САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: АРХИМЕД ЗАҢЫ
Андыбаева Жұпар Асқарқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы:
Архимед заңы.
Мақсаты:
а) білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу;
ә) дамытушылық: оқушыларға Архимед заңы ұғымын дамыту. Оны техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу:
Құралдар
: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, Цифрлы лаборатория бағдарламасы,
электронды динамометр, штатив, динамометр, суы бар ыдыс, Архимед шелегі, жүктер.
Сабақтың түрі
: интерактивті кіріктірілген сабақ.
Пән аралық байланыс
: математика, химия, информатика.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Өткен материалды пысықтау
Сорғылардың құрылысы қалай және ол қалай жұмыс істейді?
Манометр атмосфералық қысымды тура көрсете ала ма?
Шприцтің жұмысы қандай заңға негізделген?
Жаңа сабақ түсіндіру
Архимед Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда
өмір сүрген. Архимед астроном
Фидийдің баласы деген
жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы –
Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың
ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның
математикалық еңбектері
өз заманынан озық болған, бұл
еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу
ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген
математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың
ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар
мен денелердің көлемін
және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды.
Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның
құрамын
анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған
гидростатика заңын (Архимед заңы) ашқан, жер суаратын
механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды,
тас ататын қамал
бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап
шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын”
деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “Эратосфенге жолдаған” хаты 1906 жылы ғана
табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс
Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823 жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “Дөңгелекті өлшеу және леммалар” атты
екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Архимед ашқан жаңалығын түсіну үшін тәжірибе жасап көрейік:
Ол үшін динамометрге жүкті ілеміз нұсқаушы — бағдаршасы бар серіппе де жарайды. Бағдаршаның көрсетуін есте сақтап
жүкті суға түсіреміз (динамометрден ажыратпай). Біз бағдаршаның салмақтың азайғанын көрсеткенін көреміз (1-сурет).
а
б
1-сурет
F
А
=
Р
0
— Р
с сұйық
.
Сондықтан сұйықтың ішіндегі қандай да бір денеге әсер ететін Архимед күшін анықтау үшін, бұл денені ауада және
сұйықта өлшеп, алынған мәндерінің өзгерісін анықтаймыз.
Осыны компьютер арқылы өлшеп көрейік. (цифлы динамометрмен)
Міне осы Архимед (кері итеруші) күші болып табылады.
Егер суға
ауа толтырылған допты батырып, жіберіп қалсақ, онда ол доптың сол сәтте қалқып шығатынын көреміз.
Тығынмен де, ағаш бөлігімен де осы құбылыс байқалады. Олардың қалқып шығуына не әсер етіп отыр?
а
б
2-сурет
Суға батырылған денеге түсірілген барлық күшті бір (тең әсерлі) күшпен ауыстырамыз. Бұл күш жоғары бағытталған, оны
кері
Достарыңызбен бөлісу: