173
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу ...
педагогикалық консилиум қолданылады. Ақырында, әдістердің үшінші то-
бында: зерттеу нәтижелерін сапалы талдау және нәтижелерді сандық түрде
өңдеу (статистикалық және статистикалық емес) әдістері қолданылады.
М.Н. Скаткиннің «Методология и методика педагогических исследова-
ний» және Ю.К. Бабанскийдің «Проблемы повышения эффективности пе-
дагогических исследований» атты кітаптарында оқытудың әртүрлі мәселесі
бойынша дидактикалық зерттеудің нақты әдістемесі берілген. Бұл әдістерді
білу ғалым-зерттеушіге ғана емес, мектептің әрбір мұғаліміне қажет. Бұл
өзге мұғалімдердің тәжірибелерін үйрену, өзінің кәсіби қызметіне баға беру
және шығармашылықпен іздену үшін керек [213; 21].
.Бүгінгі күні зерттеу қызметін ұйымдастыруда білім мен біліктерді
меңгеру мәселесі әрбір мұғалім, әрбір басшы үшін ерекше көкейкесті бо-
лып отыр, себебі педагогикалық ұжымдардың көпшілігі тек оқу үдерісін
жетілдірумен ғана емес, сонымен қатар инновациялық технологияны қол-
данып және жасаумен де айналысады.
Еліміздің көптеген мектептерінің базасында эксперименттік білім беру
алаңдары құрылған. Эксперименттік білім беру алаңдары жалпы мектеп-
терден оқытудың жаңа мазмұнының, педагогикалық қызметтің жаңаша
әдіс-тәсілдерінің жобалап, жүзеге асыруымен ерекшеленеді және білім
беру үдерісінің жаңа формалары іздестіріліп, сәйкес диагностикалық жүйе
жобаланып, сынақтан өткізіледі (14-кесте).
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: