3 тақырып. ЗАМАНАУИ ТУРИЗМНІҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ
Қарастырылатын сұрақтар:
3.1 Заманауи туризмнің ұғымдық аппараты
3.2 Заманауи шарттардағы туризмнің функциялары мен формалары
3.3 Туризм түрлері
3.4 Бағдарламалық туризм
3.5 Туристік маршруттар және олардың типтері
3.1 Заманауи туризмнің ұғымдық аппараты
«Туризм» термині француздың «tour» сөзінен шыққан, ол «серуендеу»
дегенді білдіреді және оны ең алғаш рет 1830 жылы В. Жекмо қолданған.
«Туризм» түсінігін ашуға олар тұрақты өмір сүру немесе қызмет ету орнынан
ауысумен байланысты емес халықтың қозғалу көзқарасы жағынан
жақындады. Туризмнің дамуына арналған халықаралық іс-шараларда
талқыланды Дублин (1950 ж.) мен Лондондағы (1957 ж.) Ресми туристік
ұйымдардың халықаралық одағының жиналысы; БҰҰ халықаралық туризм
мен Римдегі саяхаттар бойынша конференциясы (1963 ж.); 1980 жылы
Манила қ. (Филиппин) өткен және Әлемдік туризм бойынша танымал
Манила декларациясы қабылданған ДСҰ конгрессі).
«Туризм» және «турист» түсініктеріне негізін салушы анықтаманы 1954
жылы БҰҰ берген болатын, оған сәйкес «туризм – бұл денсаулықты
нығайтуға және адамның физикалық дамуына әсер ететін, тұрақты өмір сүру
орнынан бөлек жылжумен байланысты белсенді демалыс», ал «турист –
белгілі бір жергілікті жерге бір түннен артық және бір жылдан кем мерзімге
сапарға шығатын тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: