Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы:
өткен §55. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29 -жаттығу 5-9 есеп.
* * * * *
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Манашова Жанаргүл Қалдымұратқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Пәні
: қазақ тілі,
Класы
: 2 «А» класс
Сабақ тақырыбы:
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Сабақтың мақсаты
: Сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс таба білуді меңгерту.
Міндеттері:
б) Оқушылардың сөйлем және оның түрлері, тыныс белгілері жайында алған білімдерін тиянақтап, сөйлемдегі
сөздердің байланысын табуды ұғындыру.
д) Жаттығулар орындау барысында ауызша сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттерін дамыту.
т) Достыққа, ұқыптылыққа , сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі
: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі
: «Саяхат» сабақ.
Оқытудың әдістері:
іздену, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік:
сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер, мультимедиялық тақта,слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кластың сабақ өтуге дайындығын анықтау.
Психологиялық даярлық:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мына басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Жарайсыңдар, ендеше атқарған істерінді үй тапсырмасын қалай орындағандарыңнан көремін.
ІІ. Өткенге шолу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
-Қыстың белгілерін неде байқаймыз ? (боран, аяз, тұман, қар жауу т. б.)
-Қыс мезгілінің неше айы бар? Қалай аталады? (3 ай: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)
-Қыста қандай ойындарды ойнағанды ұнатасыңдар?(қар атысу, шанамен сырғанау, аққала жасау)
-Өте жақсы, Ендеше, бүгінгі сабақта
«Қыс»
мезгіліне тауға саяхатқа шығып, аққала жасайық. Алдымен автобусқа
мінеміз. Жолда бірнеше аялдамаларға тоқтап, тапсырмалар орындай отырып жетеміз.
-Балалар, аялдамаға жету үшін нені білу керек? (жол ережесін)
-Жолдан өтерде сақ болу керекпіз. Алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарай отырып,арнайы жолақ арқылы
аялдамаға да жеттік.
191
|