Әдіснамалық білімнің деңгейлері



Дата14.03.2020
өлшемі224,5 Kb.
#60117
Байланысты:
Зерттеу құрылымы Гипотеза
РИМА ертегі


Әдіснамалық білімнің деңгейлері



Философиялық әдіснама

Жалпы ғылыми әдіснама

Нақты ғылыми әдіснама

Технологиялық әдіснама

-таным принциптері;

-ғылымның категориялық құрылысы



-жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырымдамалар

-белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы

-зерттеу әдісі мен техникасы, яғыни дұрыс эмперикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы



Гипотеза және оның түрлері

  1. Гипотеза және оның түрлері.

  2. Гипотезаның белгілері.

  3. Ғалымдардың гипотезаны жіктеуі.


1. Кәсіби-ғылыми және оқу-ғылыми зерттеу жүргізудегі әдіснамалық рефлексияның ең маңызды элементі, сөзсіз, гипотеза болып табылады. Ол лингвистикалық, логикалық, философиялық, ғылымтану және педагогикалық позицияларда қарастырылады.

Ғылымтануда гипотеза деп растығы дәлелденбеген кез-келген болжамды айтады. Ол жаңа құбылыстар мен фактілерді түсіндіру мен болжау үшін, жаңа факті мен ескі теориялық білім арасындағы қайшылықты жою үшін керек1. Бұл анықтама болжамның түсіндіру сыртында болжалдық қызмет атқаратынын көрсетеді. Гипотезаның кең және тар мағынасы бар. Кең мағынасында гипотеза – кез-келген құбылыс туралы жорамал, зерттеліп жатқан құбылыстың қысқаша резюмесі, олардың байланысын сипаттайтын жалпы форманың түсіндірмесі болып табылады. Тар мағынасында гипотеза – фактілерді зерттеу шеңберінен тысқа шығып, оларды түсіндіретін, ғылыми фактіні болжайтын ғылыми теория2.

Психологияда гипотеза – зерттеліп жатқан құбылыс, процесс, фактінің табиғатына және ондағы қайшылықтарды шешудің мүмкін жолдары.

Гипотеза алдын-ала болжау мен жорамалға ұқсас болғанымен, екеуі екі түрлі: болжау (прогнозирование) – педагогикалық құбылыс пен процестердің даму перспективасын анықтаудың пән етіп алған арнайы педагогикалық зерттеу. Гиптозаны жорамалмен (предположение) де шатастыруға болмайды. Себебі, кез-келген гипотеза жорамал болып табылады, ал кез-келген жорамал – гипотеза емес (Г.Х. Валеев). Көбіне гипотеза деп зерттеліп жатқан пәнді түсіндіретін тұтас білім жүйесін емес, оның бір маңызды тұсын – жорамал жасауды айтады. П.В. Копнин бұл пікірмен келіспей, «бұлай болғанда гипотеза – ойдың жүру процесі емес, дайын нәтижесін бір бөлігі ғана болып қалады» деп санайды. Гипотезаның іргетасы жормалға негіз болатын дәлелді пайым болып табылады. Басқаша айтқанда, гипотеза – жорамал арқылы біріктірілген түрлі пайымнан құрылған ғылыми білім жүйесі.

Сөйтіп, алдын-ала болжау (предсказание) мен болжау (прогнозирование) – арнайы психологиялық зерттеудің түрлері болып табылады, жорамал (предположение) – осындай зерттеудің бір нәтижесі.

2. Гипотезаның белгілері (параметрлері):


  • жалпылық (бірнеше нысанды қамтиды);

  • күрделілік (гипотезаға енетін факторлардың оптимумы);

  • спецификалылығы (гипотеза құрлымына енетін әр фактордың әртүрлі мағына көрсетуі);

  • шарттылығы (детерминированность) (әралуан бақылау нәтижелеріне негіделетіндігі);

  • фальсификациялылығы мен тексерілетіндігі (белгісіздік шекарасының белгіленетіндігі);

  • коммуникативтілігі (жинақталған білім, ережелермен байланыс орнататынуы);

  • болжанатындығы (жинақалған фактілер мен мәліметтердің негізінде);

  • өнімділігі мен тұрақтылығы (гипотеза объективтілігі мен дәлелділігінің өлшемдері).

Кейбір авторлар гипотезаның параметрлері (белгілері) деп оған қатысты талаптар: ғылымилық, тексерілетіндігі, жинақталған ғылыми біліммен сәйкестігі, түсіндірушілік және болжамдық қуатын, логикалық табиғатын, концептуалдылығын, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын айтады.

Педагогикалық гипотезаның құрлымы жөнінде Г.И. Рузавин пікірін көпшілік мойындайды. Ол гипотезаның құрлымынан екі құрлымдық-логикалық элементті бөліп көрсетті:


  1. Дедукциялық әдіс арқылы жалпы эмпирикалық және теориялық пайым түрінде көрінетін негіздеме (алғышарт);

  2. Алғышарт нәтижесі емес, оны белгілі бір ықтималдылық деңгейінде дәлелдейтін, оның ықтимал қорытындысы.


3. Логикалық құрлымы жағынан гипотеза шындыққа жақын ойтүйінге ұқсайды. Гипотезаның негіздеу мен қорытындылау арасында релеванттық логикалық қатынас бар, ол бойынша белгілі бір гипоотезаға қатысты фактілер мен дәлелдер белгілі бір деңгейде қорытындыны дәледейді.

Гипотеза объектінің құрлымы, олардың арасындағы байланыс, бір құбылыстың екіншісіне негізделетіндігі, белгілері мен параметрлері туралы пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Гипотезаның логикалық формасы белгілі бір алғышартты растайтын немесе терістейтін категорияның ойтүйін сызбасы бойынша құрылады. Бұл тұрғыда, гипотеза – жинақталған білімнің логикалық қажеттілік бойынша жалғасатын, алайда оның шеңберінен шығып жататын, әрі сол проблеманың өзгеше қойылу пішіні болып табылады.

Гипотезаның порцессуалдық формасы зерттеу жұмысындағы идеяның жүзеге асу, әрі практикалық шешімге апару алгоритмі ретінде құрылады, сөйтіп ол бойынша дамуының ішкі логикасын белгілейді.

В.М. Полонский қызметіне қарай гипотезаны: сипаттаушы, түсіндіруші, бағыттадған және бағытталмаған, индукциялық және дедукциялық деп бөлген.
Г.Х. Валеева: жұмыс, жеке, нұсқалар (версии) және реалды гипотеза деп бөлген. Жұмыс гипотеза – эксперимент кезінде дәл сол уақытта қолдануға жарамды түсіндірмелердің бірі ретінде қарастырылса, жеке гипотеза – жекелеген фактілер мен құбылыстың себебін жорамалдау, нұсқа гипотеза – қандай да бір факті немесе оқиғаның бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше түсіндірмесі. Реалды гипотеза – сенімді теорияға айналуыға үмітті гипотеза.

Гипотезаны құру тәсіліне қарай автор оны:



  • күрделі – көпаспектілі құрлымы бар;

  • қарапайым: а) сипаттаушы – құбылыс, олардың фактімен байланыс жөніндегі жағын резюме;

б) түсіндіруші – белгілі бір фактінің өмір сүру салдары мен олардың өмір сүру шарты.

Зерттеу кезеңдеріне сай А. Кочетов гипотезаны 6-ға бөледі:



  1. Нөлдік (Зерттеу пәні мен нысанындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың бастапқы түсіндірмесі);

  2. Сипаттаушы (алынған бастапқы мәліметтер негізінде процесс немесе құбылыс құрлымын түсіндіреді)

  3. Түсіндіруші (себеп-салдарлық байланыстардың эмпирикалық тексерілуін талап етеді, «егер..., онда...» моделі бойынша құрылады);

  4. Негізгі жұмыс (базистік экспериментті анықтайды, нысанның өмір сүруі мен өзгеру шарттары жөніндегі болжамға құрылады);

  5. Концептуалдық (ондаған ғалым, оқу орны қатысқан ұжымдық кешенді зерттеулер жағдайында құрылады);

  6. Болжамдық (процесс немесе құбылыстың позитивті дамуының мүмкіндігін ескереді).

Гипотезаны зерттеу процедураларына байланысты: негізгі және негізгі емес (зерттеудің жекелеген міндеттерін шешуге қатысты); бірінші ретті және екінші ретті (бірінші реттік немесе соның орнына жасалатын); құрлымдық (нысанның құрлымы, байланыстары мен қасиеттерін анықтауға бағытталған); функционалдық (белгілі бір тұтастық ішіндегі байланыс пен өзара ықпалды қарастыратын); түсіндірмелік (себеп-салдарлық) деп бөледі.

Функционалдық амал негізінде Н.И. Загузов ГИПОТЕЗАНЫ: зерттеліп отырған құбылыстың себептері мен туындауы мүмкін салдарын сипаттауды көздейтін сипаттамалық гипотеза; көрсетілген себептердің туындауы мүмкін салдарын түсіндіруді көздейтін, сондай-ақ сол салдарлар міндеті түрде туындайтын жағдайларды сипаттайтын, егер мына-мына шарттар (шарты, себебі) орындалса, қарастырылып отырған нысанда мынадай (салдары) өзгерістер болады деп көрсететін түсіндірмелік гипотеза; процесс немесе құбылыстың мүмкін болатын позитивті дамуын, зерттеудің жетекші идеясын практикада қолдану барысында туындауы мүмкін қиынқтықтар мен қауіпті ескеретін болжамдық гипотеза деп бөледі. Алайда олардың мазмұндық-логикалық құрлымы әркелкі болуы мүмкін.

Жасалу кезінде гипотеза әрбірі алдыңғысына негізделген болжамдар жүйесі (болжамдар бұтағы) ретінде тарқатылады. Бұл тұрғыда педагогикалық зерттеудің біртұтас бастапқы гипотезасы зерттеу нысанының болжанған нәтижесінің сипаттамасын да, болжамын да, түсіндірмесін де қамтуы тиіс. Мұндағы бастапқы болжамдар позицияларының бірі сипатталық гипотеза болуы мүмкін. Сипаттамалыққа енетін болжалдық гипотезаның теориялық не практикалық жаңашылдық белгісіне ие болуы керек.

Бастапқы гипотезаның келесі – болжалдық позициясы «егер..., онда...» моделі бойынша құрылады. «егер..., онда...» конструкциясының бөлшектері: алдымен салдары («онда»), сосын сол салдарды тудыруы мүмкін себеп немесе шарты («егер») көрсетіліп алмасып та келуі мүмкін. Болжалдық гипотезада зерттеліп жатқан нысан (себеп) мен нәтиже (салдар) арасындағы себеп-салдарлық байланыс көрініс табуы мүмкін. «Себеп» көбіне қарастырылып жатқан нәтиже себептерінің бірін-бірі толықтыратын педагогикалық шарттарының тізбегі ретінде сипатталады.

Болжалдық гипотезалар: локальдық-оперативтік, тактикалық және стратегиялық деген бірнеше деңгейі болады.

Гипотезаның үшінші позициясы алынған нәтижелердің түсіндірмесін қамтиды және «...болғандықтан» немесе «себебі...» деген себеп-салдарлық шылаулардан құрылған конструкция ретінде құрылуы мүмкін.

Әдіснамалық рефлексияның нысаны ретіндегі гипотезаның құылуындағы кең таралған, көп авторлар еңбегінде көрсетілген типтік қателіктерге тоқталсақ, олар: бастапқы болжамның өздігінен айқын болуы, алынған тақырып пен болжам арасындағы алшақтық (тақырып – «бір басқа», болжам «басқаны қарастыруда»; гипотезаның құрамына зерттеудің әдіснамалық аппаратының басқа элементтерінің фрагменттері қосылып кетуі; гипотезаның толық еместігі).

«Оқушылардың білімін қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің рөлі» деген кандидаттық жұмыстың гипотезасы: «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі неғұрлім жоғары болса, ол оқушылардың бойында соғұрлым терең білім қалыптастырады». Мұнда гипотеза өздігінен белгілі және тексеру мен дәлелдеуді қажет етпейді.

Бұл мысалдан гипотезаның толық еместігін көруге болады, себебі онда қандай да бір болжам бар, алайда оның түсіндірмесі жоқ; бәлкім зерттеуді нысан туралы жаңа білім (мәні, белгілері, жіктемесі, құрлымы) жоқтығынан болар, әлде (ондай білім болса), түсіндірмелік білім теориялық негіздеу немесе эмпирикалық тексеруді қадет етпейтіндігін түсінгендіктен болар, сипаттамалық компонент жоқ, сәйкесінше, ықтималды, болжалдық болып келеді.



Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:

1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.

2. Теориялық: негізігі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.

3. Әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі фундаментальдық деп аталады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері:


  • педагогикалық құбылыстардың сеебептерін, факторын, шарттарын анықтаудың объективтілігі және шарттылығы;

  • педагогикалық құбылыстарға және процестерді зерттеуге тұтастай қарау;

  • құбылыстардың байланысын және басқа құбылыстармен өзара байланысын зерттеу.

Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.

Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, процесс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу процесі, элемент, байланыс, қатынастардың жиынтығы.

Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.

Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері: зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.

Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көрк алатындай болуы керек. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компаненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда, онда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.

Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін филлософияның бір саласы. Ғыылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады.

Зерттеу логикасы:



  1. Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатты, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау.

  2. Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындалуы.

  3. Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттердің тізімін құру.

  4. Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.

  5. Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми терминдерді талдау.

  6. Осы проблеманың практикадағы тәжіріибесін зерттеу.

  7. Анықтайтын материалдар жинау.

  8. Алынған нәтижені талдау және жинақтау және болжам негізінде құру.

  9. Болжамды тексеру әдістемесін құру.

  10. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу пилотный (алдын ала тексеру) және қалыптастыру эксперименті, тәжірибелік жұмыстар.

  11. Бақылау сөздерін жұргізіу

  12. Алынған нәтижені талдау және жалпылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық негіздеу.

  13. Практикалық нұсқауды ұсыну.

  14. Жұмысты безендіру және әдебиетті редакциялау.




1


2



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет