Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері, монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүниесі, психологиясын көрсету. А) Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып-өсіріп, қысы-жазы байдың жылқысының соңында
болды. Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды. (Бұнда Бақтығұл жылқышы, еңбекқор, байдың малайы екенін
көреміз)
Ә) Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып кетсем, таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді шаяды. Түк
алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? (Аш, күдікті, ой үстінде, ұйқы көрмеген
Бақтығұл)
Б) Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау? Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді! Енді сүйенетін кісі
таппай болмас. (Налыған, өмірден әділдік іздеген, қорғансыз жан)
В) Бағымды осымен де бір сынап көрейінші. Қозыбақ ауылының атаған абақтысынан құтқарса, осы құтқарар болар ма?
(Үміттенген, не айтса да көнуге дайын Бақтығұлды көреміз)
Г) Мына сияқты итшілеп жүрген тіршіліктен біздей кісіге өлсек те, түк етпейді екен. (Жау дүние, мейірімсіз тіршілікке
суынған, кегі қайнаған Бақтығұлды көреміз)
Ғ) «Мен бүгін бір бұғы атып келемін». (Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан, сергіп ойнақшыған кейіпкерді көреміз)
ҮІІ. Тіл шеберлігі. Терме диктант. Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның
сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы»
романынан үзіндімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік. Ол
үшін терме диктант жүргіземін. Тақтада сөз тіркестері берілген, сендер ішінен бір бағанға эпитетті, бір бағанға теңеулерді
теріп жазыңдар.
Балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, сотқар бай, арыстандай арысым, қара түн,