Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет33/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
72
ласында стратегиялық шешімдердің ұжымдық негіздемесіне бағытталған 
әре кеттің басты нормасы ретінде сипаттауды ұсынады [54].
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде тарихи-педагогикалық 
зерттеудің әдіснамалық қағидалары өз көрінісін табуда. Г.Б. Корнетов, 
И.А. Колесникова педагогикалық өркениет пен олардың парадигмалары 
ұстанымы тұрғысынан бұрынғы және қазіргі педагогикалық феномендерді 
қарастыруда өркениеттік тұғырды ұсынады, үш педагогикалық өркениеттің 
(табиғи педагогика, қайта жасалымды-педагогикалық және креативті-пе-
да гогикалық өркениет) және үш педагогикалық парадигманың (ғылыми-
технократиялық, гуманитарлық, эзотерикалық) болуының заңдылығын 
көрсетеді. Г.Б. Корнетовтің пікірі бойынша, өркениеттік тұғыр (өркениетті 
амалдың көзқарасы тұрғысынан тарихи-педагогикалық үдерісті ұғыну ая-
сында) – мақсаттарды, құралдарды, тетіктерді, жағдайларды ұғыну жолы, 
сонымен қатар жалпы адамзаттықтан педагогикалық феноменді сараптау- 
ды қамтамасыз ететін адам табиғатының жүзеге асырылу нәтижелерін 
ұғыну жолы [118].
Осыған сәйкес В.И.Беляев мәдениеттанымдық, аксиологиялық, өрке-
ниеттік, инновациялық тұғырларды ұсынды. В.А. Андреев шығармашыл 
тұлғаны тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеу диалектикасын зерттей 
отырып, тарихилық пен логикалықтың бірлігі, әрекеттік және жеке тұл ға-
лық сияқты тұғырлардың диалектикалық бірлігі қағидаларымен, сонымен 
қатар әдіснамалық қағидалар ретінде жүйелілік, кешендік, тұтастық секілді 
тұғырларды қарастырды. 
Педагогикалық зерттеу барысында гуманитарлық білімнің саласы ре-
тін де педагогиканың әдіснамалық тұғырларына сүйену қажеттілігі туын-
дайды. Бұл қағидалар, 
біріншіден
, оның нақты мәселелерін бөліп шығаруға 
және олардың стратегиялары мен шешу жолдарын анықтауға; 
екіншіден

білім беру мәселелерінің барлық жиынтығын сараптауға және олардың ие-
рархиясын (маңыздылық тәртібін) анықтауға мүмкіндік береді; 
үшіншіден

бұл әдіснамалық қағидалар болжауды жүзеге асыра алады. Бұл пайымдау-
ларды қолдана отырып, зерттеудің педагогика әдіснамасын дамыту, дидак-
тика, ғалым-дидактың ғылыми-зерттеу еңбегінің мәдениеті, педагогикалық 
инноватиканың қалыптасуы және т.б. сияқты негізгі мәселелерін зерттеудің 
әдіснамалық тұғырлары анықталды. 
Педагогтің зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі, біздің ойымыз-
ша, педагогикада және мәдениеттануда әдіснамалық тұғырларды қолдану-
ды талап етеді. Әдіснамалық тұғырларға жүргізілген талдау педагогика мен 
мәдениеттанудағы тұғырлардың жүйесін (жүйелік; тұтастық; кешендік; 
жеке тұлғалық; іс-әрекеттік; тарихилық; антропологиялық, аксиологиялық; 
мәдениеттанымдақ; психологиялық; технологиялық; әлеуметтанулық; өр-
ке ниеттік; инновациялық; типологиялық; компаративтік; акмеологиялық; 


73
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
аксиоматикалық; этнопедагогикалық; этнографиялық; ақпараттық; мәндік; 
болжамдық және т.б.) көрсетеді.
Педагогика мен мәдениеттанудағы әдіснамалық тұғырларға сүйену 
әлеуметтік-педагогикалық құбылыс, жалпы мәдени өрістегі педагогикалық 
әрекет ретінде мұғалімнің зерттеу мәдениетін қарастыруға, білім мен мә-
дениеттің ықпалдасу арнасында педагогиканың фактілері мен құ бы лыс тарын 
зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, қайта жасаушы әрекет, ма те риалдық 
және рухани құндылық ретінде мәдениетті қарастыратын қазіргі ғылым ту-
ралы тезис есепке алынады. Бұл қоғамның барлық мәнді күштерін тәрбиелеу 
мен дамытудың, мақсаты және мазмұнының негізіне алынатынын көрсетеді. 
Міне, осы жерде білім беру мен мәдениеттің жанасу нүктесі бар.
Педагогтің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға қатысты әдіснамалық 
тұғырларды іздеу және айқындау барысында осы саладағы ТМД елдерінің, 
оның ішінде Қазақстан ғалымдарының ұстанымдары басшылыққа алынды. 
Осы мәселеге қатысты әдіснамалық тұғырды мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекетінің ғылыми негізделген басты нормасы ретінде анықтауға болады. 
Ол педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үдерістің жұмыс 
істеуін оңтайландыру мақсатында ізделіп отырған қасиетті қалыптастыруға 
бағытталған. Бұл жерде басты бағдар болып мәдениеттанымдық, аксио ло-
гиялық, синергетикалық және инновациялық тұғырлар болып табылады. 
Ал инновациялық тұғыр педагогикалық қауымдастықты жаңа әлеу меттік-
мәдени жағдайды қабылдау мен ұғынуға бағыттайтын білім пара диг ма сы-
ның ауысуы жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетінің теориясы мен 
практикасын ұғынуға мүмкіндік береді. 
Гуманитарлық ғылым ретінде педагогика әлеуметтік-гуманитарлық 
ғы лымның қалыптасып келе жатқан жаңа парадигмасы мен олардың әдіс-
на масын түсіндіруді талап етеді. 
Ғалымдар жүргізген зерттеулерге жүгінсек, әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдардың жаңа парадигмасын қалыптастыру бағытындағы төмен де гі-
дей негізгі белгілерді ажыратып көрсетуге болады:
– жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жа-
қындасуы, олардың әдіснамалық бағытта бірін-бірі толықтыруы;
– қарама-қарсы тұжырымдық-әдіснамалық бағыттардың өте тығыз 
жақындасуы мен өзара байланысы;
– гуманитарлық ғылымдардың өз ішіндегі ғылыми рефлексияның 
шұғыл артуы;
– әдіснаманы түсіндіретін мәдениет және герменевтика аппарат та-
рының кеңінен енуі; синергетикалық әдістердің әлеуметтік таным идея-
ларына белсенді енуі, осы себепті статистикалық-ықтималдау әдістерінің 
көбірек қолданылуы; әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасын құрудың 
тиімді жолы – барлық және кез келген әдіснамалық бағыттың тұтас бірлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет