205
3.4. Педагогикалық эксперимент
Негізіне үш критерий алынған: сол немесе басқа ойлау операцияларының
орындалу толықтығы, олардың орындалу жүйелілігінің тиімділігі және
әрекетті сезінуінің дәрежесі.
Жіктеу деңгейлері:
– бірінші деңгей (төмен) оқушы тек белгілі бір амалдарды ғана орын-
дайтындығымен, оның үстіне реттілігі өте жүйесіздігімен сипатталды;
әрекет тұтастай өте нашар ұғынылады;
– екінші деңгей (орташа) оқушылар барлық амалдарды орындайды,
оның ішінде әрекет тұтас берілетінді де, бірақ реттілігі жеткіліксіз ой лас-
тырылған, ал орындалуын түсіндіру де жеткіліксіз.
Рангілік жіктеуге тағы бір маңызды талап сыналушының сапа, біліктілік,
дағды және т.б. көрінім дәрежесінің бір жіктелу деңгейінен екінші төменірек
деңгейіне өткен кезде барынша бірқалыпты және елеулі эксперименттік
төмендеу болып табылады. Бұл талап, өкінішке орай, өте жиі бұзылады,
сөйтіп жіктеудің рангілік жүйесінің практикалық қолданысын қиындатады.
Сонымен, жіктеу – ғылыми білімді көрсетудегі кең тараған әдіс. Бұл кез
келген ғылыми зерттеудегі тәуелсіз рәсім. Жіктеуді пайдалану барлық
ғалымнан талап етіледі [47].
Сөйтіп, жіктеу жүйесін жетілдіру жай ғана түгендеу емес, тіпті тек рет-
ке келтіру емес, бірақ құбылыстар мен үдерістердің мәні мен құрылымына
неғұрлым тереңірек үңілу және белгілі бір жүйеге келтіру болып табыла-
ды. Неғұрлым жіктеу кемелденген болса, теория мен практика солғұрлым
тиімді қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: