65
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігі мен мазмұнын ашу-
да педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея»,
«логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. Осы ұғым дар ды
салыстыруға көптеген педагогтар жүгінді. Алайда бүгінгі күні атал ған ұғым -
дардың «әдіснама» түбірлес түсінігімен өзара байланыс сипа тын ай қындау
ғана емес, олардың педагогикалық зерттеулердегі немесе жо ба лау лардағы
әдіснамалық бағдар болудағы орнын нақтылау маңызды.
Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тұғыр» деген ұғым (сөз тіркесі)
кездеседі. «Тұғыр» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын нақтылы
тәсілі, элементі ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл ғылыми-педагогикалық
қызметтің, қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Егер «әдіс»
ұғымы ғылыми-педагогикалық әрекет тәсілдерінің жиынтығын білдірсе,
«әдіснамалық тұғыр» ұғымы аталмыш тұғырдың зерттеушінің ғылыми-
педагогикалық әрекетінің бүкіл кезеңінде пайдаланылатынын білдіреді.
Зерттеу тұғырларының жиынтығы, олардың қолдану дәйектілігі мен ло-
гикасын, педагогикалық зерттеуді жүргізу технологиясын анықтайды.
Бір қарағанда, «технология» ұғымы әдіснамаға жатады, өйткені техно ло-
гия ғылыми-педагогикалық әрекеттің басынан аяғына дейін оның сипа-
тын анықтайды және әдістер мен зерттеу тәсілдерін таңдау үшін нұсқау
жа сайды. Ғалым А.Ю. Кармаев Ресейдің ұлттық ұланының әскери қыз-
мет шілерін тәрбиелеуде сендіру әдісін жүзеге асыру мәселесін зерттеуде
жүйелілік, синергетикалық, іс-әрекеттік, тұлғалық, мәдениеттанымдық,
аксио логиялық, акмеологиялық, антропологиялық, тұтастық тұғырларын
қол дану тәжірибесімен бөлісіп, әрбір тұғырдың әлеуетін негізгі ұғымдар,
үстанымдар, әдістер арқылы сипаттағаны 2-кестеде берілген [100, 266-271].
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: