291
9.45,
а
және
б
суреттерінде тәуелсіз қозатын вентильді қозғалтқыш
статорының магнит полюстерінің кілттері мен полярлықтарын қосу
реттілігі келтірілген. Егер
VT
1
және
VT
3
вентильдері қосулы болған
кезде қозғалтқыш роторы 9.45,
а
суретінде көрсетілген қалыпта болса,
онда
VT
2
және
VT
4
вентильдерін қосып,
VT
1
және
VT
3
вентильдерін
өшіргеннен кейін ротор сағат тілінің қозғалу бағытына қарсы π
/2
бұрышына бұрылады және т.б. Кілттерді басқару ротор күйінің
датчигімен жүзеге асырылады. Аталмыш датчик қозғалтқыштың
айналмалы білігіне бекітілген тұрақты магнит болып есептеледі. Бұл
ретте магниттің магнит өрісі шеңбер білігімен осьтес бойлай
орналасқан контактісіз датчиктерде вентильдерді басқару үшін кернеу
импульстарын қоздырады. Контактісіз датчиктер ретінде Холл
датчиктері немесе индукциялық датчиктер пайдаланылады (5.11
-
бөлімшені қараңыз).
Зәкір орамасындағы шықпалардың аз саны вентильді
қозғалтқыштың конструкциясын жеңілдетеді, ал
коллектордың
болмауы оны ауыр жұмыс жағдайларынла қолдануға мүмкіндік
береді. Олардың негізінде сұйық орталарда пайдалануға арналған
арнайы қозғалтқыштар (сорғыштар, сорғылар) дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: