жандану дәуіріндегі (ХV-XVI ғ.ғ.) дамуы ерекше қызығушылықты танытады,
бұл кезде ол шіркеу енгізген көп ғасырлық шектеулерден кейін адамның
физикалық дамуының құралы ретінде қарастырыла бастады,
батыс-
еуропалық X. Вивес, М. Монтель, Т. Мор, Ф. Рабле, Э. Роттердамский
жорықтарды қолдануға ерекше орын бөле отырып,
жастарды физикалық
тәрбиелеудің ұйымдастырылған процессін енгізудің қажеттілігі туралы
айтты. 1468—1474 ж.ж. Тверь қаласының көпесі Афанасий Никитиннің
өткізу нарығын кеңейту мақсатында «Үш теңізден аралап асу» («Хождение
за три моря») атты өзінің танымал саяхатын жасады.
Ағарту дәуірінде (XVII ғасыр) туризм
адамға тәрбиелік әсер ету
аспаптарының бірі ретінде қарастырылады. Ж.Ж. Руссо, Г. Либли және осы
аралықтың басқа көрнекті өкілдері туристік жорықтарды жас ұрпақты
патриоттық тәрбиелеудің элементі.
2.3 XVIII-XIX ғасырлардағы туристік қызметтің дамуы
XVIII ғ. саяхаттардың
жаңа мақсаттарының пайда болуы, дәлірек
айтқанда табиғаттағы немесе әдемі жерлердегі демалыстар дами бастады.
Ағылшын ақсүйектерінің арасында Альпілердегі қысқы демалыс кең
танымалдылыққа ие
бола бастады, оның нәтижесінде спорттың қысқы
түрлерінің пайда болуына негіз қаланды.
XVIII ғ. екінші жартысынан бастап Франция жаңару орталығына айнала
бастады. Парижге білім алу мақсатында әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі
провинциал француздары мен шетелдіктер тұрақты түрде келе бастады.
XVIII ғ. - XIX ғ. басында еуропалық елдердің
жас адамдарының арасында
танымдық мақсатта және белгілі бір абыройға ие болу үшін Еуропаның ірі
қалалары бойынша «гран-турлар» кең таралды. Өндірістік кәсіпорындардың
дамуы,
индустриаландыру, сонымен бірге «көліктік революция» қазіргі
аралықта жаппай туризмнің пайда болуына алып келді. 1847 жылы Т. Кук
Францияға бірінші шетелдік сапарларды ұйымдастырды. Ауқатты
туристердің арасындағы бұл сапарлардың танымалдылығы 1851
жылдың
өзінде Т. Куктың «Томас Кук және ұлы» атты бірінші коммерциялық
бюроның негізін қалауына, ал 1865 жылы дәулетті
туристердің бірінші
ұйымдастырылған тобын демалуға Швейцарияға шығаруына алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: