«АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ» АБАЙ. ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР
АНА ТІЛІ (1-СЫНЫП)
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Калиякбарова Мадина Төлеутайқызы
Сабақтың мақсаты
: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Оқушыларға өлеңдегі негізгі идеяны ұғындырып,өз ойын еркін
жеткізуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу,
жаман қасиеттерден жиренуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, өлеңдегі негізгі идеяны суреттеп айтып беру, сұрақтар қою, т.б.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, семантикалық карта, тест парақшалары.
Сабақ барысы
: 1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қонақтармен амандасу. Бір-біріне сәттілік тілеу, тілек айту.
-Күндей күлімде!
-Жұлдыздай жарқыра!
-Гүлдей жайна!
-Шын жүректен тілейміз!
Бағалау парағын тарату, түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Малдың пайдасы» мәтінін 1-2 балаға оқыту.
Жұмбақтар шешу арқылы төрт түлік малға сипаттама беру.
1. Келеді бір жануар,
Үстінде бір тауы бар. (түйе)
«Мен немін?» Ыстық орындық. (жұмбақ шешкен бала түйенің атынан сөйлейді)
2. Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы)
3. Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (сиыр)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Төрт түліктің пірлерін атау.
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
Тыйым сөздер (малға байланысты)
-Жақсы, сендер төрт түлік мал туралы білімдеріңді ортаға салдыңдар.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір қай мезгіл? Көктем.
-Ендеше, жыл мезгілдерін ретімен орналастырайық.
(интербелсенді тақта. 1-слайд)
Қыс күз
жаз көктем
Й А Б А
-Абай деген сөз шықты.
-Бұл есімді бұрын естідік пе? Таныс па?
-Ал, енді тыңдайық.
слайд-2. Абайдың өмірі, шығармашылығы.
слайд-3. «Адам болам десеңіз» өлеңі. (Мұғалім мәнерлеп оқиды, 3-4 балаға оқытады)
флипчарт. 5 асыл іс 5дұшпан
Дәптерге өлеңнен теріп жазу
-Балалар, бізге Алпамыстан хат келіпті. Соны мен сендерге оқып берейін. Тыңдап отырайық. (слайд 4)
-Ал, балалар, Алпамысқа көмектесеміз бе?
(интербелсенді тақтада 1-1леп оқу құралдары-ң суретін шығарып, аттарын атау, сұрақ қою- не?, атын тақтаға жазғызу. Ең
соңында Алпамыстың суретін шығарып сұрақ қою-кім?)
-Ендеше, заттың атын білу үшін Кім? Не? деген сұрақтар қойылады екен.
Оқулықпен жұмыс. 191- жаттығу.
Сергіту сәті (видео)
Топпен жұмыс. «Кім жылдам?»
Әр топқа әріптер тарату. 1топ- Ш, 2топ-Б, 3топ -Қ (1 минутта осы әріптерден кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер
жазу) Жұппен жұмыс. «Семантикалық карта»
Тест сұрақтары. (өздігінен жұмыс)
Постер қорғау. «Мен қандай болуым керек?
Бағалау(парақ бойынша). Смайлик тарату.
Үйге тапсырма беру.
* * * * *
86