Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет228/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Жансәуле: 
- Ақын біткен көңіл-күй лирикасын айналып өтпеген. Қасым да өлең туралы, өмір туралы өлеңмен сыр шерте
білген. «Ей, Қасым, адасуға хақың бар ма?» - Жандарбек, «Өлең туралы» - Динара, «Домбырамда бір күй бар тартылмаған» - 
Әлия, «Қыз –қызыл гүл бақшадағы» - Әдемі.
Арнұр:
«Атамекен» өлеңінде ақын:
Сүйем сені туған ел – атамекен.
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем, - деп ағынан жарылған екен.
Қасым өмір бойына туған жердің тамаша табиғатын жырлап өтті. Сол табиғаттың 
құлпырған құбылыстарын көргенде Қасым еске түспей тұрмайды. Рауандап атқан «таң-жеңгені», «қанаты қанға малынған 
ақша бұлтты», кешкі шымқай арайды көргенде Қасым еске түседі. «Алыстағы нажағайдың қара түнгі қанаты» 
жарқылдағанда , аспан сатыр-сатұр жарылғанда, дауыл ысқырып соққанда арасында Қасым жүргендей сезіледі. «Сіркіреп
жаңбыр жауғанда ақын жаны ауамызда қалықтап жүзіп жүргендей» болады. «Қарауылға тұрған ай» да, «заңғарда жүзген 
жұлдыз» да «Сарыарқа жақтан ескен жібек қанат самал» да Қасымды еске салады. Тауға шығып, жаңарған кең далаға көз 
жүгіртсек, қатарымызда Қасым тұрғандай әсер аламыз. Қасымның жыр жолдарын оқып отырып, өз көкейіңдегі аңсарды 
табасың. Ендеше ақынның табиғат лирикасына арналған шығармаларымен таныса отырайық. «Туған жер» - Диас, 
«Көкшетау» - Жұлдыз, «Хан тәңірі» - Ақерке.
Жансәуле: 
«Атамекен» әні. Орындайтын 10-кластың «Жігіттер» тобы. 
Жансәуле: 
Соғыс, әрине, өлеңді есік-терезеңді қымтап, жайласып, жайғасып отырып жазатын жер емес. Оның отсыз, оқсыз 
жай күннің өзі асығыс–үсігіс, абыр- сабыр. Бірақ жазатын адамға өлең деген де жазылмас дерт қой, жер таңдамайды,
жағдай іздемейді. Жаныңды жегідей жеп, құрттай талап дегбіріңді қашырып бітеді. Ең бір қиын, қысталаң шақта да, тіпті 
бірер шумақ болса да өз-өзінен экспромт боп құйылады, фрагмент боп түсе қалады, этюд боп елп еткізеді, эпизод боп 
кестесін төгеді... Соның бәрінде ақын мінезі, ақын көзқарасы, ақын психилогиясы көрініс табады. Мейлі, ол өлең көңіл мен
көзді қатар арбайтындай сыланбай-ақ қойсын, жұртты сендірердей шындығы болса, жетіп жатыр. Оның «Әшім» деген 
өлеңін оқып көрейікші: 
Ойбай, мынау
Малғұн фрау!
Неге маған көз қысад?!
Дейді де Әшім 
Сығып жасын
Есіне алып
Өзінің Жәмиласын. 
Ракурсы дұрыс қойылмаған фотоаппарат түсірген суретқой бұл. Кедір –бұдыры, олпы –солпы жері бадырайып –ақ көрініп
тұр. Бірақ осы бір сегіз –ақ жолда қаншама гәп бар. Қанды қасап ішінде жүрсе де адалдығы мен ар –ожданына титтей де
қылау түсірмеген Әшімнің аңғал мінезі мен Жәмиласына деген кіршіксіз махаббаты, серттей берік сенімі жатыр. Ақынның 
соғыс тақырыбындағы өлеңдері: «Үстімде сұр шинелім» - Әйгерім, «Сен – фашиссің, мен қазақпын» - Аяжан, «Достар, 
қайда жүрсіңдер?» - Нұржан, «Біз Отанның солдатымыз» - Ғаламат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет