Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қысқа тұйықталған орамалы роторы бар асинхронды



Pdf көрінісі
бет87/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

Қысқа тұйықталған орамалы роторы бар асинхронды 
қозғалтқышты іске қосу
. Көп жағдайда қысқа тұйықталған 
орамалы роторы бар қозғалтқышты тікелей іске қосу қолданылады. 


223
Ол айырғы, магниттік іске қосқыш, контактор не майлы ажыратқыш 
(жоғары кернеулі қозғалтқыш үшін) сияқты электрлік басқару 
аппараттарының көмегімен жүзеге асырылады. Типтік еселік мәні 
5,5-
7 болған кезде іске қосу тогы қозғалтқыш үшін қауіпсіз, бірақ 
желіде
кернеудің азаюына әкеліп, басқа тұтынушылардың 
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан төмен қуатты 
желілерде қуаты 100 кВт
-
қа дейінгі қозғалтқыштарды тікелей іске 
қосуға рұқсат етіледі.
Қысқа тұйықталған орамалы роторы бар асинхронды 
қозғалтқыштарда
ісе қосу тогы үлкен болған жағдайда іске қосу 
моментінің еселігі үлкен болмайтынын назарға алған жөн: 1
-2 (8.13-
сурет).
Іске қосу тоны азайту үшін қозғалтқышты іске қосу кезінде 
статор фазалары орамаларының шықпалары арасындағы кернеуді, 
олармен біртінден
үш фазалық индуктивтілік катушкасын қосу 
немесе оларды үшбұрыш схемасынан жұлдызша схемасына 
ауыстыру арқылы азайтуға болады (6.5
-
бөлімшені қараңыз). Алайда 
бұл ретте сонымен қатар кернеу шаршысына пропорционал 
бастапқы іске қосу моментінің мәні азаяды. Сондықтан мұндай іске 
қосу қуатты шағын (20 кВт дейін) қысқа тұйықталған орамалы 
роторы бар асинхронды қозғалтқыштар үшін ғана қолданылады. 
Қысқа тұйықталған орамалы роторы бар асинхронды 
қозғалтқышты іске қосу жағдайын ротор орамасын қосарлы 
цилиндрлік тор (қосарлы тиін дөңгелегі) түрінде пайдаланған 
жағдайда жақсартуға болады. Мұндай ротордың бірі екіншісінің 
ішіде орналасқан екі торы болады: сыртқы 
– 
іске қосу және ішкі 
– 
жұмыс. Ішкі тордың өзектері мыстан, сыртқы тордың өзектері 
меншікті кедергісі жоғары марганецті жезден жасалады. Сонымен 
қатар, ішкі тор өзегінің көлденең қимасының ауданы үлкенірек 
болады, сондықтан сыртқы тор өзегінің активті кедергісі ішкіге 
қарағанда 4
-
5 есеге жоғары болады. Екі тордың да шет жақтарында 
тұйықтаушы сақиналары болады. 
Торлардың өзектері ойықтың сыртқы және ішкі бөліктерінде 
орналасқан. 
Мұндай орналасу жағдайында сыртқы (ішкі) өзектің сейілу 
өрісінің магниттік сызықтары ауада көп (аз) жол жүреді (8.18
-
сурет, 
а, 1
және 
2
-
сызықтар), сондықтан ротор фазасының сыртқы 
орамасының сейілу индуктивтілігі 
L
сыр.
сей. 
және оның индуктивті 
сейілу кедергісі 
Х
сыр.
сей. 

sfL
сыр.
сей. 
ротор фазасының ішкі орамасы 
үшін аттас 
L
іш.
сей. 
және 
Х
іш.
сей. 
шамаларына қарағанда азырақ 
мәндерге ие, яғни 
Х
сыр.
сей. 
» 
Х
іш. сей.


224
Қозғалтқышты іске қосу уақытының алғашқы кезінде 
(s = 1) 
ротор фазасының ішкі орамасының үлкен индуктивті кедергісі токты 
ішкі тор өзегінен сыртқы тор өзегіне ығыстырады. Бұл ретте 
бастапқы іске қосу моменті ұлғаяды, себебі сыртқы тор өзегінің 
активті кедергісі үлкен болады, бұл фазалық роторлы асинхронды 
қозғалтқышты іске қосу реостатын қосқанға ұқсайды. 
Ротордың айналу жиілігінің ұлғаю шамасына қарай оның 
орамасының фазаларындағы токтардың жиілігі, сәйкесінше, олардың 
индуктивті сейілу жиілігі азаяды. Ротордың айналу жиілігі 
номиналды болған кезде токтардың жиілігі аз болады (2
-
3 Гц), 
сәйкесінше, индуктивті 
Х
іш.сей
және
Х
сыр.сей. 
сейілу кедергілері де аз 
болады; тор өзектерінің арасында токтардың орналасуы олардың 
активті кедергілерінің арақатынасымен анықталады. Сондықтан 
сыртқы тордың өзектеріндегі ток ішік тордың өзектеріндегі токтан аз 
болады, олардың активті және толық кедергілері де бұл жағдайда аз 
болады. 
Қосарлы цилиндрлік тор түріндегі ротор орамасы бар 
қозғалтқыштың 
М
ай 
(
s
) тәуелділігін ротор фазалары орамаларының 
үлкен және кіші активті кедергілері бар екі қозғалтқыштың 
сипаттамаларының қосындысы ретінде қарастыруға болады (8.18
-
сурет, 
б
– 
штрих сызықтар).
Кей конструкцияларда екі тор да ротор ойықтарын тікелей 
балқытылған алюминий құю арқылы дайындалады (8.18
-
сурет, 
в
). 
Бұл ретте алюминий жоғарғы және төменгі торлар өзектерінің 
арасындағы саңылауды толтырып, фасонды қима өзегін жасайды.
а 
в
 
8.18-
сурет


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет