220
Асинхронды қозғалтқыштардың толық емес жүктелуі
–
өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуат коэффициентінің
(cos
φ
)
аз
мәнінің басты себептерінің бірі. Қуат коэффициентін арттырудың
табиғи жолы асинхронды қозғалтқыштарды толығымен жүктеу және
жоғары қуатты қозғалтқыштарды пайдалану болып табылады.
Қозғалтқыштың магниттену тогы оның магниттік тізбегінің басым
бөлігін статор мен ротордың арасындағы ауа саңылауының кедергісі
құрайтын магниттік кедергісіне кері пропорционал. Қозғалтқыштың
номиналды қуаты ұлғайған сайын, ауа саңылауының биіктігі де
ұлғаяды, бірақ салыстырмалы түрде баяу болады. Сондықтан
қозғалтқыштың номиналды қуаты ұлғайған сайын оның қуат
коэффициенті
cos
φ
1
ұлғаяды. Қозғалтқыштың номиналды айналу
жиілігі азайған сайын, оның магниттену тогы және ол қоздыратын
магниттік ағын ұлғаяды, себебі айналу жиілігі аз болған кезде статор
фазасының орамасында индукцияланатын
ЭҚК азаяды. Сәйкесінше,
жай жүрісті қозғалтқыштарда магниттену тогы көбірек, ал қуат
коэффициенті азырақ болады.
Асинхронды қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті оның
білігінің
Р
2
пайдалы қуатының
Р
1
= Р
2
+
Р
тұт
желіден энергия тұтыну
қуатына арақатынасымен анықтайды:
ɳ
= (P
2
/P
1
)100 %,
мұндағы
Р
тұт
—
қозғалтқыштағы барлық шығын түрлерінің қуаты
.
Достарыңызбен бөлісу: