226
Егер статорда екі бөлек орама
–
р
жұбын құрайтын бір орама және рʹ
полюстер жұбын құрайтын екінші орама
орналастырылса,
онда желіге бірінші не
екінші орама қосу арқылы, магнит өрісінің
айналу жиілігін салыстырмалы түрде
өзгерте аламыз:
n
1
/nʹ
1
=
pʹ
/
p
.
Сәйкесінше қозғалтқыш роторының
айналу жиіліктері де өзгешеленеді. Бұл
ретте қозғалтқыш роторының орамасы тиін
дөңгелегі түрінде қысқа тұйықталуы тиіс
(8.3-
сурет,
б
).
Полюс жұптарының санын өзгерту арқылы реттеу магнит
өрісінің айналу жиілігінің секіріс тәрізді өзгеруіне әкеледі, бұл
электр жетегінің механикалық жүйесінің
инерциясына байланысты
өтпелі процеспен қатар жүреді. Осы өтпелі процесті көрнекі етіп
көрсету үшін, асинхронды машинаның екі механикалық
сипаттамасын құрастырамыз
–
р
полюс жұптарындағы және
p' = 2p
жұптарындағы. Қозғалтқыш білігіндегі тежеу моменті магнит
өрісінің жиілігі өзгерген кезде тұрақты болып қалады дейік.
pʹ
полюс жұптарынан
р
жұптарына
өткен кезде
(8.20-
сурет) магнит
өрісінің айналу жиілігі ұлғаяды, қозғалтқыш әуелі іске қосуға жақын
жағдайда болады, ток секірісі орын алады.
р
полюс жұптарынан
pʹ
жұптарына өткен кезде (8.21
-
сурет) магнит өрісінің айналу жиілігі
азаяды, машина әуелі генератор режимінде болады және желіге
энергия бере отырып жұмыс жасайды. Мұндай режим кейде электр
жетегін тез әрі үнемді тежеу үшін пайдаланылады.
Екі бөлек орама төмен қуатты қозғалтқыштардың статорларында
орналастырылады. Жоғары қуатты қозғалтқыштарда әдетте 1:2
қатынасымен полюстер жұптарының әртүрлі санын алу үшін статор
фазалары
орамаларының катушка
топтарын ауыстыру үшін
пайдаланылады.
Әрқайсысы полюстер жұптарының саны 1:2 қатынасында өшіріп
-
қосылатын статордағы екі тәуелсіз орамасы бар асинхронды
қозғалтқыштың айналу жиілігінің төрт сатысы болады, мысалы
3000,
1500, 1000
және
750 ай/мин.
Достарыңызбен бөлісу: