2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің
сапасын бағалау өлшемдері
Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйым дас-
тыру әдістері мен теориялары, оның маңызды ұстанымдары, білім жүйе сін
159
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
басқару нысандарының заңдылықтары жөнінде жаңа білім алуға бағыт-
талған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрын-
нан танымал теорияларға сүйене отырып, тәжірибелік байқау жасауға бола-
тын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен
әдістердің өзара әрекеттерімен, жүйелілігімен, мақсаттылығымен ерек-
шеленеді.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын
ба ғалау өлшемдері мен әдістері. Зерттеулердің сапалылығы ғылым өні-
мі нің тұтыну құндылығымен тығыз байланысты. Барлық тұтыну құн ды-
лық тарының пайдалы жағын бағалау үшін зерттеу нәтижесінде алын ған
тео риялық және практикалық қағидалар жиынтығына, оның сапа сына
сүйе неді. Зерттеу сапасы оның нәтижесінің жаңалықтарымен, өзек ті лі гі-
мен, теориялық және практикалық маңыздылығымен анықталады. Ғы лы-
ми-пе дагогикалық зерттеу жұмыстарының басты сапасы жаңа тұ жыр ым-
да малар, идеялар, оқу-тәрбие саласындағы тәсілдер мен келешекте қол-
данбалы зерттеулерді дамыту үшін жол көрсететін мәнділігінен көрі неді.
Қолданбалы ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының сапасы оның
практикалық маңыздылығында, оқыту мен тәрбие үдерісіне ықпал етуін де,
алынған білімнің өзектілігінде. Зерттеу нәтижелері нақты ғылыми өлшем-
дер көмегімен бағаланады.
Ғылыми немесе ғылыми-техникалық көрсеткіштер дегенде кез келген
ақпарат таратушы айқындаған шешімдер мен жаңа мағлұматтар қамтылған
ғылыми-техникалық әрекеттер өнімдері түсіндіріледі.
Ғылыми құндылықты тек қоғамдық жаңа хабарламалар алуға болатын
зерттеулер ғана білдіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың
негізгі бірлігі оның нәтижесі болып табылады, оны бағалау үшін мазмұны
ашылып, ішкі байланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Нә ти-
женің мазмұнын жаңа өлшемдер сипаттаса, құндылығын теориялық және
практикалық маңыздылығы мен өзектілігі анықтайды.
Жаңалық деңгейін анықтайтын өлшемдер бұрын ғылым мен практи-
када қолданылмаған жаңа теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсы-
ныстардан тұрады. Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипатта-
маларды қолдануды ұсынуға болады. Түрлері жағынан оны теориялық (тұ-
жырымдама, болжам, терминология, т.б.) және практикалық (ереже, ұсы-
ныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе, т.б.) деп бөлуге болады. Жұмыс
түрі мен зерттеу саласына байланысты бірінші орынға оның теориялық не-
месе практикалық жаңалығы қойылады. Жаңашылдық деңгейі алған білім-
де рінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Жаңашылдық нақтылау,
толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады.
Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен
тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
160
кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды көрсетеді. Толықтыру
деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық
жағ дайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Мысалы,
ғылымилық ұстанымын дидактикада 50-жылдары М.Н. Скаткин тұжы-
рым даған, ол төмендегідей жағдайларды қамтыған: оқушыларға берілген
мәліметтердің ғылыми растығы, суреттеп отырған құбылыстардың мәнінің
ашылуы, оқушыларды маңызды деген материалистік теориялармен таныс-
тыру, дүниені танып білу туралы оқушылардың ғылыми көзқарастарын
қалыптастыру, оларды абсолюттік және салыстырмалы ақиқат пен ғылыми
таным әдістерімен таныстыру.
ХХ ғасырдың 80-жылдары Л.Я. Зорина жүргізілген зерттеулерді негізге
ала отырып, бұл ұстанымды бұрыннан белгілі емес үш жаңа қағидамен
толықтырды: білімнің заманауи ғылым деңгейіне сәйкестігі; ғылыми та-
ным әдістері жөнінде оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру, таным
үдерісінің басты заңдылықтарын ашу. Жаңару деңгейі теорияда бұрын бол-
маған оқыту мен тәрбиелеу саласындағы әдіс-тәсілдермен, жаңа идеялар-
мен сипатталады. Аталмыш саладағы белгілі ұғымдардан түбегейлі ерек ше-
леніп тұратын жаңа көзқарас ұсынылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анық-
тау әдістері. Негізгі нұсқаны салыстыру әдісінің қамтитындары: эталонның
құрылуы; алынған нәтижелердің топталуы; талдап отырған жұмыс пен не-
гізгі нұсқаның салыстырылуы. Бұл нұсқада белгілі кесте бойынша ірік те-
ліп, бейнеленген педагогика саласындағы осы уақытқа дейінгі белгілі тео-
риялық және практикалық білім көрсетіледі.
Базалық нұсқаның құрылуы ізделіп отырған мәселе бойынша әде-
биет терді анықтауды, оларды түрі мен сипатына қарай бейнелеу арқылы
білімдерді топтауды қарастырады. Сөйтіп, іздеп отырған мәселе бойынша
негізгі нәтижелердің (тұжырымдамалар, әдістер, идеялар, ұсыныстар, т.б.)
тізімі алынады. Аталмыш эталон салыстырмалы болады және ол белгілі бір
уақытқа тән.
Нәтижелерді талдап, топтау кезеңінде сарапшылар бағалап отырған
жұ мыс нәтижесіне талдау жасап, оны жаңашылдық деңгейі мен маз мұ-
нына қарай білім түрлері бойынша топтастырады. Жаңашылдықты анық-
тау дың ақпараттық әдісі ізденіс жұмыстарынан ұқсас тұжырымдар сана-
ла тын құжатты қарауды қамтиды. Сарапшылар құжаттарды оқып, өз тә жі-
рибелеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды. Құжаттардың (диссерта-
ция, ғылыми есеп, мақала) тек атауы мен негізгі мақсаты ғана тіркеледі.
Алынған нәтижелер бейнеленбейді. Жаңашылдықпен оқыту әдістемесі
мазмұны неғұрлым түпнұсқаға сай келетін құжат іздеуді қарастырады. Со-
дан кейін сарапшылар құжаттарды іріктеп, жаңалық деңгейін салыстырады.
Бірдей тұжырым жасалған құжаттар кездесіп қалса, онда ол қысқартылады.
161
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
Кейде мәліметтер базасына енбеген, бірақ ұқсас тұжырымы бар құжат бо-
лып қалуы ықтимал.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесінің жаңашылдығын ба-
ға лау үшін антиципация әдісі (күн ілгері білу) қолданылады. Бұл әдіс қа-
ра пайым ғана болғанымен, сенімді тұжырым жасайды. Ол алдын ала жос-
парланған зерттеулерді талдау үшін тиімді. Бұл әдістің мәні: жұмыс нә ти-
жесі сұрақ түрінде көрсетіледі. Сарапшылар сұраққа жауап береді. Жауап
сәйкес келіп қалған жағдайда жұмыста көрсетілген нәтижелердің белгілі
екені анықталады. Кейде тұжырымның белгілі болып, сарапшылардың
жауабы сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа тұжырымдар қо-
сымша дәстүрлі тәсілдермен анықталуы тиіс.
Соңғы кездері мәтіндік құжаттарды тексеру үшін AntiPlagiat.ru. ин тер-
неттік желісі пайдаланылатын болды. Бұл желінің іске қосылуы базадағы
мәтіндердің түпнұсқалығын тексеруге үлкен мүмкіндік берді. Жоғары оқу
орындарының бірқатары ҚР Ұлттық кітапханасы базасының мәліметтері
бойынша курстық жұмыстар, рефераттар, диссертацияларды тексеріледі.
Аталмыш желі зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығын тексеру үшін де пай-
даланылады. Авторлықты анықтау үшін интернетте бүкіл ақпарат болуы
тиіс. Ғылыми мәтіндердің көпшілігі қағазда қалып қоюы сөзсіз. Көптеген
авторлар түп деректі заңды түрде дәйектейді. Егер ол оны екінші рет
қосымша нұсқасымен жариялайтын болса, автор шығармашылық ұрлығы
үшін айыптауы тиіс.
Докторанттар мен магистранттар зерттеу нәтижелерінің келесі түрле-
рін, атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмысының есебін, зерттеу тақырыбы
бойынша ғылыми мақала, баяндама, әдістемелік ұсыныстар, монография
және т.б. пайдаланады.
Педагогикалық зерттеудің өзектілігін бағалаудың өлшемдері мен әдіс-
тері жасалуда. Психологиялық-педагогикалық жұмыстардың нәтижесінің
тео риялық және қолданбалы маңыздылығы, жаңашылдығы, ғылыми жұ-
мыс нәтижелерін қолдануға және енгізуге дайындығы олардың басты өл-
шем дері саналады. Зерттеуде ұсынылған өлшемдер жұмыстың квинтэссен-
циясын құрауы тиіс. Өлшем – зерттеуге ұсынылған жұмыстың негізгі
құралы. Өлшемдерді және оларды негіздеу әдісін талдау аса қажет.
Өлшемнің жеткіліктілігі ұсынылған ақпараттың толықтығына бай-
ла нысты. Педагогикалық құбылысты бағалау үшін үлкен көлемдегі өл-
шемдерді ұсынуға болады. Мақсат қоюы мен тиімділігі жағынан таңдап
алынған өлшем және оның көрсеткіші мәселені шешуге қол жеткізеді.
Өлшемдер жүйесі негізінде талдау нәтижесін түсіндіру оған деген ерекше
талап пен оны қолдану әдісіне жатады, оны нақты объективті мәліметтермен
қамтамасыз ету қажет; бақылау жағдайында педагогикалық құбылыстың
қандай да бір заңды байланысын анықтау керек.
|