Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет225/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ
Рахметова Сауле Жанабиловна 
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі 
Қазақ әдебиеті (орыс кластарында)
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашу. 
Міндеті: 
1. Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып,әңгімелерді тақырыптарына қарай 
топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін 
талдайды;
3. Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының 
түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың түрі:
жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі:
«бір айналым сөйлесу», «үш жақты күнделік», бес тармақты жол
«топтастыру», «еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі:
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба – кесте, презентация 
Бағалау:
ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттерімен бағаланады
Сабақ барысы I Ұйымдастыру
1. Сабаққа психологиялық дайындық.
2. Кезекшімен сөйлесу.
3. Күн ретін сұрап, жазғызу
4. Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша 
алған білімдеріңді сарапқа салып, әңгімелерін талдау жасағанда өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға 
толық жауап беріп, сабақта еркін отырыңдар
159


I. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды III топқа бөлу.
«Ой ашар»: - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Ы. Алтынсарин өлеңдерінен үзінділер жаттау. Ы. Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі.
- Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне түсіре қойыңыздар.
(Оқушылар білетіндерін топтасып жазады, әр топтан бір-екі оқушы қорғайды.
- ІІ. Мағынаны ажырату
Жаңа сөздер:
ӘДЕПТІЛІК-вежливость
ЖЕҢІЛДЕТЕЙІН-облегчу
БЕЙШАРА-несчастный
САБЫР-спокойствие
ИІЛУ-склонятся
ҚИСЫҚ-криво
ТАҚСЫР- господин
БАҒУ-ҚАҒУ, КҮТУ-ухаживать
1) Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. 
2) – Балалар, бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен, яғни 
әңгімелерімен » танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Шығармалары қысқа мазмұнға 
құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – 
Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.
3) - Ыбырай шығармаларының тақырыптарын анықтау үшін қазір сіздерге суреттер, сөздер таратамын. Сол суреттер қандай 
тақырыптарға арнап салынған, соны топ болып қорғайсыздар.
(III топқа оқу-білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты 1-топқа- суреттер, 2-топқа- сөздер - Ыбырай 
шығармалары неге үйретеді? - сөздер беріледі, оқушылардан сұралады) 3-топқа- Ыбырайдың әңгімелері: “Қыпшақ 
Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, “Таза бұлақ”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Атымтай Жомарт”, “Асыл шөп”, аударма 
сипатты әңгімелері “Бір уыс мақта”, “Салақтық”, “Бақша ағаштары”, өлеңдері: “Кел,балалар,оқылық!”, “Бұл кім?”, 
“Өзен”,”Жаз”, “Балқожа Бидің баласына жазған хаты”, “Өнер-білім бар жұрттар”.
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары:
Еңбекке баулитын шығармалар
Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
(кесте арқылы түсіндіріледі)
3)- Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары берілген мәтін мазмұндары бойынша кесте 
толтырамыз. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
1 топ -«Әдептілік »
2 топ --«Асыл шөп »
3 топ --«Бақша ағаштары »
А) Оқиды, аударады, талқылайды.
Ә) Мәтін бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.
4) «Үш жақты күнделік» стратегиясы
Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді.
Түйіндеме
Лайықты мақал
(топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)
Б)«Әлемді шарлау» стратегиясы Оқушылардың ойлары тыңдалады, кесте арқылы толықтырылады. Оқушыларға 12 минут 
уақыт беріледі.
В) Етістіктерді тауып, етіс түрлеріне ажырату
5) "Бес тармақты жол" стратегиясы
III. Ой толғаныс
7) - Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір-бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
8) «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет