Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет70/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеу мақсатының қызметтерін түсіндіріңіз.
2. Зерттеу мақсатын құрастырудың алгоритмін ұсыныңыз.
3. Өз зерттеуіңіздің мақсаты дұрыс құрастырылғандығын тексеріңіз.
4. Педагогикалық зерттеудің болжамы неше бөліктен тұрады?
5. Магистрлік диссертацияңыздың болжамының құрамына талдау жасаңыз.
6. Жетекші идея мен болжамның байланысын түсіндіріңіз.
7. Өз зерттеуіңіздің жетекші идеясын сипаттаңыз.
8. Зерттеу міндеттері туралы әдебиеттерге қысқаша шолу дайындаңыз.
9. Магистрлік диссертацияңыздың міндеттерін сипаттаңыз.


149
2.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-түсініктік алаңы
2.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің 
ұғымдық-түсініктік алаңы
Түсініктер мен терминдерді анықтау және нақтылау – әрбір зерттеудің 
алдына қойылып отырған міндет, дегенмен ол жеке кезеңге бөліне бермейді 
және зерттеулік ізденістің тақырыбын, нысаны мен пәнін нақтылаумен 
қиыса алады. Түсініктік-терминологиялық жүйе диагностика және қайта 
бейнелеу әдістерімен, әдістемелерімен, реттіліктерімен, модельдерімен 
қатар зерттеудің ғылыми аппаратының бөлігі болып табылады. Түсініктер 
– құбылыстар мен үдерістердің белгілі бір қатарының болмыстық белгілері 
немесе болмысының жалпыланған түріндегі кескіні. Түсініктерде термин-
дер деп аталатын сөздерге түсінік беріледі. Сонымен қатар әртүрлі термин-
дер, көбінесе, үдеріс дамуының әртүрлі сатыларында бір түсінікті де білдіруі 
мүмкін. Зерттеу жұмысының барысында қолданылатын қажетті ұғымдар 
мен түсініктер құбылыстар мен үдерістердің мағынасын және оларға 
тиесілі терминдердің шеңберін белгілейді. Өйткені көптеген терминдердің 
көпмағыналылығы және жалпыға бірдей емес, барабар емес терминдерді 
қолданудың мүмкіндігі анық білінетінін ескерген жөн.
Келесі рәсімдерді өткізген пайдалы:
– үдерістің болмыстық сипаттарын кескіндеуге жеткілікті зерттеудің 
базалық түсініктерінің шеңберін (тізімін) анықтау. Зерттеудің ерекшелігіне 
байланысты олардың қатарына білім беру, әлеуметтену, жекелендіру, тәр-
би елеу, тұлғаның дамуы, қалыптасу, ақпарат, оқыту, өз бетінше білім алу, 
ын таландыру, парадигма және т.б. түсініктер (және сәйкес терминдер) енуі 
мүмкін;
– базалық түсініктер мағыналық тереңдігі бойынша бірмағыналы ма, 
жоқ па, соны анықтау керек, егер жоқ болса, сәйкес анықтамалар мен түсі-
нік тер беру қажет;
– авторлық түсініктерді бөлу және нақтылау, яғни зерттеу авторы ен-
гіз ген немесе автор ұсынатын түсініктерді анықтау;
– түсініктерді белгілі бір логикалық қатарға түзу, яғни түсініктік мат-
ри цаны құру, түсініктік қатарды анықтау. Мұндай қатардың негізін қалаушы 
теория (іс-әрекет теориясы, жеке тұлғалық-әрекеттік тұғыр, бағдарламалық-
мақсаттық басқару теориясы және т.с.с.) негіз бола алады.
Мысалы, мәдениет мәселелері зерттеулерінде әлеуметтік феномен ре-
тінде мәдениет құрылымынан шығып, түсініктік қатар түзуге болады: құн-
дылықтар мен мұраттар; ғылыми білімдер, ғылыми емес білімдер; әдет-ғұ-
рыптар мен дәстүрлер, өнер (бейнелер); инновациялар. Мәдени орта, ин-
культурация, культурогенез, мәдени дәстүрлер, мәдениеттің инновациялық 
эле менттері енгізілуі мүмкін. Барлық жағдайда түсініктерді түсініп, олар-
дың көлемдерінің сәйкестілігін өзара байланысты бақылаған пайдалы. 


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
150
Жаңа түсініктер мен терминдерді өте мұқият енгізген жөн және мұны 
зерттелінетін нысандардың ішкі байланысын білдіруге арналған түсініктер 
жеткіліксіз болғанда ғана жасау керек. Белгілі терминдерді жаңа мағынамен, 
толықтырылмаған жаңа терминдермен алмастыру тиімсіз.
Сонымен қатар қандай да бір жаңа құбылысты, сапалардың және си-
паттамалардың анықталған жиынтығын ерекше терминмен білдіру әл де-
қайда пайдалы болады, бұл автордың түсініктің күрделі мазмұнын бірнеше 
рет қайталауын, оның толық анықтамасын беруін қажет етпейді. Айталық, 
А.С. Белкин енгізген «витагендік оқыту» термині оқушылардың өмірлік 
тәжірибені қолдануын ғана білдірмейді, сонымен қатар бұл тәжірибенің 
берілген кезеңге арналған фактілерді оқытуды қайта өңдеуде, оларды ба-
ға лау мен мағынасын анықтауда жатыр. Ал В.С. Леднев енгізген «ғылыми 
білім» термині бұрыннан белгілі және ғылыми мамандарды өзіндік іздену, 
аспирантура, докторантура, әдіснамалық мәдениетті көтеру және ғылымда 
жұмыс істейтіндердің ғылыми біліктілігін арттыруды білдірді.
Зерттеудің түсініктік аппараты:
– зерттелетін үдерістің құрылымын және оны тұтас етіп көрсететін 
түсініктерді, сонымен қатар оның компоненттерін немесе зерттеу аспек ті-
лерін (түсініктік матрица) нақтылау;
– түсініктің мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілетін терминдер 
арқылы терминологиялық мәнін, негіздемелерін анықтау;
– категорияларды ажырату (негізгі, базалық түсініктер), категориялық-
түсініктік жүйені құру.
Түсініктік жүйе элементтерінің тереңдік дәрежесі және онымен зерт те-
лі нетін үрдістер мен құбылыстар кескінінің біртұтастығының өзара байла-
нысын ашу міндет.
Зерттеудің тұғырнамалық кешенін қалыптастырудағы келесі бір ма ңыз-
ды қадам – оның ұғымдық аппаратын анықтау. Зерттеуші ұғымдық аппарат-
ты анықтау үшін ғылыми танымда маңызды саналатын термин, дефиниция, 
ұғым, категория сөздерін білуі және мағынасын түсінуі қажет. Зерттеуші 
педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгерген болуы керек. 
Ұғым – таным үдерісіндегі шынайы әлемді қабылдау формасы. Ғы-
лымда ұғым бірден бекітілмейді. Шынайы нақтылықты қайта ойлау мен 
эм пирикалық іс тәжірибенің нәтижесі ретінде пайда болатын ұғым белгілі 
бір ғылымның бөлігіне айналады. 
Термин – ғылымның нақты бір бағытта даму шеңберінде өзге ұғым-
дар мен арақатынасын ашуға негізделген ұғымдардың, сөздің, сөз тір-
кес терінің және арнайы белгілердің көмегімен белгіленеді. Ғылыми тер-
ми нологияға белгілі бір реттілік тән. Жинақталған білім қоры негізінде 
ғалымдар педагогиканың ғылыми терминологиясының барлық жүйесі 
ұғым дық блоктарды құрайтын өзара байланысты терминдерден тұрады деп 
тұжырымдайды.


151
2.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-түсініктік алаңы
Қазіргі кезде «ұғымды» ғылыми категория ретінде қарастыруға бола-
тын бірыңғай түсінік жоқ болғандықтан, оны:
– пәннің болмысын көрсететін, зерттеу пәнін танудағы зерттеуші ап-
паратты, ғылыми зерттеуді қорыту құралы ретінде;
– педагогикалық құбылысты белгілер жүйесі ретінде, нақты грам ма-
ти калық ойлауды қалыптастыру тәсілі ретінде;
– өзіндік дамуы мен қарама-қайшылықтағы педагогикалық үдерістер 
мен құбылыстарға тән байланыстар мен қатынастарды, қасиеттерді көр се-
те тін ойлау түрі ретінде;
– кей топтардың өздеріне тән жалпы белгілері негізінде педагогикалық 
құбылыстарды жалпылап, бөлетін ой (ой жүйесі) ретінде;
– жалпы сипаттарға орай қамтылатын педагогикалық құбылыстар 
мен үдерістердің жинақы көрінісі ретінде;
– педагогикалық ойлаудың даму сатысын педагогтің ғылыми-зерттеу 
мәдениетінің бір бөлігі және педагогика ғылымының дамуындағы шешуші 
кезең ретінде қабылдаған жөн.
Толықтырылатын бұл тізімнен ұғымның педагогикалық объектінің 
(құбылыс, үдеріс немесе жүйе) табиғатын ашатын, өзінде даму мүмкіндігі 
бар құбылыс екенін аңғаруға болады. Сондықтан педагогикалық ғылым 
терминологиясының ұғымдық аппараттың дамуы есебінен толықтырылып 
отырылуы кездейсоқтық емес.
Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері
бойынша педагогикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің 
бөлінген тобының сөз арқылы берілетін педагогикалық әрекетті көрсету 
үдерісінің нәтижесі. Педагогикалық термин – педагогика ғылымында пе-
дагог-зерттеушілер тарапынан қабылданған және заңдастырылған қандай 
да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі. Педагогикалық 
де финиция– педагогикалық феноменнің оған сәйкес мағынасын ашып, зат-
тай және айрықша белгілерін сипаттайтын болжам. Педагогикалық фе но-
менді түрлі теориялық-тұғырнамалық тұрғыдан зерттеуге байланысты бір 
педагогикалық терминге түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кез келген 
ғылымның даму үдерісінде белгілі бір ғылымдағы өзге ұғымдарға негіз, бас- 
тау болар, «түбір» ұғымдарға айналатын ұғымдар бірігіп, ғылым категория-
ларына айналады. Бұл ретте педагогикада да дәл сол құбылыс орын алады.
Педагогика ғылымының дамуы педагогика пәні мен педагогикалық 
теорияның ғана емес, сондай-ақ педагогикалық іс-әрекетті жан-жақты тү-
сі нуді тереңдететін, байыта түсетін категориялық-ұғымдық аппараттың 
жа ңартылуымен қамтамасыз етіледі. Педагогикалық терминология гума ни-
тарлық терминдік жүйеге жатады. Педагогикалық терминологияның өзге-
ше лігі ғылым ретінде педагогика пәнімен және педагогикалық зерттеулер 
нәтижелерінің әлеуметтік мәнімен байланысты болып келеді. Сондықтан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет