Біріншіден
, бұл тео-
рияның дәл, метафоралық атауы бар. Ағылшын тілінде ол «truе-score model
of measurement» депаталады. Сондықтан оны теория емес, өлшеу моделі деп
атаған дұрыс.
Екіншіден
, бұл модель – ХХ ғасырдың басындағы педагогика
мен психологиядағы өлшеуге физикалық өлшеу теориясының идеяларын ау-
ыстыру. Осыдан қысқартылған, шынайылығы аз аксиоматика шығады. Оны
өлшеудіңшынайы және қате компоненттерінің моделі деп атауға болады.
2. Екінші теорияны шартты түрде орыс тіліне «өлшеудің математикалық
теориясы» деп атауға болады (Item Response Theory, IRT).
3. Үшінші теория – бұл бір мезетте әдіснамалық және метрикалық
жүйе.
Сондықтан ол Г. Раштың метрикалық теориялық жүйесі деген атауға
ие болады. Қазіргі кезде жаңа типтегі мектепке оқуға түсерде шетелдердегі
жоғары оқу орындарында үміткердің құзыреттілік деңгейі, яғни практикалық
іс-әрекеттегі міндеттерді шешу қабілеті тексеріледі. Міндеттер типтері
201
3.3. Педагогикалық тестілеу. Жіктеу
оқушының шынайы өмірде болатын жағдайлары туралы жағдаяттар ар-
қылы беріледі. Мұндай тестер әдетте уақыттың сұранысы мен күтілетін
нә тижелерге қатысты білім беру нәтижелерінің өмірге қабілеттілігін анық-
тайды. Міндетті білім беруді аяқтау сатысында меңгерілген білімдер мен
біліктер емес, олардың қалай қолданылатыны мен болашақта оқушылар
үшін пайдалы болатыны, мектептегі оқудың білім алушыларды өзбетімен
оқуға, өз бетімен қажетті ақпаратты іздеуге қаншалықты дайын екендігі,
яғни қазіргі қоғамға табысты бейімделуі ерекше қызығушылық тудырады.
Бүгінгі күндегі білім берудің маңызды міндеті ретінде білім берудің
сапасын басқаратын, объективті инструментарийін құрастыру, оның оқыту
мен бақылаудың өзгермелі тұжырымдамаларына, практикалық тұғырларға,
тұлғаның білім алу қажеттіліктеріне сәйкестігі алынады. Білім алушылардың
оқу жетістіктерінің сапасын бақылау және бағалаудың дәстүрлі жүйесінің
білім беруді модернизациялау және оның сапасын басқарудың заманауи
бағыттарымен сәйкес келмейтін, көптеген маңызды кемшіліктері бар.
Бірінші олардың қатарына педагогтардың бағалаудағы субъективтілік
көрінісі; оқытудағы құзыреттілік тұғырға және заманауи талаптардың дең-
гейіне сәйкес объективті бақылау құралдарының болмауы; баға лау дың
стандартталған өлшеуіштерінің, бірыңғай шкалалардың және крите рий лер-
дің болмауы; оқу іс-әрекетінің нәтижелерін өзіндік бақылау, өзіндік түзету
және өзіндік бағалауды жеткіліксіз әдістемелік қамтамасыз ету; тұлғалық-
бағдарланған және дамытушы оқыту идеяларын практикалық жүзеге асы-
ру дың заманауи әдістерінің болмауы және т.б. Бұл мәселелерді шешуде
жоғары оқу орындарында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және
білім беру үдерісіне жаңа білімдерді, едәуір тиімді және сұранысқа ие білім
беру тәжірибесін тұрақты ендіру арқылы педагогикалық білім мазмұнын
жаңартумен қатар құзыретті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Дегенмен педагогикалық өлшеуді дамытпайынша, білімді бақылау фор-
малары қарапайым бюрократиялық бақылау формаларына айналады. Олар:
– тест тапсырмаларының жаңа формаларын құрастыру;
– тестер мен тест тапсырмаларының мазмұнын маңызды жаңарту;
– педагогикалық өлшеу мен білім беру іс-әрекетінің сапасы мен тиім-
ділігінің көрсеткіштерін орталықтандырылған түрде құрастыру;
– педагогикалық өлшеу тілін жақсарту.
Оқытудың әрбір деңгейі және әрбір оқу пәні үшін мазмұны мен тех-
нологиялық формасы бойынша іріктелген тапсырмаларды құру ұсынылады.
Мұндай логикалық тапсырма жаппай білім берудің сапасын түбегейлі өз-
гертуге қабілетті.
Дегенмен мамандық дайындаудың болашақта шешілетін көптеген
мәселелері:
– бағалау өлшемдерінің, білім сапасын бақылау құралдарының тиім-
ді лігін анықтау және жүйелеу;
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
202
– білім салалары бойынша білім сапасын бақылау және бағалау
инструментарийлерін белгілеу;
– оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін рейтингілік шкалалау;
– педагогикалық өлшеу саласында халықаралық стандарттарды ендіру
бойынша басқа елдердің тәжірибесін немесе халықаралық тәжірибені зерт-
теу мен қолданудың алуан түрлі жолдарын зерттеу мәселелері тұр.
Тестіге қойылатын талаптар: жауаптары бірмәнді, яғни дұрыс жауабы
біреу ғана болуы керек; нақты да дәл жауапты талап етуі қажет; өлшеу шәкілін
(шкаласын) қолдану, математикалық өңдеуге мүмкіндік беріп, бір мезгілде
неғұрлым көбірек оқушыларды қамтып, бірдей деңгейлер мен көлемдегі
білімдерді анықтау болып табылады. Тест өңдеуде олардың қаншалықты
жо баланған оқыту, білім беру, дамыту мақсаттарына сәйкестігімаңызды.
Бі лімділікті диагностикалаудың маңызды критерийлері; тиімділігі (ва лид-
ті лігі, көрсеткіштілігі), сенімділігі (ықтималдылығы, дұрыстығы), сарап та-
ма лығы (айырмашылығы) болуы.
Классификациялау, яғни жіктеу дидактикалық зерттеудің жаңа әдісі
ретінде заттар мен құбылыстарды нақты ерекшеленген белгілері бойын-
ша салыстыру негізінде және қандай да болсын топтарға және санаттарға
бөлінеді. Сөйтіп әрбір топ өзіндік ерекше орын алады, нысандардың ту-
ыстас топтарының арасында байланыс байқалады, түсіндіру мен болжам
үшін мүмкіндіктер ашылады.
Саралап жіктеме құру белгілі бір логикалық ережеге бағынады:
1) бірдей жіктеулерде дәл сондай бірдей негіз болу керек;
2) жіктеу белгілерінің көлемі жіктеліп отырған жиынтықтың көлеміне
сәйкес келу керек, яғни жіктеу мүшелерінің қосындысы жиынтықты тауысу
және одан артпау керек;
3) жіктеу белгілері бірін-бірі жоққа шығару керек, яғни мүшелердің
бірде-бірі басқасының көлеміне кірмеу керек;
4) кластарға бөліну үздіксіз жүру керек, яғни жақын жердегі топтың
тармағын аттап өтпей бірте-бірте сапа негізі ретінде бөлінетін өсу немесе
кему жолымен жүру керек.
Ғылыми білімнің даму шамасына қарай оқиғаның (құбылыстың) жік-
телуі тереңдей немесе нақтылана түседі. Көптеген педагогикалық құбы-
лыстың күрделілігі және жете зерттелмеуі олардың барынша өнімді жіктелуі
туралы жиі талас тудырады [36, 113].
Жіктелу – заттардың қандай да бір түрдің өзіне тән елеулі белгілеріне
және олардың басқа заттардан айырмашылығына орай топтарға бөлінуі,
осыған сәйкес әр түр, өз кезегінде, тағы да топшаларға бөлінеді. Нысанның
бір ғана тобының өзі пәніне және зерттеу міндетіне қарай әртүрлі негіздер
(критерийлер) бойынша жіктелуі мүмкін.
Жіктелу – ғылыми танымның ең көп таралған бағыты. Онсыз бірде-
бір байыпты педагогикалық зерттеу жүргізілмейді. Жіктелу – бұл қандай да
203
3.3. Педагогикалық тестілеу. Жіктеу
болсын білім саласындағы нысандар мен олардың өзара байланыстарының
ор тақ белгілері мен заңдылықтары негізінде құрылған жарыспалы ұғымдар-
дың (топ, нысан, құбылыс) жүйесі. Ол бұл ұғымдар мен нысандардың
жіктерінің өзара байланыстарын орнату үшін қолданылатын құрал ретін де
пайдаланылады.
Жіктеу (лат.
Достарыңызбен бөлісу: |