Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Педагогикалық зерттеудің мәселесі және оның типологиясы» тақырыбында кесте
құрастырыңыз.
2. Мына тақырыптардағы зерттеулердің қарама-қайшылықтарының құрастырылу
қисынын түсіндіріңіз:
3. «Жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін даярлаудың тео-
риясы мен практикасы» (С.С. Маусымбаев);
4. «Болашақ мұғалімнің деонтеологиялық даярлығын қалыптастыру» (Қ.М. Кертаева);
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
130
5. «Қазақстан Республикасының классикалық университеттерінде студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмысының үздіксіз жүйесінің дамуы» (Ә.М. Құдайбергенова).
6. М.Т. Громкованың дәлелдеуінше, 1) «зерттеудің көкейкестілігінің мазмұнында
зерт телетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау және 2) сәйкессіздіктердің дә ре-
жесін көрсету (қайшылық, мәселе, қақтығыс, даудамай, апат) кіреді» деген пікірін
қол дайсыз ба? Жауабыңызды негіздеңіз.
7. Мәселе және мәселелік жағдаят дегеніміз не?
8. Нақты мәселе қандай өлшемдермен бағаланады?
9. Мына матрицаның көмегімен өз зерттеуіңіздің тақырыбының таңдалуының дұрыс-
тығын тексеріңіз:
– тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі;
– тақырыптың әлеуметтік сұранысты жүзеге асыруға бағыттылығы, яғни өзектілігі;
– тақырыптың құрылымында мәселенің орын алуы;
– тақырыпта зерттеу нысаны мен пәнінің анықтығы;
– тақырыптың түпкі нәтижеге мақсатты бағытталуы.
2.2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нысаны мен пәні
Ғылыми аппарат құрылымына дидактикалық зерттеудің сипаттамасы
ретінде оның нысаны мен пәні енеді.
Зерттеу нысаны – адамның әлеуметтік субъект ретіндегі объективті
және теориялық әрекетінің бөлігі. Зерттеу пәні анық бір мақсатпен бел гі лі
жағдайдағы зерттеу үдерісінде нысанның адамға қатысты жанама қа сиет-
терінің жиынтығы мен нысанның байланысын зерттеудің элементі болып
табылады. Соңғы нәтижеге жету жолдары зерттеудің негізгі пәніне жататын
нақты пайда күтілетін, жорамалдап айтылған нұсқаулардан тұрады.
Тақырып нақтыланып құрылымданған соң, зерттеу нысанын таңдау
кезегі келеді. Нысанға педагогикалық үдеріс, педагогикалық болмыстың
бір саласы немесе қайшылықтарымен көрінген қандай да педагогикалық
қа тынас алынуы мүмкін. Танымдық үдеріс баспалдағының бірі – нысан-
ды белгілеу. Зерттеу пәні – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі
зерт теуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте
маңызды сапа-қасиеттері, қырлары.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің маңызды шар-
ты – оның нысаны мен пәнін белгілеп алу, өйткені бұл оның өмірде жа-
са луының көрсеткіші, зерттеушінің нысанның мәнін терең зерттеуі мен
зерттеу үдерісінде алға жылжуының деңгейі. Көбінесе ізденушілер зерттеу
нысанын оның базасымен немесе барлық элементі бұл жұмыста зерттеуді
қажет етпейтін айтарлықтай кең саламен ауыстырып алып жатады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше (В.В. Краевский, С.Я. Виленский),
зерттеудің нысаны мен пәнін тұжырымдау, ғылыми аппараты мен логикасы
белгілі бір жүйеге сәйкес іске асырылады. Зерттеудің нысанын айқындау
131
2.2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нысаны мен пәні
ғылымға педагогикалық шындықтың түрлілігін ескеруге, нақты соңғы нә-
тижеге бағытталуға, нысанның негізгі қырларын бөліп алуға, бірден дұрыс
бағыт алуға көмектеседі. Бұл – зерттеудегі өте маңызды қадам, өйткені
күш-қуатты үнемдеуге, өз ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті сәттеріне ой-
өрісін шоғырландыруға мүмкіндік туады. Сонда нысан зерттеуге қажетті
ақпаратты іздеу көзі, ғылыми ізденіс өрісі ретінде қызмет атқарады.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық
жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалып тас-
тыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – зерттеліп отырған құбылыстың таралу
үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. Нысан мен пәнді
анықтауда педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қиындықтар жиі
туады. Зерттеу объектісін анықтау дегеніміз – зерттеуде ненің қарастыры-
лып жатқанын білу. Дегенмен объекті туралы жаңа білімді барлық қырла ры
және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пә-
нін анықтау қажет, яғни объектінің қалай қарастырылып, ондағы қан дай
қа тынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтер ді
ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән – нысаннан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі не-
месе аспектісі, мысалы «оқулық», «ғылыми негіздеме», «тұлғалық тәжірибе
қалыптастыру» және т.б. Нысанды барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің
жеке иелігінде, оның нысанды өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты
түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті
бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері
мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім
алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни
оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық,
тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық,
гигиеналық және т.б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Та-
ғы мұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қа рас-
тыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен
ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып,
зерттеуші соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік алады [103].
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы студенттер білімін жүйе леу
құралы, екінші бір жұмыста студенттердің ақыл-ойының даму құралы есебінде
қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің
айналасына топтастырылады, нысанды пәнде көрсетілген қы рынан ғана
қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету нысанның ғы лым дағы бар сипатта-
масы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде көрініс табады.
Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам – оның ғылыми
аппаратының кез келген құрамдас бөлігін түсіну арқылы алынатын ғылыми
білімге қатынасын айқындау, мұнда пән жаңа білім алынуға тиісті зерттеу
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
132
нысанының аспектісін көрсететінін естен шығармау керек. Зерттеу ныса-
ны мен пәнін әдіснамалық рефлексия тұрғысынан қарайтын болсақ, зерт-
теу нысанын айқындай отырып, не қарастырылады? деген сұраққа жауап
беру қажет. Ал пән қарастырылатын аспектіні білдіреді, нысанның қалай
зерттелетіні, оның қандай қасиеттері, қызметі мен қандай қатынастары
зерделенетіні туралы түсінік береді. Пәннің дәл анықтамасы ізденушіге
нысан туралы барлық жаңалықты қамтуға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың пайымдауынша, зерттеу пәнінің анықтамасы ғылымда
бар нысанның эмпирикалық сипаттамасы, басқа да зерттеу сипаттамала-
ры туралы барлық мүмкіндіктерді, міндеттерді ескерудің нәтижесі деген
сөз. Мысалы, оқыту барысында оқу материалын өзгерту нысанның пәні:
мектеп оқулығының мазмұнын құрайтын оқу материалын дидактикалық
тиімділік тұрғысынан өзгерту тұғырлары. Нысан бұл жерде: оқу материа-
лын түгелдей өзгерту емес, өзгерту тұғырымен шектеледі; кез келген оқу
материалын емес, оқулықтың мазмұнының құрамдас бөліктерін; белгілі бір
тәсілмен, белгілі бір шеңберде өзгерту туралы.
Ғалымдар ғылыми қызметкерлерге қиындық туғызатын зерттеудің ны-
саны мен пәнін белгілеуге оның құрылымының компоненті ретінде негізгі
талаптар жасақтаған. Зерттеу нысаны мен пәнін толыққанды түсіну үшін
«таным нысаны», «ғылыми пәндер нысаны», «зерттеу нысаны», «зерделеу
нысаны», «таным пәні», «теория пәні» және «ғылым пәні», «пәнді сала»,
«ғылыми пәндер пәні», «зерттеу пәні» және т.б. сияқты түйінді ұғымдардың
анықтамаларына сүйенеміз (11-кесте).
11-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |