2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
170
әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне, оған дайындық дәрежесіне, ендіру
масштабына тәуелді. Сөйтіп, зерттеудің теориялық және практикалық
мән ділігінің ерекшеленген деңгейлері зерттеу нәтижесіндегі қажеттілік
дәрежесін анықтау негізінде жатады.
Теориялық маңыздылықтың неғұрлым кең тараған параметрлері:
– жаңалық;
– тұжырымдамалық және дәлелдік;
– болашағының болуы.
Педагогикалық-психологиялық зерттеу нәтижелерінің қолдануға және
ендіруге дайындық критерийлері төмендегіше айтылуы мүмкін:
1) жұмыс нәтижелері ендіруге дайын, нормативтік материалдар, бағ-
дар ламалар, әдістемелік құралдар дайындалған;
2) жұмыс нәтижелері ендіруге негізінен дайын, педагогикалық-пси хо-
логиялық нұсқаулар, әдістемелік ұйғарымдар жасақталған;
3) нәтижелер ендіруге дайын емес.
Диссертациялық зерттеулерді пікір берушілердің, сарапшалардың ба-
ға лауынан басқа ғылыми жобаларды бағалау белсенді түрде жүргізіледі.
Оларға гранттық қаржыландыруға берілген жобалық сұраныс бойынша
экс перттік қорытынды қызметтері шығарылады.
Беделді пікір дайындау үдерісі бірнеше амалдардан тұрады, оның
ішінде ғылыми зерттеуді жүргізу қажеттілігін негіздеуді авторлық баға-
лау да бар. Гранттық сұраныста зерттеу тақырыбы, оның мақсаттары, мін-
деттері көрсетіледі, бірінші кезекте болжанатын негізгі теориялық және
прак тикалық ережелер және нәтижелер тұжырымдалады. Негіздеменің мін-
детті элементі осы тақырыпқа байланысты мәселелер қарастырылған жа-
рия ланымдарға қысқаша талдау болу керек.
Сарапшылар автордың сұранысын зерделейді және алдағы талдау үшін
неғұрлым болашағы бар көкейкесті тақырыптарды іріктейді. Сонымен
қатар олар зерттеушінің осы тақырып бойынша еңбектермен қаншалықты
таныстығын ескереді. Сонымен бірге автордың ғылыми жұмысының түпкі
нәтижелерін және оның бұдан бұрынғы белгілі еңбектерден қаншалықты
айырмашылығы бар екендігін нақты сипаттауын бағалайды. Конкурста
жеңіске жеткен жобалар ағымдағы және қорытынды жұмыстарын жа са-
ғаннан кейін бағаланады.
Магистрлік және докторлық диссертацияларды, жобалық сұраныстарды,
оларды жүзеге асыру сапаларын бағалау критерийлері ғылыми қауымдастық
– рецензенттер, оппоненттер, эксперттер, сонымен қатар ғылыми-зерттеу
жұмыстарын орындаушылар тарапынан ғылыми қызмет құралын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: