Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет80/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

8.4.
 
8.7-c
урет
Қозғалтқыш роторы магнит өрісінің айналу бағытында өрістің 
айналу жиілігіне қарағанда аз жиілікпен айналады. Бұл ретте ротор 
орамасындағы токтар статор орамасындағы токтармен жасалатын 
айналмалы магнит өрісімен өзара әрекеттесіп, үйкеліс күшінің 
тежеуіш моменті мен білікке механикалық жүктемені теңестіретін 
айналу моментін тудырады. 
Генератор режимінде
(s < 0) 
үш фазалық асинхронды машина 
механикалық энергияны электрлік энергияға айналдырады. 
Генератор роторы статордың орамдарындағы токтармен жасалатын 
магнит өрісінің айналу бағытында өрістің айналу жиілігіне 
қарағанда көп жиілікпен айналады.
Электрмагниттік тежеуіш режимінде (s >
1) 
үш фазалық 
асинхронды машинаның роторы статор орамдарында жасалатын 
магнит өрісінің айналу бағытына қарама
-
қарсы бағытта айналады. 
Бұл ретте машинада орамалар мен магниттік сымда гистерезис пен 
құйынды токтарға
біраз энергия таралады. 
Асинхронды машиналар
көбінесе қозғалтқыштар ретінде 
қолданылатындықтан, бұдан әрі олардың жұмысын талдаумен ғана 
шектелеміз
.
АСИНХРОНДЫ МАШИНА СТАТОРЫНЫҢ 
АЙНАЛМАЛЫ МАГНИТ
 
ӨРІСІ
 
Үш фазалық желіге қосылған статор фазалары орамаларының 
токтары қозғалтқышта 
статордың айналмалы магнит өрісін 
қоздырады, ол ротор фазаларының орамаларында ЭҚС 
индуцирлейді. Осы ЭҚК әсерісен туындайтын ротор фазаларының 
орамаларындағы токтар 
ротордың айналмалы магнит өрісін 
қоздырады. Осы өрістердің айналу жиілігі мен бағыты бірдей, бұл 
қозғалтқыштың қорытқы не 
жұмыс, айналмалы магнит өрісін 
негіздейді.
Генератор 
режимі
Қозғалтқыш 
режимі
Электрмагнит
тік тежеуіш 
режимі


209
(8.3)
8.8-
сурет
Ротор тізбегі ажыратылған деп шамалап, статордың айналмалы 
магнит өрісінің сипаттамаларын қарастырайық. Бұл өрістің 
сипаттамалары қозғалтқыш статорында орамалардың геометриялық 
орналасуына байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет