сынып оқушылары бұған дайын емес, себебі олар екі жақты ойлайды. Алты түрлі жағдайда әңгімелеп айтып беру оқушылар
үшін ауыр. Оқушыларымның жас ерекшелігін ескере отырып менің байқағаным бұл әдісті 4- сыныптан бастап қолдануға
болады. Жаңа технологияларды қолданған кезде жас ерекшелігін ескерген жөн. Содан әр топқа тақырып бойынша постер
қорғауды ұйымдастырдым. Постермен жұмыс жасауда оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әркім өз ойын қосады.
Сабаққа жәй қатысып отырған оқушылардың орындығының артына стикер жапсырып сол арқылы оқушыны постер қорғауға
шақырып отырдым.Постер қорғаған кезде екі немесе үш оқушыдан тақтаға шығып ойын
кезек-кезек дәлелдеп айтуға
тырысты. Бұл кезде оқушылар топ атынан шыққандықтан жауапкершілікті сезінді. Тірек сөздер қолданды (өйткені, себебі,
сондықтан) Қызығушылығын ояту барысында ойындар алдым. «Сөз жаса» бір сөз беріледі оқушылар шапшаң ойлап
бірнеше сөз құрайды. 1, 2, 5, 6 модульдер көрініс табады.
М.Иманжанов. «Таңның атуы» шығармасымен танысу кезінде мәтінді оқушылар іштей оқиды. Содан соң ойларын
жұппен, топпен талқылайды. Тақырыпты пысықтау мақсатында айтыс бөлімін ұйымдастырдым.
Біріншіден оқушылар екі
топ бір-біріңе мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Үшінші топ бұл сұрақтың дұрыс қойылуын және дұрыс жауап беруін
қадағалап отыруын ұйғардым.. Ой қорыту.Бақылаушы топ бағасын береді. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Диалог.(топтық әңгіме) Айтыс бөлімін ұйымдастырудағы себебім оқушылардың тілдік қорын дамыту, тақырыпты талқылау
барысында негізгі ойды анықтау. Оқушылар өздігінен тақырыпты аша білді. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара ісқимыл
жүрді.
Бесінші тезис: «Оқушылардың бір –бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз»
Қорыта айтар болсам сабақта жаңа технологияны енгізерде тапсырманы жас ерекшелігіне сәйкес алу керек. Орта мерзім
жоспарлауда жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың ерекшелігін ескерген жөн.Болашақта оқушыларға тілдік
қорын молайтатын, әңгімені байланыстырып сөйлеуге арналған тапсырмалар беруді ұйымдастырамын.
Достарыңызбен бөлісу: