұтас қоғамдық құбылыс, ресми құжат, факт (Бесландағы оқиға, 
жер сілкінісі және т.б.).
Шот өлшемі талдау бірліктеріне сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін 
(кей бір идеялар жиілігі «келісу» және «қарсы» сәйкестігімен өлшенеді; 
шот өлшемдерінің сәйкессіздігі – шоттың бірліктері мәтіннің ұзақтығы не-
месе мәтіннің ауданы болып табылады: жолдың, абзацтың, белгілердің, ба-
ғанның, телевидение арқылы берілетін хабардың ұзақтығы).
Контент-талдауда талдаудың бірнеше бірліктері және шоттың бірнеше 
бірліктері пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, халықаралық өмір туралы 
ақпарат жазылады: 1) жиілігіне қарай; 2) көлеміне қарай; 3) мазмұнына 
қарай; 4) ақпараттың белгілеріне қарай (сөз, сан, сурет, график және т.б.);
5) материалдың түріне қарай.
Контент-талдау әдісі мен алынған ақпараттың сенімділігі: 
– заңгерлердің көмегімен негізделген бақылау мен талдаудың ұсы-
нылған сапалы бірліктерінің қойылған міндетке қаншалықты сәйкестілігі;


185
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау ....
– тәуелсіз критерийге негізделуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оқу-
шы лардың кәсіби икемділігін анықтау талдау, байқау және сұрақ-жауап 
арқылы жүргізіледі. Мәліметтердің тұрақтылығы бір мәтінді қайта-қайта 
бірдей нұсқаумен немесе әртүрлі кодтау көмегімен анықтайды. Есептеу ба-
рысы топтарға ажыратылған стандарттық амалдарды саралауды және шка-
лалауды қолдануды жобалайды. 
Контент-талдау әлеуметтік педагогикада үгіт-насихаттың сөздік (тілдік) 
ықпалын, сөзбен тәрбиелеуді зерттеу үшін қолданылады. Ол ашық анкета 
сұрақтары мен жауаптарын жасақтап, құжаттарды талдауға пайдаланады.
Құжаттарды талдау әдісін бағалау. Әдістердің әлеуметтік маңыздылығы 
мен шынайылығын олардың болжам жасау, жұмысты жоспарлау кезіндегі 
жоспардың сипаттамасы айқындайды. Статистикалық мәліметтердің мәні 
өте зор. Жоғарыда аталған құжаттарды пайдалану туралы шарттарды, 
олардың деректері мен дәйектілігін олармен жұмыс істеу кезінде міндетті 
түрде сақтау керек.
Контент-талдау – бұл зерттеу мақсатына сәйкес ақпараттың мазмұны 
мен формасының белгілі бір мағыналы бірліктері анықталатын мәтіндердің 
арнайы сипаттарын және басқа да ақпарат тасушыларды (бейне-жазбалар, 
теле- және радиохабарлар, интервью) айқындау мен бағалау әдісі. 
Мағыналы бірліктері:
1) сөз (термин, символдар);
2) пайым және аяқталған ой;
3) тақырып;
4) персонаж, автор;
5) тұтас хабарлама.
Әрбір бірлік жалпы құрылымның ішінде көбірек қарастырылады. 
Контент-талдау – сыналушының жазбаша мәтіндерін, шығармаларын, 
хаттарын және т.б. педагогикалық-психологиялық диагностиканың алдын 
ала белгіленген схемасы бойынша мазмұнды, татымды талдау жасаудың 
тиімді әдістерінің бірі.
Контент-талдаудың міндеттері мән-мәтіндегі әлеуметтік мағынаны 
және адамның өзіндік жазбаша шығармашылығындағы көрінетін жеке-
тұлғалық сипатының мәнін ашу және бағалау болып табылады. Сонымен 
қатар бұқаралық жазбаша (немесе басқаша түрде кодталған) ақпарат оның 
кейіннен статистикалық тұрғыда қайта жөнделуімен сандық көрсеткіштерге 
ауыстырылады.
Қоғамдық өмірдің шындығы (әрекет, құбылыс, пікір) әртүрлі әдіс-
тәсілдермен – дыбыстық жазба, суреттеу, жазбаша және т.б. көмегімен 
көрсетіледі.
Мектеп жағдайында ақпарат көздері жиналыс хаттамалары, жұмыс 
жос пары, шығарма, хаттар, күнделіктер, оқушылардың бір-біріне жазған 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
186
жазбалары болуы мүмкін. Мұндай ақпарат қандай әдіспен тіркелгеніне, 
мүмкін диагностика жасау үшін қажет құжаттар болсын тәуелсіз болады.
Диагностикада адамның ақпаратты беруге немесе сақтауға арнайы 
жасалған заты құжат ретінде түсініледі. Құжаттарды тіркеудің тә сіл де-
рі жазбаша, кескін, фонетикалық (дыбыстық) түрінде болуы мүмкін. Құ-
жат тардың ең көп тараған тобы – жазбаша түр. Оларды талдау басқаларға 
қарағанда жеңіл болады. Контент-талдау әдісінің арқасында енді байқалуы 
мүмкін болмайтын өткен оқиғалар туралы мәліметтер алуға болады. 
Құжаттарды зерделеу арқылы өмірдің сол немесе өзге оқиғалары көптеген 
жылдар бойы бақыланады, әлеуметтік-педагогикалық үдерістер қайта 
жаңғыртылады, олардың өзгерісі мен дамуының тенденциялары мен дина-
микасы айқындалады.
Іс-әрекетті зерттеу нәтижелері – бұл адамның білімі мен дағдысының, 
қызығушылығы пен қабілетінің қалыптасуын, іс-әрекетін талдау негізінде 
жанамалай айқындауға мүмкіндік беретін зерттеушілік әдіс. Зерттеуші 
адамның өзімен тікелей байланыспайды, оның бұрынғы атқарған қызметінің 
нәтижелерін: шығармалары, бақылау жұмыстары мен тексеру жұмыстары, 
суреттері, жасаған бұйымдары және т.б. зерделейді. Оларды зерделеу оның 
жеткен жетістіктері және алдына қойған міндеттерін орындау жолындағы 
үдеріс туралы ой түюге мүмкіндік береді. 
Инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау, насихаттау, тарату 
және пайдалану – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолы. 
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және 
шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – 
оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер 
мен ғылыми мәселелерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан 
педагогикалық инновациялық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі да-
мыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім 
еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен 
психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен 
пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде білім беру ұйымдарына 
қатысты инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, пайда-
лану төмендегідей бағытта қарастырылып жүр:
– мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру ұйымдары қыз-
меткерлерінің кәсіби біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жұмыс та-
рының құрамды бөлігі;
– мектепшілік әдістемелік жұмыстың инновациялық бағыты;
– мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру ұйымдарының 
қызметкерлерінің шығармашылық дамыту құралы;
– педагогикалық зерттеу әдісі;


187
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау ....
– педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысының нә-
тижесі;
– мұғлімдердің, мектеп басшыларының, білім беру ұйымдарының 
педагогикалық іс-әрекетінің арнайы түрі.
Енді зерттеу мәселесіне сәйкес әрбір бағытты жеке-жеке қарастырып 
көрелік.
Көптеген авторлар, оның ішінде академик Ю.К. Бабанский озат пе да-
гогикалық тәжірибені үйренуді, жинақтауды және пайдалануды жалпы білім 
беретін мектеп пен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арт-
тыру құралы ретінде қарастырады. Сондай-ақ мұғалімнің кәсіби шеберлігін 
арттырудың формалары мен әдістерін айқындайды (аудандық (қалалық) 
кеңес, арнайы курстардан өткізу, әдістемелік жұмыс), осы жұмыстарда 
жіберілетін кемшіліктерді саралайды және тәжірибені таратуға қатысты 
мұғалімнің білім, білік, дағдыларын анықтау әдістемесін ұсынады.
Инновациялық тәжірибені үйрену, жинақтау және пайдалану мектептегі 
әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты болып та-
былады. Осы тұжырымды жақтайтын ғалымдар, мәселен А.М. Гельмонт 
мұғалімнің өзінің жеке іс тәжірибесін саралауына көп көңіл бөледі. Себебі 
мұғалім өз тәжірибесін өзі саралау барысында оқу-тәрбие үдерісінің же-
тіс тіктері мен кемшіліктерін көре алады, айқындалған кемшіліктерді жою 
барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға жол ашады.
Т.Р. Абдуллаев бастаған үшінші ғалымдар тобы озат педагогикалық 
тәжірибені үйренуің, жинақтауды және таратуды мектеп мұғалімдері мен 
басшылықтарының, білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық 
шы ғармашылық дамыту құралы ретінде қарастырады, озат тәжірибені үй-
ренуде, жинақтауда, пайдалануда кездесетін кәсіби қиыншылықтарды атап 
көрсетіп, озық тәжірибенің негізгі бағыттарын ашады.
Озат педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау, пайдалану бойын-
ша педагогикалық іс-әрекет шығармашылық еңбектің қайнар көзі саналып, 
мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруына әсерін тигізеді. 
Академик Ю.К. Бабанский, Х.И. Лийметс сияқты ғалымдардың төртінші 
тобы озат тәжірибені үйрену мен жинақтаудың ғылыми деңгейлерінің ар-
найы ерекшеліктерін анықтап, эксперимент пен озат тәжірибені тарату 
арасындағы өзара байланысты көрсетті.
В.В. Краевский бастаған ғалымдардың бесінші тобы педагогика ғы-
лымы мен практикасының өзара байланыс жүйесінің гносеологиялық рөлін 
негізге ала отырып, ғылыми-педагогикалық ұжымдардың, шағын ғылыми-
зерттеу жұмысымен айналысып жатқан мектеп мұғалімдері мен білім беруді 
басқару ұйымдары қызметкерлері өзара байланысқан жүйе қызметінің 
рөлін, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетіндегі ғылыми білімнің маз мұ-
нын аша отырып, ғылыми тұжырымдарды мұғалімдер тәжірибесіне айнал-
дыру тетіктерін жан-жақты қарастырады.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
188
Л.И. Гусев бастаған ғалымдардың алтыншы тобы озат тәжірибені 
үйрену, жинақтау бойынша мұғалімдердің қызметтеін ашып көрсетіп, озат 
тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау, пайдаланудың құрылымын, іс-әрекет 
құрылымының мазмұнын анықтайды.
Ғалым Б.С.Гершунский мектептің даму мүмкіндіктерін ескере оты-
рып, педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау мен пайдаланудың тө-
мендегідей әдістерін ұсынады: тәжірибені нақтылау әдісі (бақылау құ жат-
тармен танысу, сауалнама алу және т.б.); теориялық ойластыру әдістері 
(теориялық талдау және синтез, салыстыру, аналогия, идеалдау, ойша экс-
перимент және т.б.); тәжірибені ендіру кезеңінде қолданылатын әдістер 
(жүйеленген эксперимент, эксперттік баға және т.б.); педагогикалық бол-
жау дың арнайы әдістері (модельдеу, эксперименттік бағалар және т.б.). Ға-
лым ұсынған әдістерді зерттеу нысанына қарай таңдаған.
Мұғалім озық тәжірибені үйрену, зерттеу барысында осы жоғарыда 
аталған әдістердің барлығын білуі шарт, озат тәжірибені зерттеу кезеңіне 
сәйкес өзіне қажетті әдісті таңдай білуі керек, сонда ғана мұғалім өзінің 
алдына қойған мақсатын дұрыс шеше алады.
Озат педагогикалық тәжірибе педагогика ғылымына қатысты төмен-
де гідей мақсатта қолданылады: ғылым мен практиканың мазмұнын кеңей-
те тіндей жаңа педагогикалық фактілер көзі; теориялық зерттеу өнімінің, 
ғылыми ұсыныстар мен ғылыми теориялық ақиқаттың критерийлерін 
оңтайландыру құралы.
Қорыта келе айтарымыз, озат педагогикалық тәжірибені үйрену, зерт-
теу, тарату, насихаттау, пайдалану – мұғалімнің инновациялық даярлығын 
қалыптастырудың алғышарты.
Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ендіру – педагогтің 
зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.
Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тә жі-
ри бені практикада пайдалану мәселелері М.А. Данилов, В.Е. Гмурман, 
Ф.Ф. Королев, Ю.К. Бабанский, Л.В. Занков, М.И. Махмутов және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені ен-
діру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мә-
се лесін алғаш көтерген М.Н. Скаткин болды. Педагогика ғылымындағы 
жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелермен В.Е. Гмурман, 
Ю.К. Бабанский, П.И. Карташов және т.б. айналысты. Осы мәселенің 
теориялық қырын зерттеген М.Н. Скаткин төмендегілерді ерекше атап 
көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, 
ендіру ұғымы, ендіру үстанымдары, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс-
әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы 
кем шіліктер, ендіру үдерісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық 


189
3.2. Әдебиетті зерделеу және контент-талдау ....
зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жа-
ңа лықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік 
қызмет, ендіру тиімділігі (бағасы, ендірудің бағдарламалары, педагогикалық 
ұсыныстарды бағалау критерийлері).
Практикаға зерттеу нәтижелерін ендірудің әдіснамалық негіздерін
В.В. Краевский, В.И. Журавлев, А.А. Арламов және т.б. ғалымдар анықтады: 
ғылыми-педагогикалық нәтиженің түрлері мен оны ендіру ерекшеліктері; 
әдіснамалық, қолданбалы, іргелі, тәжірибелік-құрастырушылық зерттеу-
лер, өнертапқыштық іс-әрекет; ендірудің әлеуметтік детерминизмі, жаңа-
лық ты ендіру қажеттілігі, тиімділігі; педагогикалық инновациялық ақпа-
рат тар банкін құрудың теориялық негіздемесі; практиканың қажеттілігіне 
қарай аралық және соңғы нәтижелерді екі кезектік ендіру идеясы; ендіру 
үдерісінің моделін құрастыру, жаңалықты ендірудің тиімділігі мен са па-
сының корсеткіштері мен критерийлері; педагогикалық үдерісті жа ңар-
туға окушыларды қамтудың тәрбиелік ықпалы, ендіру үдерісінің тип тік 
алгоритмі, жаңаның бір немесе бірнеше комноненттерін ендіруде жүйе-
нің жаңаруы; жаңалықты ендіруде кездесетін кедергілерге сипаттама, 
жаңалықты ендірушінің заңды құқығы мен қызметтік міндеттері; педа го-
ги калық идеяның дамуына әсер ететін жалпылама факторлары, оны мектеп 
практикасына ендіру кезеңдері және т.б.
Педагогика ғылымы мен озат педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін 
мектеп практикасына ендірудің әдістемелік және практикалық мәселелерін 
М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовской, Н.В. Кузьмина, Н.В. Кухарев, Л.И. Гусев, 
Г.Л. Лұқпанов және т.б. ғалымдар зерттеді: озат педагогикалық тә жі рибені 
ендіру үдерісінің мақсаты мен маңызы; ендірудің логикалық, ен діру мақсатқа 
бағытталған іс-әрекет, ғылым жетістіктерін практикада пайдалануға даярлық 
деңгейі; ендіру іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын шарттар жүйесі, пе-
да гогикалық мақсатты шешуге мұғалім мен тәрбиешінің шығармашылық 
әре кеті, педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстық заң ды-
лық тары мен факторлары; ғылыми ұсыныстардың педагогикалық ұжымның 
тәжірибесіне айналдыру тетігі, ендіру үдерісінің алгоритмі.
Ендіру ғылыми білімнің практикаға қолданыс табуына мақсатты түрде 
ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады. Ендіру – бір-бірі нен тек 
мақсат-бағытымен ғана ерекшеленетін теория мен практика арақаты на-
сының ерекше түрі. Ендіру арнайы ұйымдастырылатын белсенді жүр гі зі-
летін үдеріс ретінде қарастырылады. 
Педагогикалық ғылыми жаңалықтарды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру 
тек мемлекет көлемінде ғана жүзеге асырылып қоймайды. Қазір әрбір мек-
тепте зерттеу мәселелеріне сәйкес жаңалықтар ендірілуде. Жаңалықты 
ендіруде мектептің, ауданның (қаланың), облыстың түбегейлі ерекшеліктері 
ескерілуі тиіс.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
190
Түпкі нәтижесі оң өзгерістер беретін озат педагогикалық тәжірибені 
инновациялық педагогикалық тәжірибе ретінде қарастыруға болады.
Ғалым В.И. Журавлев оқу-тәрбие үдерісіне жаңалықты ендірудің 
алғышартына білім беру саласындағы ғылыми ұсыныстарды ғалымдардың, 
мұ ғалімдердің, педагогикалық ұжымның, білім беру жүйесінің тәжіри бе ле-
рінде қолдану нәтижелерін зерттеуді ұсынады [81].
Субъектінің жаңалықты ендіруіне «ендіру мүмкіндіктерін» анықтауы-
мыз қажет: субъектінің ендіру үрдісіне қатынасы және ендіру іс-әрекетіне 
даярлық деңгейі. Субъектінің жаңаны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру үрдісі 
төмендегідей белгілермен ерекшеленеді: қатынас-қажеттілік арқылы (не?), 
қызығушылық (қандай деңгейде?), мотив (неліктен?), қондырғы (неге?).
Дайындық – ендіру іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ететін пе да-
гогикалық жағдай деңгейі, сондай-ақ ұжымның психологиялық ахуалын 
қа нағаттандыратын және ғылыми-әдістемелік кешеннің сәйкестігін біл ді-
ретін, ендірілетін тәжірибе.
Озат тәжірибенің ең жоғары деңгейі – жаңашылдық. Озат тәжірибенің 
авторларын жаңашыл мұғалімдер деп атайды. Жаңашыл мұғалімдер жа- 
ңа идеяны ұсынады, сондықтан оларды жаңашыл дейді. Олардың негізгі
идеясы – ұстаздық әркеттестік, яғни ұстаз бен шәкірттің қызметтестігі. 
Жаңа шыл мүғалімдердің 10 идеясы бар:
– балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыға жеке тұлға 
деп қарау;
– оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қа-
білеттілігін, әлеуметтік жағдайларын танып білу;
– оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәр-
бие үдерісінің әріптесі, субъектісі жасау, баланың тілегі мен ынта-ықыла-
сын есепке ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру;
– оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол 
мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
– балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық шы-
ғар машылығы;
– оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау 
құқығын бере алу;
– бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру, тірек сызба-
лар мен тірек конспектілерін пайдалану;
– оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету;
– шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.
Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогика-
сына біріктіруге болады.
Озат педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңа-
шылдық пен зерттеушілік. Педагогикалық тәжірибе теориялық талдау мен 


191
3.3. Педагогикалық тестілеу. Жіктеу
жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық 
зерттеулердің бірегей үлгісін көрсеткен ғалымдар ресейлік И.П. Вол-
ков, Т.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, М.П. Ще-
тинин, донецкілік ұстаз В.Ф. Шаталов, қазақстандықтар: Қ. Бітібаева,
Қ. Нұрғалиев, Р.Б. Нұртазина, А. Ысқаков және т.б.
Инновациялық педагогикалық іс тәжірибені жинақтау және тарату 
жолдары:
– мұғалімнің инновациялық іс тәжірибесін оқып-үйрену (сабақтарға 
қатысу, сабағын талдау, жеке әңгіме т.б.);
– мұғалімнің инновациялық тәжірибесін мәселелік тақырыбы бойын-
ша жинақтау (жинақтау жұмыстарының түрлері: буклет, шығармашылық 
есеп, ашық сабақтар, инновациялық ақпараттық банк, әдістемелік веб-
сайттар, т.б.);
– мұғалімнің инновациялық тәжірибесін тарату (оның түрлері, жур-
нал ға мақала беру, аудандық, мектепшілік педагогикалық оқуларға қатысу, 
ау дандық семинарлар өткізу);
– республикаға, облысқа, ауданға белгілі озық тәжірибелі, жаңашыл 
мұғалімдер тәжірибесін оқып-үйрену, оны іс тәжірибесінде пайдалану (ба-
яндамалар, газет, буклет шығару, дөңгелек үстел басындағы әңгіме, сұхбат 
және талдау), инновациялық электрондық өнімдер шығару;
– әдістемелік көрме өткізу. Сыныптан тыс жұмыстар: пән бойынша 
сайыстар (пән олимпиадалары), үйірмелер, факультативтік сабақтар, пән 
апталықтары, пән бойынша газеттер, білім сапасы күні, шығарма жазудан, 
мәнерлеп оқудан сайыс (тіл сабақтары бойынша) өткізіледі.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда озат іс тә жі-
рибені үйренудің, таратудың, насихаттаудың рөлі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет