қиялын шарықтату және сезімін ояту. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту
деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне
байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік
берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технология стратегияларын ұтымды қолдану оқушылардың
танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратынына көзім жетті. Осыған дәлел ретінде сабақтарымда қолданып
жүрген бірнеше стратегияларды мысалға келтіргім келеді.
«Құбылыстар» тақырыбын ББҮ - Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім.
Сұрақ: - Қандай табиғат құбылыстарын білеміз?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Жаңбыр жауады.
Жел соғады.
Қар жауады.
Тағы қандай табиғат құбылыстары
бар?
Жер сілкіну, су тасқыны, дауыл, сел сияқты
табиғат құбылыстары апат деп аталады .
Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері
ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы:
«Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін
алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.
Не болады?
Дәлел.
Не болды?
Торғайға бір қауіп төніп тұр. Жылан
торғайды жемекші, не бала торғайдың
жұмыртқасын жармақшы.
Торғайдың ащы шырылы құлаққа
тиді. Жаны ашыған торғайлар
жанында жүр.
Торғай тастай ағып жерге топ ете
түсті.
Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:
1) Торғай аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын.
2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? - Жоқ.
3) Бала торғайды құтқарсын ба? - Құтқарсын.
4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті.
5) Бала неге қуанды? - Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды.
Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек
сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі. Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз
ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор
орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын.
Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын
дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.
Мысалы: l.Көбелек.
2. Ақ, қызыл.
3. Ұшады, қонады, ұстап алдым.
4. Гүлге ұқсас
5. Жәндікті.
Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен
бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар.
1. Ақша қар
2. Мамық, ақ жібектей,
3. Себелеп, ұшып жүріп жауады
4. Жайнатады даланы.
5. Қырбық қар – деп құрастырды.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке
жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Мысалы: «Бесік жыры» тақырыбын ББҮ –Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім.
Сұрақ: - Бесік жырында не туралы айтылады?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Анасы баласын ән айтып
уатады.
Ақ бесікке жат бөпем,
әлди-әлди ақ бөпем – дейді.
Неге «Бесік жыры»
деп аталған.
Сәбиін бесікке салып, жақсы көрген сезімін
білдірген.
Өскенде кім болатынын армандаған.
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, эссе жазады.
СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік,
шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.
Достарыңызбен бөлісу: