біріншіден
, құбылыстар, оқылатын үдерістер, ны-
сандар және т.б. сырттай қарағанда көрсеткіштерінің, даму критерийлерінің
іштей қалай өзгеріп жатқанын айқындаусыз,
екіншіден
, зерттеу әдістерінің
олардың әртүрлі жағдайда көрінуінің бір-бірімен қандай қатысынсыз не-
гіздеу мүмкін емес. Тек осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана зерттеу
үдерісінде шүбәсіз тұжырымдалған ғылыми қорытындыларды қабыл-
дауға болады. Әдістеменің барлық құрамдас элементтері мен тұтас әдіс-
те мені зерттеудің міндеттеріне сәйкестігін, жеткілікті дәлелденгендігін,
ди дактикалық зерттеудің ұстанымдарына толық сәйкестігін тексеру керек.
Дидактикалық зерттеудің әдістері дидактиканың даму барысында, проб-
лемалар жинағының кеңеюі мен тереңдеуі барысында жаңа элементтер-
мен дамиды және толығады. Қазіргі заманғы дидактикада педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік, биологиялық және т.б. кешенді әдістер кең
қолданыс табуда.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктемесі. Зерттеу әдісі белгілі бір
ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағытталған
зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым
ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек бола-
ды. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының
өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі.
Педагогика ғылымы әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерт-
теу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымын есепке алу
қажет. Олардың біріншісі –зерттеу әдістерінің көптүрлілігі ұстанымы кез
келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын
білдіреді. Екіншісі – алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алы-
натын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
178
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды
ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады. Ғылымда
екі танымдық негізгі қабілет бар – ақыл-ойлық және сезімдік. Сезім оқып
үйренілетін пәнмен байланысқа түсіріліп, ол туралы сезімдік түсініктер
алуға көмектеседі. Ақыл-ой зерделенетін пәннің ішкі құрылымын ашып
көрсетуге, оның мәнді сипаттамасын анықтауға, зерттеу пәнін болып жатқан
оқиғалардың аясында қарастыруға ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген екі
танымдық қабілетке сәйкес ғылым таным құрылымында – эмпирикалық
және теориялық болып екіге бөлінеді.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер,
істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын
танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына
байқау мен эксперимент енеді. Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды
мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі
мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құ бы-
лыс тармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен
тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді.
Байқау әдісі өте қарапайым ұйымдастырылады. Бірақ оның кемшілігі
зерттеушінің тұлғалық ерекшелігіне, көзқарасына, ынтасына, психикалық
күйіне орай субъективтік қорытынды жасалуы мүмкін.
Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру
саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын ала күрделі мәселелерге байла-
нысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып,
жүйеленеді. Әңгімелесуде жауап берушінің ақпараттары тікелей жазылмай,
сырласу жағдайында күдік туғызбайтындай түрде жүргізіледі, зерттеуші
материалдарды есте сақтауға тырысады. Сұхбат – бұл зерттеудің дербес
және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың
толық болмау жағдайларында қолданылады. Бұл әдіс – әлеуметтану ғы лы-
мынан педагогикаға енгізілген әдіс. Зерттеуші алдын ала беретін сұ рақ-
тарын дайындап алып, сұхбаттасқан адамға бір жүйемен сұрақтар беріп,
оның жауаптарын көзбе-көз жазып алады. Мысалы, ағарту саласымен шұ-
ғылданатын тарихшы ғалыммен педагогика тарихы жайлы мәселелер тө-
ңі регінде сұхбаттасқанда сұхбатты қолма-қол қағазға түсіреді. Сауалнама
жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып,
зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады.
Әңгімелесу мен сұхбат бетпе-бет ұйымдастырылса, сауалнама сырттай бе-
рілген сұрақтарға жазбаша жауап алатындықтан оларды математикалық
әдіспен талдап қорытынды шығаруға болады.
Сырттай сауалнама алу тілшілермен байланыстар арқылы ұйым дас-
тырылады. Нұсқаулары бар сауалнама поштамен жіберіледі, сонда сауал-
нама осы тәсілмен зерттеуші ұйымдардың мекенжайына қайтып келеді.
179
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу ...
Баспасөз арқылы сауалнама алу – газетте орналасқан сауалнама арқылы іске
асады. Редакция оқырмандар толтырылған сауалнама алған соң ғылыми не-
месе практикалық мақсаттарымен сәйкес алынған мәліметтермен жұмыс
істейді.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қолданады.
Экс перименттек байқаумен шектелмейді, сондай-ақ нақты зерттеу пәніне
жоспарлы әсер етуді ойластырады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анық-
тал ған шарттары, құралдары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толық-
қан ды ұйымдастырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты – заң-
ды лықтарды орнату, фактілерді табу.
Ғылыми-педагогикалық эксперименттің маңызды екі ерекшелігі бар.
Эксперимент жүргізген кезде бөтен әсерлердің барлығын болдырмауға ба-
ғытталған басқарылатын жағдай орнауы керек. Бұл жайт ғалым-педагогқа
өзі зерделейтін пәнді тәптіштеп қарастыруға, өзі өлшейтін мөлшерді
қадағалауға мүмкіндік тудырады. Егер белгілі бір зерттеу пәні, құбылыс
бір-ақ рет зерттелген болса, онда онымен болған өзгерістер зерттеу аясын да
қайталанбайтын жағдайдың салдары ретіндегі кездейсоқтық болуы ықти-
мал. Мұндай негізде ғылыми болжамның дәлелденгені туралы айту қиын әрі
кез келген эксперимент өз мәнін жоғалтады. Нағыз эксперименттің құндылы-
ғы жақсы жоспарланып, мұқият өткізілген эксперименттік жұмыстан соң
басқа ғалым-педагогтар тексере және қайта тексере алатын нәтижелердің
пайда болуында. Егер эксперимент нәтижелерін қайталағанда бұрынғы
нәтижелер расталмаса, онда эксперименттің сәтсіздікке ұшырағаны.
Педагогикалық эксперимент жүргізу өте күрделі және тынымсыз ең-
бектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден
күрделі рәсім. Экспериментті дайындау кезеңінде оны жоспарлау, өткізуге
қа жетті шарттарды орындау, жүзеге асыру стратегиясын жасау, өлшемдік
құ ралдарын құрастыру, кездейсоқ әсерлерді болдырмау мәселелерін ойлас-
тыру керек. Эксперимент табиғи (табиғи эксперимент) және қолдан құ-
рылған, жасалған жағдайларда жүргізіледі. Педагогика ғылымында табиғи
және жасанды эксперименттік жұмыс жүргізіледі.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ әңгімелесу,
сұрақ-жауап (интервью, анкета алу, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен
бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т.б. жатады.
Педагогикалық консилиум әдісі. Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі
бағ дарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның
ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауыт-
қу лардың себептерін табу, сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу
құралдарын бірге талқылауды қамтиды.
Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазба-
ша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
180
Ғылыми әдіс – ғалымдардың өзінің зерттеу жұмысында пайдаланатын
категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру
модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. Қазіргі ғылыми әдіс
жасалған және құрылымданған әдістің ішкі ұйымдастырылуын қамтамасыз
етеді. Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған объективті шынайылықты
зерттеудің құралы. Әр ғылым өзінің зерттеу пәнінің ерекшелігіне сай таным
құралдары мен саймандарын жасап шығарады және жетілдіреді.
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық сипаттағы
әдістер нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан туындайды да,
олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін се беп-
терді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды объектілерді құру
жатады. Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты
немесе көмескі түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады. Үлгілеу – ар-
найы зерделеу үшін жасалған басқа нысанда белгілі бір объектінің сипат-
тамасын елестету, объектінің екіншісі біріншісінің моделі деп аталады.
Жалпы түрде алғанда үлгі– зерттеу объектісінің кейбір жақтарын, байла-
ныстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі. Модельдеу негізінде
белгілі бір зерттелуші объекті (түпнұсқамен) және оның үлгісі арасындағы
сәйкестік жатады. Идеалдық үлгі ғылым қанша өмір сүрсе, сонша уақыт
таным құралы нәтижесінде қалыптаса отырып, ғылыми таным үдерісімен
бірге үлгі танылады. Ойдағы үлгілерді идеалды деп атайды. Бұл атауларда
оларды құрастыратын тәсіл көрініс тапқан. Идеалды модель – ертеден келе
жатқан шын мәніндегі таным құралы.
Сонымен, модельдеу педагогикалық зерттеулердің барлық кезеңдерінде
танымның жалпы әдісі болып есептеледі.
Зерттеу әдістерінің тізімі және оларды таңдау алынатын нәтижеге
ғы лымилық сипат беру үшін емес, сол зерттеулердің тақырыбы мен мін-
дет терінің, логикалық және объективті қажеттілігінің сипатына қарай
жүр гізіледі. Әдістерді дұрыс таңдау үшін әдістің жалпы және жеке мүм-
кін діктерін, оның зерттеу тәсілдері жүйесіндегі орнын зерделейтін ма те-
риал дың ерекшелігі мен педагогикалық болмыстың зерделеу деңгейіне бай-
ланысты қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |