Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Зерттеудің теориялық жане тәжірибелік маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы
анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз.
171
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері.
3. В.М. Полонскийдің еңбектеріндегі педагогикалық зерттеудің нәтижелерін сипат-
тайтын негізгі құрамдас бөліктерінің бір-бірімен байланысын түсіндіріңіз.
4. Тақырыптың көкейкестілігі өлшемдеріне сәйкес өз зерттеуіңіздің өзектілігін
бағалаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
5. «Педагогикалық зерттеудің нәтижелері» тақырыбында кесте дайындаңыз.
6. «В.М. Полонский – педагогикалық зерттеулер сапасын бағалау мәселелерін
зерделеуші ірі ғалым» тақырыбында эссе жазыңыз.
7. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу сапасын бағалау (өзектілігі, жаңалығы, теориялық
маңыздылығы)» тақырыбында кесте толтырыңыз.
8. Өзіңіздің зерттеу тақырыбыңызды таңдаудың дұрыстығын төмендегідей матри-
ца ның көмегімен тексеріп көріңіз: тақырыптың ғылыми бағытқа, ҒЗИ (ЖОО)
бағдарына сәйкес келуі; тақырыптың әлеуметтік сұранысты жүзеге асыруға ба-
ғытталуы, яғни өзектілігі; тақырыпты таңдауда мәселелердің болуы; тақырыптағы
нысан мен зерттеу пәнінің анықтығы; зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге
көзделінуі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жаңашылдығы; теориялық және
практикалық маңыздылығы немесе оның орындалуының тиімділігі; тақырып
бойынша зерттеу жұмысын берілген мерзімде іске асыру; зерттеудің міндеттерін
шешуде жағдайдың және құралдардың болуы; зерттеу тақырыбының болашағы,
оны іске асыратын әдістер немесе жаңа әдістерді дайындау мүмкіндігінің болуы;
мәселенің деңгейін анықтау және бұл мәселе бұрын-соңды қарастырылған ба, жоқ
па, соны тауып көрсету, сондай-ақ оның жаңашылдығын дәлелдеу.
9. Зерттеудің жаңалығын тұжырымдауда теория мен практиканың өзара байланысы
бәрінен жиі көрінеді. Бұл нендей шарт?
10. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын бағалау критерийі қан-
дай?
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
172
3-ТАРАУ