Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет131/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

ЭЛЕКТРМЕХАНИКАЛЫҚ
 
РЕЛЕ
 
 
Электрмеханикалық реле, 
бұдан әрі жай ғана
 
реле, 
өлшеуіш және 
орындаушы
бөліктерден не құрылғылардан тұратын электр аппараты 
болып есептеледі.
Өлшеуіш құрылғыға белгілі бір мәндегі электрлік 
басқару шамасы (ток, кернеу және т.б.) әсер еткен кезде реле іске 
қосылады және оның контактілерді қамтитын орындаушы құрылғысы 
жоғары қуатты ажыратқыштардың электр жетектерін іске қосатын 
жедел токтағы көмекші тізбектің коммутациясын жүргізеді. 

Релені коммутациялайтын токтар әдетте жүздеген вольтқа дейінгі 
кернеулерде 5 А
-
дан аспайды. Сондықтан реле контактілерінің жұмыс 


295
жағдайлары жеңіл, ал оның жұмыс сипаттамалары өлшеуіш 
құрылғымен анықталады. 
Реле іске қосылатын электрлік басқару шамасының
мәні 
іске 
қосылу параметрі 
не 
тағайын шама
деп аталады, ал релені түсіру 
қайту параметрі
деп аталады (мысалы, іске қосылу 
І
іск.қ
және қайту 
І
қй
токтары).
Электрлік басқару шамасының сипаты бойынша ток, кернеу, 
кедергі (ток пен кернеу мәндерінің арасындағы
қатынасты реттейтін) 
және қуат релесі болады. 
Реленің іске қосуын тудыратын электрлік басқару шамасының 
өзгеру сипатына байланысты реле максималды, минималды және 
дифференциалды болып бөлінеді. 
Максималды реле
электрлік басқару шамасының (мысалы, ток) 
мәні тағайын шамамен анықталған мәннен жоғары болған кезде іске 
қосылады. 
Минималды реле
электрлік басқару шамасының (мысалы, кернеу) 
мәні тағайын шамамен анықталған мәннен төмен болған кезде іске 
қосылады

Дифференциалды реле
салыстырылатын аттас екі электрлік 
басқару шамаларының мәндерінің айырымы тағайын шамамен 
анықталған мәндерге жеткен кезде іске қосылады. 
Уақыт релесі
де кеңінен таралған, олар электрлік басқару шамасы 
тағайын шаманың мәніне жеткен кезден бастап контактілер 
тұйықталған кезге дейінгі уақыт ұстамын кең шеңберде реттеу 
мүмкіндігіне ие. Уақыт ұстау құрылғылары ток, кернеу және т.б. 
релесіне кірігуі мүмкін. 
Реленің негізгі параметрлері: 

сезімталдық
— 
электрлік басқару шамасының реленің іске 
қосылуына әкелетін минималды мәні;

қайту коэффициенті 
— 
электрлік басқару шамасының 
реленің түсуіне және іске қосылуына әкелетін мәндерінің 
қатынасы;

тезәрекеттік
— 
электрлік басқару шамасы тағайын 
шамасының мәнінен жеткен кезден бастап контактілердің 
тұйықталған не ажыратылған кезіне дейінгі уақыт аралығы 
(тезәрекетті реле үшін 0,05 с дейін және қалыпты реле үшін 
0,15 с);

коммутацияланатын қуат 
– 
тұйықталған контактілерде 
токтың және ажыратылған контактілерде кернеудің 
максималды мәндерінің көбейтіндісі.


296
10.2-
сурет
Электрмагниттік, оның ішінде поляризацияланған және магниттік 
басқарылатын релелер мен жылу релелері ең кең таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет