Тектіғұл
1.
«Мөлтек сыр».
Сенің ойыңша Әуезов әлемі қандай?
1.
Әуезов шығармаларының мәңгілігін танып, өшпес тарихи мұра екенін білдім.
2.
Мұхтар деген аттың бізге соншама ыстық, қазақ елінің мақтанышына айналған есімге құрметпен қараймыз.
3.
Әуезовтің қиял ойы шексіз терең.
4.
Қазақ әдебиетінің дүниежүзілік аренаға шығуы Әуезов шығармаларының арқасы екенін толық түсініп білдік.
5.
ХХ ғасырдың басында өткен қазақ ауылының айқын картинасын суреттеуші.
6.
Әуезов – ұлы жазушы, ғалым, шешен, зерттеуші.
7.
Әуезов – тілге мейлінше бай жазушы.
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Міне, оқушылар біз бүгінгі сабағымызда осы шығарманың мазмұнына, кейіпкердің іс-
әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне тоқталып, талдау жасадық. Осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтығұлдың
өмірдегі прототипі Рысқұл екенін өткен сабақта айтқан болатынмын.
Прототип – көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Тарихи тұлға
Жылқайдаров Рысқұл – Тұрардың әкесі. Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған
Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Бақтығұлдың
інісі Тектіғұл – Молдабек,
Баласы Сейіт – Тұрар, Қатша – Тұрардың анасы Ізбайша, Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров. Өздерің байқағандай
Рысқұл оқымаған болғанымен көкірегі ояу, еті тірі, пысық, тындырымды адам болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен
ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орын тауып отыр. 6-сыныпта өткен «Тұтқын балада»
Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: