бойынша теңдесіз таралуы туристік алмасуларға тартылған елдер мен
мәдениетке, қоғам мен жергілікті мәдениет бірлестіктеріне, азаматтар мен
заманауи адамның жеке-басына айтарлықтай әсер етпей қоймайды.
Туризмнің қазіргі қоғамның дамуына әсері, оның мемлекет өміріндегі
әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да маңыздылығын анықтайды.
Осылайша, туризмнің экономикалық маңызы келесілерге негізделген:
- туризм әлемдік шаруашылық кешеннің алдыңғы қатарлы салаларының
санына кіреді және экономикалық
көрсеткіштер бойынша, ол мұнай өңдеу
саласынан кейінгі екінші орынды, ал жұмыс орындарының саны бойынша ол
бірінші орында;
- өзінің мәні бойынша туризм индустриясы, жұмысбастылық саласы
болып табылады: туризмнің заманауи индустриясы ірі материалдық қорларға
ие және миллиондаған адамдардың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді,
мұндағы туристік қатынаста дамыған елдердің өз күшімен жұмыс істейтін
халықтың 25% тікелей шетел туристеріне қызмет көрсетумен айналысады;
- жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады және жаңа аймақтарды
меңгеру көшбасшысы болып табылады (қазіргі
уақытта әлемдегі әрбір
алтыншы жаңа жұмыс орнын туристік ұйымдар мен қонақ күту индустриясы
ұсынады, бұл шамамен 3 млн. жұмыс орнын құрайды);
- инвестициялардың жылдам өтелімділігімен және жоғары тиімділік
деңгейімен сипатталады (туризмге барлық әлемдік инвестициялардың
шамамаен 10% сәйкес келеді),
- табиғат пен мәдени мұраны қорғаудың тиімді құралы, себебі дәл осы
элементтер оның ресурстық базасының негізін құрайды;
- шаруашылықтың барлық дерлік салаларымен және адам қызметінің
түрлерімен үйлесімді, себебі дәл солардың дифференциалдығы мен
дискреттілігі адамдардың жерлерді ауыстыру
мен танымға қажеттілігін
шақыратын рекреациялық орта әлеуетінің әртүрлілігін қалыптастырады.
Туризмнің екі негізгі функцияны орындайтынын есте сақтау керек:
- біріншісі, мемлекеттік шипажайлар желісін сақтау жолымен
мемлекеттің тұрғындарын сауықтандыруға қатысты; дүлей апаттардан,
әскери жанжалдардан жәбірленген азаматтарды, мемлекеттік қолдауға зәру
болған басқа тұрғындар категорияларын шипажайлық емдеумен
қамтамасыз
ету.
- екіншісі, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келетін жағдайда
ыңғайлы демалыс пен курорттық емдеу саласында елдің дербес бөлігі мен
шетелдік азаматтардың сұранысын қамтамасыз етуден тұрады. Ең алдымен,
бұл емдеу-сауықтыру қызметтері, көрікті апартаменттер және т.б.
Дамыған туристік индустрия жергілікті тұрғындардың жұмыспен
қамтылу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, себебі туризм туристерге
қызмет көрсетумен айналысатын көптеген
қызметкерлер мөлшері бар ең
жұмыс күшін көп кетіретін салалардың бірі болып табылады. Тәжірибе
Основы туризма: учебник / Коллектив авторов под ред. Е. Л. Писаревского. - М.: Федеральное
агентство по туризму, 2014. - 384 с.
көрсеткендей, бір туристі қабылдау мен оған қызмет көрсету 5-7 адамды
жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, ал бұл үлкен дәрежеде жұмыссыздық
секілді құбылысты жеңілдетуге жағдай жасайды.
Осылайша, туризм шетелдік келішулер мен жергілікті тұрғындардың
қажеттіліктерінің
өсуіне
алып
келе
отырып,
қабылдаушы
жақ
тұрғындарының қызығушылықтарына, дүниетанымына
және өмір салтына
әсер етеді. Туристерді қабылдайтын ел туристерге қызмет көрсетудің әр түрлі
саларындағы бәсекелестікті сезінеді және туристік қызметтерді ұсынған
кезде туристік индустрияны қоғамдық дамудың факторларының біріне
айналдыра отырып, клиенттердің өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап
беруге міндетті. Ақыр соңында қабылдаушы жақ тұрғындары мен келетін
туристерде тұтынудың жоғары стандарттары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: