1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
78
қайшылығы. Тұжырымды-тұғырнамалық әдістер өзара қатынасы мен бір-
біріне жақын әсерімен сипатталады. Сонымен қатар гуманитарлық ғы-
лым дардың өзінде ішкі ғылыми рефлексия бірден кеңеюде, әлеуметтану
идеялары мен синергетика әдістері қарқынды енгізілуде. Педагогикалық
ақи қаттағы нысандарды қайта құру зерттеулердегі ғылымға негізделген
дәстүрлі және жаңа әдістердің барынша үйлесімділігі, генетикалық бай-
ланыстар әдісі, статистикалық және математикалық, педагогикалық іс тә-
жі рибе мен диагностика тереңдеген сайын, соғұрлым түсіндірмелік және
интерпретациялық әдіс қолданылады.
Зерттеу әдісінде бастапқы қағида, бастапқы ұстаным шартты түр де
қолда бар жабдықты төрт макро-әдіс және осыған сәйкес отыз мик ро тұ-
ғыр намалық әдіске топтастырады. Көрсетілген тұғырнамалық әдіс барлық
ғылымдар үшін ортақ болып келеді. Бұл саладағы жинақталған теориялық
қағидаларды ескере отырып, тұғырларды төрт макротұғырға және алпыс
микроәдіснамалық тұғырға бөлдік.
Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі.
Тәрбие үде-
рісін зерттеудің әдіснамасын жаңарту қажеттілігі жүйе құраушы тұғыр-
лар ды іздестіруге әкелді. Демек, тәрбиенің ұғымдық-түсініктік аппаратын,
теориясы мен технологиясын, әлеуметтік педагогиканың базалық катего-
рияларын түсіну мен бағалауға жаңаша көзқарас қажет болды.
Тәрбиелік заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын
ала болжауға және ол іске терең мазмұндық әрі әдістемелік мән-бағ дар бе-
руге болады. Тәрбие мәселелерін зерттеу үшін тәрбиенің дүие та ным дық
негіздері туралы түсінік нақтылануда. Тәрбиеде дүниетанымдық көз қа-
растың қызметтері аса зор. Қоғамда және жеке адамда дүниетанымдық ұс-
та нымдардың ауысуының бірнеше себептері бар. Олар: өкіметтік элитаның
ауысуы, екіншіден, дүниетанымдық көзқарастардың өзгеруіне ғылым күшті
әсер етеді. Үшіншіден, халықтық ұлттық және тарихи ерекшеліктері, дәс-
түр лері. Сонымен, дүниетанымдық көзқарас идеяларының негізгі көздері
өкімет, ғылым және халық. Дүниеге көзқарастың ядросы – адамның шығуы,
оның жердегі миссиясы және мәнмәнділіктегі орны туралы идеялар. Бұл
мәңгілік күрделі сұрақты түсіну үшін тәрбиеленуші адамның жауапкерші-
лігі және педагогикалық өзіндік санасы болуы керек. Педагогикалық өзін-
дік сананың құрамына өзін-өзі тану (өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-
өзі реттеу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі өзектендіру) және өзін-өзі бақылау
(өзін-өзі бағалау, өзіндік тиімділік) енеді [181; 182].
ХХ ғасырдың соңында педагогика бірегей ғылыми негіз болып та-
был ған марксистік идеология бұғауынан босанып шықты. Теориялық ой
феноменология, герменевтика, постмодернизм сияқты бағыттармен байы-
ды. Қазір іргелі тәрбие теориялары қалыптасты деп батыл айту қиын. Де-
генмен тәрбие феноменін зерттеуге бағытталған теориялық тұғырларды
79
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
қысқаша талдап көрейік. Өйткені тұғырдың өзі педагогикалық шынайы
болмысты зерттеудің тұжырымдамаларын ұсынып, тәрбиенің қайсыбір
бейнесін ұсынады. Әр тұғырдың өз категориялары, теориялық пайымдау-
лары жеткілікті.
Қазіргі кезде тәрбие теориясында қалыптастырушы (А.И. Кочетов,
Б.Т. Лихачев, Г.М. Филонов), мәдениеттанымдық (О.С. Газман, Ж.Ж. Нау-
рызбай, А.В. Иванов, Н.Б. Крылова), синергетикалық (В.А. Игнатова, З. Жа-
набаев, Б. Мукушев, С.В. Кульневич, Н.М. Таланчук), әлеуметтендірушілік
(В.Г. Бочарова, З.У. Кенесарина, А.Н. Тесленко, М.А. Галагузова, А.В. Муд -
рик), герменевтикалық (А.Ф. Закирова, В.П. Зинченко, Ю.В. Сенько,
К.С. Кудайбергенова), аксиологиялық (В.А. Караковский, И.Б. Котова,
Г.К. Нургалиева, Е.А. Ямбург), антропологиялық (Ш.А. Амонашвили,
Б.М. Бим-Бад), психотерапевтік (В.М. Букатов, Т.А. Стефановская) тұғыр-
лар жеткілікті деңгейде нақтылануда.
Тәрбие жүйесіне және тәрбиелік қатынастарды құруға үш жаһандық
дүниетанымдық жүйе өз әсерін тигізуде. Олар: космоцентризм, теоцен-
тризм және антропоцентризм. Космоцентризм – өте ертеден келе жатқан
дүниетанымдық жүйе. Оның негізіне бастан-ақ Табиғат пен Космосты
ерекше дәріптеу алынған. Космоцентризм адамның, қоғамның және та би-
ғаттың дамуының бірдей заңдылықтарының қызметін көрсететін жа һан-
дық дүниетанымдық жүйе деп танылды. Теоцентризм – бұл әлемді жа-
саушы Құдай, негізін салушы және жаратушы деп ұғынылады. Бұл ілім нің
тұжырымдамалық негіздері – Торада, Библияда және Құранда маз мұн-
далған. Антропоцентризм – әлемдік дүние ортасында Адамды оның би леу-
шісі ретінде қойған жаһандық дүниетанымдық жүйе.
Сонымен, үш дүниетанымдық жүйе тікелей тәрбие жүйелерін анық-
тап, бірімен-бірі ретімен алмасып отырған. Тіпті бүгінгі күні де үшеуі
бел сенді түрде қызмет етуде. Тәрбиелік қатынастарға танымдық табиғат
тән. Бұл қатынастар әдіснамалық деңгейде ғылыми ұғым және тәрбие тә-
жірибесі ретінде негізделген. Өйткені тәрбиелік қатынастар дегеніміз –
ұйымдастырылған таным. Таным олардың мазмұнын анықтайды, ал ұйым-
дас тыру – қатынастарды қалыптастыру ерекшелігі. Тәрбиелік қатынастар –
тәрбиеленуші мен тәрбиелеуші Адамның таным барысында өзара әрекеттің
ерекше қасиеті. Соңғы кезде тәрбиелік қатынастар, тәрбиелік кеңістік,
тәрбиелік үдеріс, тәрбиелік үдерісті жобалау әдіснамалық негіздеу ныса-
нына айналып, қарқынды түрде зерттеулер жүргізілуде [25].
Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметті атқарады, белгілі бір заң ды-
лықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күн-
делікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын, белгілі бір ережелер,
талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.
|