Шытырманда
( отрывок из романа, «Путь Абая»)
В сокращении
(текст№2)
Абай амалсыз көнді.Байдалы – Абайдаң көп сөйлеспеген кісісі. Кешелер ол да Құнанбаймен араз кісінің бірі еді. Енді
соған жібермек. Әуелі Құлыншаққа жіберді. Ол Құнанбайға өкпелі. Сүйіндік болса, ол да бұрыннан ренішті адам. Кеше
түні бойы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті. Ол әңгімелердің ішінде
талай-талай мәндер жатыр.Сүйіндік те Құлыншақтай өкпелі адам. Ал енді міне, тіпті Бөжеймен тізе қосып, әрдайым
жаулықты мықты ұстап жүрген Байдалыға жібермек. Оның Құнанбайға қарсы арыздығы қатты бекіп қалған тоң сияқты
емес пе еді? Көңілі жібіді ме, қабағы жадырады ма? Абай білмейді.
Енді соған бармақ. “Осы қалай” деп, біраз ойлана түсіп, Абай өз әкесінің ішін түсінгендей болды. Тегі әкесі
өзіне жау адамдарға Абайды әдейі жіберетін болар. “Жау бәрін көрсін, түсін танысын. Тани келе, көре келе, әкесіне
достығы күшейсін” деген болуы керек.
Абай осыны ұқты да, қатты толқып, қиналып ойланды. Шытырман. Бір сәтке Абай өзі көлденең қарап,
шытырман ішіне жалғыз, құралсыз, әлсіз күйде еріксіз кіріп бара жаткан өзін көргендей болды.
Өзін өзі ойша екіге боліп, осылайша көзбен көре жүретін әдет Абайда әр кезде болушы еді
Екі күн өткен соң, Құнанбай Абай мен Қарабасты Байдалыға жіберді. Құлыншақ пен Сүйіндіктей емес Байдалы
бұларға жылы шырай бермейді. Сырты үп үлкен ақшыл үйге Абайлар кіре бергенде ақ, байдалының бір нәрсеге, қатты
ашуланып, айғайлап жатқан үні естілді.
Үй іші әбігер екен. Босағада малшы қатын улкен күбіге іркіт пісіп тұр. Бір жағынан кең қазанда құрт қайнап
жатыр екен. Үй іші ыстық. Дәл Абайлар кіре бергенде, Байдалы бір кішкене қара пұшық қызды май құйрықтан
шапалақпен ұрып жіберді.
Шытырманда
( отрывок из романа, «Путь Абая»)
В сокращении
(текст№3)
Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс
жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап
кеткендей болады. Нағашыларға арналған күтімнің қапасы жоқ, оқшау сый болды.
Астың күндізгі етін осы үйлер түгел жеп болған кежде, Байсал бір үлкен ақбоз атқа мініп, қасына қырық елудей
топ еріп, қолына үлкен биік ағашқа орнатқан қарақшыны алып, атой беріп шықты. Қонақтар атқа мінсін, әзірленсін деген
белгі. Енді бәйге, күрес, ат үсті сауық басталмақ. Астың қалың думан, қызу ордасы қайнады. Әңгіме, дүкен қарақшы
айналасында болады.
Байсалдың хабарын құлақтана салысымен, барлық жұрт аттарына ұмтылды. Жал-құйрығы сүзілген бәйгелер де
киікше басып, ойқастап шықты. Аз уақытта қалың ел ат үстінде әзір болды.
Жиынның Абай тегіс болжай алмады. Ол атқа мінбеген, мінбекші де емес. Өйткені мұның сыбағасына тиген
қонақтар алыс елдің адамдары болғандықтан, бүгін тарамайды. Ендеше кешкі сыйына тағы әзірленіп тұру керек. Сол
себепті Абай мен Ызғұттылар өз шаруасының қарбаласында. Маңындағы жігіттері де тапжылмай, қастарында қалған.
Абай ешқайсысын босатқан жоқ. Тек жалғыз Ербол ғана көптің қызуына елігіп, қастарында қалған.
-Тым құрыса сендерге хабаршы болайын. Не боп жатқанын айтып келейін,- деп тұра жөнеліп, шапқылап кетеді
де, тез оралып келіп, тың хабарлар айтады. Кешеден бері жиылған жұрттың сан мөлшерін білген кісі жоқ еді. Ербол
«талай мың бар екен» деп келді.
Абайдың қонақтары аттарына мініп, белгі күтіп тұрғанында, Байсал ұран салып, қарақшысын аспандата көтнріп, Тезектің
қарашоқысына қарай шапты. Сонын ар жағы кең жазық. Істің бәрі сонда болмақ.
Қарақшы жөнелісімен, соның бетін бағып тұрған барлық топ-топ аттылар да дүркірей шауып, қаптай жөнелді. Абайлар
енді көрді, көлденең өтіп, селдей ағып жатқан халықтың саны ұшқан теңіз екен. Бұл кезде ас үйлерден Ұлжан Айғыздар
156
да шығып, барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап, тарап қалысты.
4)Словарная работа.Запись в тетрадях слов на русском и казахском языках из текста.
5)Выполнение Упр.152 .стр. 89.
Выделите предложения с обобщающими словами при однородных членах.Спишите,вставляя пропущенные буквы
,расставляя знаки препинания . На каждую группу по 2 предложения.
Готовность группы покажите, поднимите сигнальную карточку.
Достарыңызбен бөлісу: |