Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет138/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Сабақтың тақырыбы
: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді.
Білімділік:
«Қараш-Қарақ оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, 
Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату.
Тәрбиелік:
Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, 
қайсарлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, 
өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту.
Түрі:
Қорыту-жинақтау сабағы.
Типі:
Проблемалық оқыту.
Жаңа технология:
Дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Әдіс-тәсілдері, стратегиялар:
проблемалық сұрақтар, іздендіру, баяндау, сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, терме диктант, 
ой шақыру, топтастыру.
Көрнекілігі:
Слайдқа салынған суреттер, сызбалар, бейнефильм, портреттер.
Пәнаралық байланыс:
1.
Қазақстан тарихы: «Т.Рысқұлов»
2.
Әдебиет: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»
3.
Қазақ тілі: Терме диктант.
4.
Кино өнері: «Асуда атылған оқ»
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасы.
Жазушы, ірі суреткер, ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз М.Әуезов жайында айтылған естелік ой-пікірлер туралы ізденіп жазып 
келу.
1.
З.Қабдолов:
«Мұхаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де 
бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Ол ғажайып бүтіндіктің, «сегіз 
қырлы, бір сырлылықтың», Абайша айтқанда «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің» үлгісі болатын.
2.
Ш.Айтматов:
«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет 
тұтып өзіммен бірге қастерлей ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», Бірі – Мұхтар Әуезов».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет